Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық-Әдіснамалық негіздері


Бұйрық кітаптарын жүргізуге қойылатын талаптар



бет30/72
Дата02.06.2023
өлшемі1 Mb.
#98272
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1 Б лім білім берудегі менеджментті теориялы 1

4. Бұйрық кітаптарын жүргізуге қойылатын талаптар. Жалпы білім беретін мектепті басқару деңгейін көтеру мектепішілік құжаттарды дұрыс жүргізуге тікелей байланысты. Мектептің оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау, оқу-педагогикалық есеп беру, мектептің іс қағаздарын жүргізу мектептің өзіне жүктелген міндеттерді атқаруы және оның қызметінің нәтижесі арнайы құжаттарда жазылады. Мектептің оқу-тәрбие жұмыстарының сандық және сапалық жағдайының сипаттамасы мектеп құжаттарының мазмұнымен айқындалады. Ол білім беру ұйымдарындағы мектепішілік құжаттарды толтыру, ресімдеу, мектептің іс қағаздарын жүргізу тәртібінің біртұтас талабын белгілейді.
Мектептің оқу-педагогикалық құжаттары мыналар: бұйрықтар, мектептің педагогикалық кеңесінің хаттамалары, педагогикалық қызметкерлердің жеке құрамын есепке алу, оқушыларды жазатын алфавитттік кітаптары, оқушылардың жеке іс қағаздарын, сынып, факультативтік сабақ, босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу, мектепалды сыныбы журналдары, оқушылардың үлгерімі туралы табелдерді есепке алу, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлікті және бланкілерді есепке алу, жалпы орта білім туралы аттестаттарды беру және бланкілерді есепке алу, «Жекелеген пәндерді оқып-үйренудегі ерекше табыстары үшін» мақтау грамотасы және «Үздік табыстары үшін» мақтау қағазын беруді есепке алу кітаптары.
Бұл құжаттардың әрқайсысына белгілі бір талаптар қойылады. Мектепішілік құжаттар уақтылы, анық, түсінікті, енгізілген мәліметтер, сенімсіздік тудырмайтындай, өшірілмей толтырылуы тиіс. Кез келген құжатты сақтау мерзімі белгіленеді, мысалы, тұрақты сақталатын құжаттар – ТСҚ; уақытша сақталатын құжаттар – УСҚ-3 (сақтау мерзімі 3 жыл).
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі (13 қаңтар 2003 жыл, №19) бекіткен «Жалпы білім беретін мектептерде мектепішілік құжаттамасын жүргізу» жөніндегі нұсқаулықты басшшылыққа ала отырып, мектепті басқарудағы мектеп құжаттарынын негізгілерінің бірі ретінде бұйрық пен оқушылардың жеке іс қағазы, сынып журналына қойылатын талаптар ашып көрсетіледі. Бұйрық мектеп алдында тұрған негізгі және жедел мәселелерді шешу жөнінде мектеп басшысы (директор) шығаратын құқықтық құжат. Мектептерде негізгі қызмет, жеке құрам бойынша және оқушылар қозғалысына байланысты бұйрықтар шығарылады. Бұйрықтар төмендегі реквизиттері бар тиісті бланкілерде ресімделеді: құжаттың аты, күні, бұйрықтың нөмірі, шығарылу орны, тақырыбы, мәтіні, құжатқа қол қоюға өкілетті адамның қолы, келісу. Бұйрық кітабының беттері нөмірленіп, баяу өткізіліп мектеп директорының қолы және мөрімен бекітіледі. Мектеп бойынша бұйрық кітабы ең кемі үш қызметкері бар жалпы білім беретін мектептерде жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет