Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық-Әдіснамалық негіздері


Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару



бет54/72
Дата02.06.2023
өлшемі1 Mb.
#98272
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1 Б лім білім берудегі менеджментті теориялы 1

3.3 Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару


Жоспар:
1. Қақтығыс – әлеуметтік-қоғамдық құбылыс.
2.Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстардың түрлері мен ерекшеліктері, нысанның элементтері мен субъектілері.
3. Педагогикалық ұжымдағы қақтығысты басқару ерекшеліктері мен қиыншылықтары.
4.Тұлғааралық қарым-қатынастағы қақтығыс үстемдігі сипаттамасының себептері.
5. Алдын-ала қақтығыс жағдайларын болжау және рұқсат беру.
Негізгі ұғымдар: қақтығыс, қақтығысты басқару, қақтығысты басқаруға дайындық.


1. Қақтығыс – әлеуметтік-қоғамдық құбылыс. «Конфликт» сөзі «conflictus» латын тілінен енген, тікелей мағынасы қарама-қарсы бағытталған мақсаттардың, қызығушылықтардың, ұстанымдардың, ой-пікірлердің қақтығысы. Екі не одан да көп индивидтің немесе топтың, қарама-қарсы жақтың белгілі бір мақсатқа жетуіне, қызығушылығының қанағаттандырылуына әдейі бөгет жасауы немесе оның көзқарасын, әлеуметтік ұстанымын өзгерту үдерісі.
Қақтығыстың негізгі құрылымдық элементтері: - жақтары, қақтығыс жағдайында болатын әлеуметтік өзара әрекеттесетін субьектілер (қатысушылар); заты, қақтығыс тудыратын нәрселер, атап айтқанда, нақты материалдық және рухани қорлар, қанағаттандырылмаған қажеттіліктер, тілектер, қызығушылықтар (оның не үшін пайда болғанын көрсетеді); мотиві – қатысушыны қақтығысқа итермелейтін ішкі қоздырғыш күш; түсушілердің ұстанымы – кикілжің барысында бір-біріне айтылатын жағдай.
Қақтығыстың пайда болуына септігін тигізетін конфликтоген деп аталатын - сөз, әрекет (шарасыздық) негізгі рөл атқарады. Көбінесе тұлғаралық қатынас реалистік не реалистік емес және конструктивті және деструктивті болуы мүмкін.
Реалистік қақтығыстың мақсаты – материалды және материалды емес, нақты нәтижеге жету. Мұндай қақтығыс конструктивті және деструктивті бағытта дамиды. Затсыз қақтығыстың міндеті шиеленісті жою, өзіндік бәсеңдету болып табылады. Егер конфликт өзара қарым-қатынасты дамытуда дәлелденген шешімді қабылдауға мүмкіндік туғызса, ол конструктивті қақтығыс деп саналады. Конструктивті қатығыстың ерекшелігі ол әңгімелесушілерде ұрыс-керістің затына бағытты сақтайды, және олар бірлескен іс-әрекеттің мақсаты мен құралын саналы түсінеді. Өзінің және серіктесінің жағдайын, өзара мүмкіндігін бағалайды. Олардың әртүрлі пікірде болуы бір-бірімен қатынаста өзара қанағаттанбаушылықты көрсетеді.
Тиімді өзара әрекеттестік пен шешімді қабылдауға кедергі келтіретін қатығыс деструктивті деп аталады. Олар серіктестердің бір-бірімен өзара әрекеттестігіне қанағаттанбаған жағдайда туындайды. Онда нәтижесі белгілі бір «сын тұрғысынан» және бағынбаушылықтан көрінеді. Ол серіктестің өзінің мүмкіндігін көрсетуге талпынуда оппоненттердің біреуінің екіншісін психологиялық жағынан басып тастауға, оны басқа адамдардың көзінше кемсітуге дискредитация жасағанда көрінеді. Әдетте екінші жақ оған қаһарлы түрде қарсылығын білдіріп, бұл екі жақтың арасындағы диалог жан-жалға айналып, оны шешу мүмкін емес болады. Бұл түрі денсаулыққа зиянын тигізеді. Қақтығысты деструктивті шешудің негативті салдары: біріншіден, адам «дауды мен жеңдім, ал анау жеңілді» деп ойласа да, екі жақ бірдей жапа шегеді. Екіншіден, екі жақтың біреуінде болсын өкпе қалады, соның ішінде жеңіліп қалған адам өзін-өзі іштей кінәлайды, өзін төмен бағалап, сыйламайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет