Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық-Әдіснамалық негіздері



бет67/72
Дата02.06.2023
өлшемі1 Mb.
#98272
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1 Б лім білім берудегі менеджментті теориялы 1

Педагогикалық менеджмент – бұл ұйымдастыру нормаларының және технологиялық тәсілдердің білімділік үрдісті басқару тиімділігін арттыруға бағытталған принциптердің, әдістердің кешені.
Бақылау – жұмысты түзетумен бірге қойылған мақсаттардың орындалуының тəртібін жүйелік түрде қарап отыру.
Бақылау функциясы – мəселенің дағдарысқа айналмай тұрып ұйым қызметінің мəселесін табу жəне түзетудің басқару сипаттамасы.
Мотивация - тұлғаның ішкі мотивациясы сыртқы ұйымдастыру мотивациясымен тұтасып, жеке бас қажеттілігі негізінде басқалармен қарым - қатынасқа түсуі.
Стратегия - болашаққа есептелген мақсатқа жетудің жалпы жаспары.
Тактика - экономикалық, әлеуметтік және басқа саясатта алға қойылған мақсаттарға жету үшін қолданылатын құралдар мен тәсілдер.
Ұйымдастыру - бір топ адамдардың іс- әрекетін белгілі бір мақсатқа жету үшін үйлестіру.
Ұйымдастыру техникалары - еңбек құралдары, байланыс құралдары, құрал жабдықтар және т.б.
Жоспарлау – жоспар жасау процесі, онда нақты объектінің мақсаты. Мазмұны, көлемі, әдістері мен құралдары, орындалу мерзімі көрсетіліп, нақты кезеңге межеленген бағдарламасын жүзеге асырудың белгіленген тәртібі, реті тәптіштеледі.
Заңдық билік – белгілі бір дәстүрге негізделіп әсер ету түрі.
Заңдылықтар -  құбылыстар мен үрдістер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыстар.
Басқарудың заңдылығы – бұл басқару үрдісінде байқалатын, қайталанып отырылатын және әртүрлі элементтер мен құбылыстардың арасындағы мәнді өзара байланыстар.
Басқару объектісі - басқарылатын жүйе (кәсіпорын, бөлімшелер, адамдар тобы).
Басқару құрылымы – басқармадағы звенолардың жекелеген жұмыскерлер жиынтығын және олардың бағыныштылығы арасындағы тікелей және көлбеу байланыстар.
Басқару – ұйымдасқан жүйеге нысыаналы түрде ықпал жасау, оның беогіленген құрылымын сақтау, қызметтің тәртібі мен мақсатын қолдану.
Имидж – адамның бет-бейнесі, оның қоғамдағы беделі; фирманың тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, сауда таңбасының қызметтен қосымша табыс беретін немесе залал келтіретін бейнесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет