Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық-Әдіснамалық негіздері


Тиімді көшбасшылық және көшбасшылық қасиет



бет64/72
Дата02.06.2023
өлшемі1 Mb.
#98272
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72
4. Тиімді көшбасшылық және көшбасшылық қасиет. Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік қасиеттері мен қабілеттері тән.
Ғылыми әдебиет көздерін талдау негізінде көшбасшылық қасиет бөліп көрсетіледі:
1. Жеке-тұлғалық сапалар (дүниетаным, әлеуметтік белсенділік, демократизм, патриотизм, қоғамға қызмет ету ниеті, жауапкершілік, толеранттылық, салауатты өмір салтына бағдарлық, жария етілген құндылықтарға сәйкес әрекетте батылдық көрсету; жігерлілік, батылдық, мақсаттылық, сабырлылық, өзіне және өзінің күшіне сенімділік, оптимизм, мобилділік, табыстылық, харизмалылық, тәуекелге қабілеттілік).
2. Әлеуметтік-психологиялық сапалар (басқа адаммен қарым-қатынаста көрінетін коммуникативті қасиет-сапалар: коммуникабельділік, басқа адамды түсіну қабілеті (эмпатия), мәселені және кикілжіңді шешуге қабілеттілік, уақытша келісімге келуге бейімділік, тұлғааралық қатынастың тиімді әдістері мен тәсілдерін меңгеру, соңынан ерушілердің өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, эмоциялық, шешендік өнер, т.б.).
3. Ұйымдастырушылық-іскерлік сапалар (сыни ойлау, креативтілік, стереотипті жеңу қабілеті, алдына мақсат қою қабілеті, болашаққа жолдау, жағдаятқа сезімталдық және мінез-құлық икемділігі; команданы құру қабілеті, ұжымдық мақсат пен құндылықты қалыптастыру, сонымен қатар соңынан ерушілерге шынайы берілгендік, серіктестік сезімі, қойылған мақсатты шешуге топты ұйымдастыруға қабілеттілік, топ мүшелері арасындағы функцияларды бөлу біліктілігі, міндеттерді орындауға мотивациялау қабілеті және оларды міндеттерді орындауға шабыттандыру, жұмысты координациялау, бірлескен іс-әрекет нәтижелерін бақылау қабілеті, мадақтау және ынталандыру, қиын сәттерде қолдау көрсете білу).
4. Статустық-лидерлік сапалар (индивидті топтың лидер ретінде қабылдауы, оның лидерлік статусы мен беделін мойындау, лидердің соңынан ерушілердің болуы, лидерден іс-әрекетінен топ мүшелерінде жеке күтілетіндердің болуы, лидердің жеке белсенділігін топ мүшелерінің мойындауы).
Ғалымдар көшбасшыда болатын сапаларды бөліп қарастырады:
1. Физиологиялық сапалар – жағымды сыртқы келбет, дауыс, денсаулық, жоғары жұмысқа қабілеттілік, жігерлілік, сымбаттылық.
2. Психологиялық сапалар – тұлғаның типтері (экстраверт, интроверт), темперамент (флегматик, сангвиник, холерик), өктемдік, агрессивтілік, басымдылық, тәуелсіздік, шығармашылық, жасмпаздық, ерікіндік.
3. Интеллектуалдық сапалар – жоғары интеллект: ақыл, логика, интуитивтілік, энцикплодиялық таным, ақыл-ой өрісінің кеңдігі, білімділік, бірегейлік.
4. Іскерлік және тұлғалық сапалар – ұйымдастырушылық, тәртіптілік, сенімділік, дипломатикалық, икемділік, дербестік, жуапкершілік, игілік, әділдік, өнегелік, көрегендік, коммуникабельділік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет