Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық-Әдіснамалық негіздері


Мектептегі рухани-психологиялық климат



бет38/72
Дата02.06.2023
өлшемі1 Mb.
#98272
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1 Б лім білім берудегі менеджментті теориялы 1

2. Мектептегі рухани-психологиялық климат. Мектептің дамуын басқару мектеп іс-әрекетінің нәтижелерін жоғарылататын жаңашылдықтарды меңгеруге және ендіруге байланысты қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үрдісі. Ғылыми – техникалық үрдіс кезінде еңбек сипаты адамның психологиялық ерекшеліктеріне аса мән беруді ұсынады. Техника мен технологияның күрделенуі адамға физикалық күштен ақыл күшін көп жұмсауға мүмкіндік береді. Бір жағынан, адам өмірінің көп бөлігін еңбек ұжымында өткізеді, оған әріптестері психологиялық қолдау көрсетіп отырады. Ал басшының осы жағдайдағы міндеті тұлғаның жеке қасиеттерін қолдану және оның ұжыммен қатынасын реттеу.
Әлеуметтік – психологиялық климат ұжымдағы қызметкерлердің (тәрбиеші, педагог, психолог) әртүрлі әрекеттер формасындағы тұрақты психологиялық күйін сипаттайды. Топтың эмоциялық және еңбек қатынастарын құра отырып, әлеуметтік – психологиялық климат топ мүшелерінің қатынасын анықтайды. Әлеуметтік – психологиялық климаттың негізгі ерекшелігі ұжым өміріне жалпы, интегралды психологиялық күйіне сипаттама беріп, әлеуметтік, топтық және жеке еңбек жағдайын қарастырады.
Б.Д. Парыгинның пайымдауынша әлеуметтік – психологиялық күй адамның қоршаған ортаға қатынасы мен онда өзін сезінуімен түсіндіріледі. Бұл күй ұжымның әр мүшесінің өзіне деген қатынас үлгісінде сипатталады. Адамдардың әлеуметтік – психологиялық құрылымы олардың бір-біріне деген қатынастарынан, ортақ істерінен көрінеді.
Әлеуметтік-психолоғиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекеті пен өзара қарым-катынасының силатын танытатын ұжымның сезімдік - психологиялык жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіндіре отырып, оның мынандай негізгі қызметтерін атауға болады: топтастырушылық, ынталандырушылық, тұрақтандырушылық, реттеушілік.
Педагогикалық ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатының топтастырушылык қызметі ұжым мүшелерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-жігерді топтастыруын, біріктіруін іске асырады. Ынталандырушылык кызметі педагогикалық әрекеттің қолдануына қажетті ұжымның «эмоциялық күш-қуатын» қалыптастыруға байланысты. Тұрақтандырушылық қызметі ұжымішілік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды.Реттеушілік қызмет өзара қарым-қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруден байқалады. Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың көрсеткіштері: тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қарым-қатынастар, ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипатгамасы. Ондай сипаттамаларға мыналар жатады: ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек үрдісі мен нәтижесіне қанағаттануы; ресми жөне бейресми жетекшілердің беделін мойындауы; ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй; ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-езі басқаруға қатысуының жоғары деңгейі; ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшылдығы; сапалы тәртіп; еңбектің өнімділігі; кадрлардың тұрақтылығы.
Қолайлы әлеуметтік - психологиялық климаттың бұл белгілерін педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға болады.Әлеуметтік - психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. Өзара ынтымақтастық қатынас қалыптасқан ұжымда тәжірибелі немесе жас мұғалімдердің бірлескен іс-әрекеттері; ал немқұрайдылық, селқостык немесе қысым үстемдік еткен жағдай ұжым мүшелері арасында дау-жанжал пайда болуы, тіпті басқа ұжымға ауысуы орын алады.
Педагогтар, әсіресе беделді адамдар тарапынан, соның ішінде басшылар мен ата-аналар тарапынан берілғен бағаны түсінуте бейім. Жағымды баға педагоггы ынталандырса, жағымсыз бағалау өзінің қызметін, кәсіптік позициясын, өзгелермен қарым-қатынасын қайта қарауына алып келеді. Сондықтан педагогикалық ұжымдағы қатынас өзара сыйластық, талапшылдық және ниеттестік сипатта болуды талап етеді. Әлеуметтік-психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының басты механизмі – еліктеу, өзге адамдардың сезімін, ойларын тікелей қолдану, пайдалану. Педагогикалық қызмет барысында кейбір мұғалімдер өз әріптестерінің эмоциялық жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті болса, екіншілері оның психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенімі, ықыласымен сәйкес келетін, келмейтіндігін салыстырады. Ұзақ уақыт бірлесе қызмет жасау, мүдде ортақтығы жағымды еліктеу үрдісін қалыптастырады. Өз әріптесінің сезімдік-психологиялық көңіл-күйін танып, оны түсіне алған педагог туындаған жағдайдан шығудың оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді. Өзара әрекеттестіктің екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа ықпалын сипаттайды. Обал, сауапты білетін, принципті, іске жауапкершілікпен қарайтын, төртіпті, кепшіл, қайырымды, әдепті педагогтар ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал керісінше, тоғышар, әдепсіз, тәртібі тиянақсыз ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал жасайды.
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік және мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді болып келеді. Жекелеген педагоггардың танымдық белсенділігі, өнер тапқыштығы ұжымды инновациялық қызметті дамытып, жаңа технологиялар іздестіруге ұмтылдырады, жігерлі педагог-жетекші соңынан өзгелерді ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-ойы, сезімі, ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырылса, онда табысқа жету қиын емес. Жеке адамның ұжымға және оның әлеуметтік-психологаялық климатына ықпал жасайтын негізгі әдістері сеңдіру, жеке үлгі өнеге көрсетуі. Сендіру үрдісінде бір адамның екінші адамға немесе тұтас ұжымға әсері ырықты немесе ырықсыз түрде іске асады, Ұжымдағы жағымды әлеуметтік-психологиялык климаттың қалыптасуынсыз жеке тұлғаның жасайтын ыкпалының тиімді әдісі жеке үлгі көрсету болып табылады, Ол үлгі адамның өз еңбегіне, әріптестеріне. ұжымдык пікірге қатынасы, барлық кезде де нақты, ол әрекет пен мінез-құлықтың үлгісін береді, көңілдегі мен өмірдегіні салыстыруға мүмкіндік береді.
Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлар қатарына ұжымдағы келіспеушілік немесе «климаттык ауытқу» жатқызылады. Әлеуметтік - психологиялык келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын карама-қайшыльқтын шиеленсуі ретінде қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлғааралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен құралдары туралы әртүрлі пікірде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет