Сабақты өзіндік талдау деңгейі



Дата06.08.2023
өлшемі11,82 Kb.
#105072
түріСабақ

Сабақты өзіндік талдау деңгейі:
1. Эмоционалдық - ырықсыз деңгей, мұғалімнің өзінің педагогикалық іс - әрекетіне толық қанағаттануы немесе қанағаттанбау деңгейі.
2. Бағалау – сабақтың нәтижесінің қойылған мақсат пен жоспарға сәйкестігін бағалау;
3. Әдістемелік – сабаққа қабылданған талаптар негізінде сабақты талдау жасау;
4. Рефлексивті – себептері және одан шығатын нәтижені айқындау. Бұл талдаудың жоғары түрі, оны іске асыру үшін психолого – педагогикалық теорияны да қатыстыру қажет.


Сабақты өзіндік талдау
Оқушылардың көтерілуін, жетістігін ескере отырып іс-жүзінде орындалған мен жоспарланғанды салыстыру арқылы өз іс-әрекетінің соңғы нәтижесін бағалау мақсатында жүргізілген мақсаттың мазмұны мен міндеттеріне шын жүректен ой -тұрғысында жүйелеп орналастыру болып табылады.
Мұғалімнің сабақты талдауға қойылатын негізгі талаптар:
• талданатын тақырыптың мақсаты мен міндеті;
дидактика, психология, әдістеме, бағдарлама, нормативтік талаптар мен әдістемелік ұсыныстардың негізін білу;
• өз сабағына талдау жасайтын позиция мен көрсеткіштерді айдындай білу;
• оқушылардың ерекшеліктерінің мінездемесі және сабақтағы жұмыста оның ескерілуі;
• сабақтың жоспарын, түрін, құрылымын, мазмұнын, әдіс – тәсілдерін дәлелдеу;
• сабақ барысында оқушылардың орындайтын жаттығулар мен тапсырмалардың оқу міндеттерінің жүйесінде психологиялық және педагогикалық бағалау;
• сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың ойлау қабілетінің өз бетінділігінің дамуын бағалау;
• сабақтың жоспарланған міндеттерін жүзеге асыру;
• сабақта фактілер мен әрекеттердің педагогикалық мақсатқа лайықтылығын бағалау;
• сабақтың кезеңдерінің өзара байланысын көрсету мен бағалай білу;
• жүргізілген сабаққа(немесе кейбір кезеңдеріне) қанағаттануы (қанағаттанбауы);
• сәтсіздіктерді немесе кемшіліктерді жоюды іске асыру жолдары;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет