Байланысты: Д рістер №1 д ріс 1 Б лім білім берудегі менеджментті теориялы 1
3. Педагогикалық кеңес, оның мақсаты мен міндеттері, қызметі және өкілеттілігі. Педагогикалық кеңес оқу мекемесінің оқу - тəрбиелік және әдістемелік жұмыстарының негізгі мəселелері қарастырылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Педагогикалық кеңестің құрамына мектеп директоры, оның орынбасарлары, мұғалімдер, тəрбиешілер, кітапханашылар, дəрігер, ата-аналар комитетінің төрағасы, мектеп кеңесінің төрағасы енеді. Кеңес төрағасы сол мекеменің директоры болады және жыл сайын бір мұғалім хатшылыққа сайланып отырылады.
Педагогикалық кеңесте әртүрлі мəселелер қаралады:
- өндірістік, жұмыс бабына байланысты: мектептің жылдық жоспарын бекіту, мектептің бір тоқсанда істелген жұмыстарының қорытындысын шығару, емтиханға дайындық жəне өткізу жоспарын бекіту, оқушылардың бір сыныпты бітіріп, екіншіге көшуі, оқу жылының қорытындысы, оқушылармен істелетін жазғыжұмыстың жоспары;
- ғылыми-педагогикалық: басшы органдардың нұсқауларын жəне ғылыми зерттеулерді, озық тəжірибені талдау, мектептегі педагогикалық процестің нəтижелерін шығару жəне оған баға беру.
Педагогикалық кеңеске дайындалу жəне оны өткізу төрт кезеңді қамтиды:
• педагогикалық кеңестің жылдық жоспарын жасау;
• нақты педагогикалық кеңеске алдын ала дайындалу;
• педагогикалық кеңесті өткізу;
• педагогикалық кеңес шешімдерін орындау үшін жұмыс істеу.
Педагогикалық кеңестің жоспары жалпы жұмыс жоспары негізінде жасалып, сол оқу орнының басты, көкейтесті мәселелерін қамтиды. Кеңесте әкімшіліктің есебі тыңдалады, мұғалімдердің баяндамалары, ұжымның педагогикалық мәселелер бойынша жүргізген жұмыс қорытындылары талқыланады.
Педагогикалық кеңес әр оқу тоқсанында кем дегенде бір рет өткізіледі. Сонымен бірге оқу жылының аяғында өткізілетін педагогикалық кеңес мына мәселелерді қараастырады: емтиханға жіберу; емтихан қорытындысы; мектеп бітірушілер тапсырған емтихандардың қорытындысы.
Бірінші педагогикалық кеңес жаңа оқу жылы басталмас бұрын, тамыз айының аяғында өтіп, əдетте мектептің жылдық жоспарын бекітуге, өткен жылғы жұмыс талданған директордың баяндамасын жəне жаңа оқу жылының міндеттерін талдауға арналған. Негізінен үш мəселеге ерекше назар аударылады: еңбекті, оқу жəне тəрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
Екінші педагогикалық кеңесте оқыту мен тəрбиенің негізгі мəселелері талқыланып, оларды жою үшін ғылыми дəлелдері бар ұсыныстарды тəжірибеге енгізу жолдары белгіленеді.
Үшінші педагогикалық кеңесте оқу жылында оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін көтеру, басқа да өзекті мәселелерді қарастырады.
Төртінші педагогикалық кеңесте əртүрлі тақырыпта баяндама жасалады, сонымен бірге емтихан мен балалардың жазғы демалысын өткізуге дайындық мəселесі қарастырылады.
Бесінші педагогикалық кеңес емтихандардың қорытындысы жəне оқушылардың келесі сыныпқа көшіру мәселесін қарастырады.
Педагогикалық кеңесті өткізуге алдын ала дайындалады, қарастырылатын мәселелер бойынша баяндамашылар белгіленіп, оларға шешім жобасын жасау тапсырылады. Педагогикалық кеңесті өткізу барысында педагогикалық кеңестің күн тәртібіне қатысты әртүрлі пікірлер тыңдалып, мұғалімдерді толғандырып жүрген мəселелердің бəрі талқыланып, оларды шешу жолдарын белгілеу ұсынылады.
Жалпы мектеп ұжымы әрбір мəжілістерді, соның ішінде педагогикалық кеңесті өткізуде оның негізгі ережелерін келісіп алуы керек. Ол ережелер: нақты регламент (уақытында бастау), педагогикалық кеңес уақытын 3 сағаттан асырмау, баяндамашылар мен сөз сөйлеушілерге белгілі бір уақыт бөлу, мəселелердің бəрін сабырлықпен, іскерлік жағдайда талқылау. Барлық сөйлеушілер көтеретін мəселені талқылап, оны шешудің нақты жолдары туралы ұсыныстар айтуы керек. Мектеп директоры педагогикалық кеңесті бастарда осы ережелерді еске салып, оны қатаң сақтауды талап етеді. Ол директордың талқылауды басқара білуіне, əдептілігіне, көңіл-күйіне, ескертулерінің нақтылығына, сын-ескертулерге дұрыс жауап беруіне байланысты. Директордың беделінің, тапқырлығының, талқыланатын мəселенің мазмұнын терең білуі, мұғалімдерді жақсы білуі, өзін-өзі ұстай білуінің де маңызы зор.
Педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау үшін істелетін жұмыстар, шешімдер алдын ала даярланып, директор жанындағы отырыста талқыланады. Педагогикалық кеңестің шешімі хаттамаға жазылып, мұғалімдер оқу үшін мұғалімдер бөлмесіне ілінеді. Шешімде оның орындалу барысын қадағалайтыны туралы айтылады. Бақылау нəтижелері жұмыс барысында талқыланып, ол туралы келесі педагогикалық кеңесте айтылады. Педагогикалық кеңес шешімін орындаудың мəні неде? Ең алдымен мектептің барлық мұғалімдері педагогикалық кеңесте көтерілетін мəселелерді шешуге қатысу керек. Мектеп басшылары педагогикалық кеңес шешімін практикада іске асыру жолдарын көрсетіп, ұстаздар қауымына көмек беріп отырады. Педагогикалық кеңестің әр мүшесі кеңестің барлық отырыстарында болуы, оның жұмысына белсене қатысуы, берген тапсырмаларды уақтылы және нақты орындауы қажет. Педагогикалық кеңестің отырыстарында хаттама жазылып, директор және хатшысы қолдарын қояды. Әр хаттамада оның номері, отырыстың күні, қатысушылар саны, отырыстың күн тәртібі, сөз сөйлегендердің қысқа және түсінікті жазбасы және талқаланған сұрақтар бойынша қабылданған шешім жазылуы тиіс. Педагогикалық кеңестің хаттамалары тұрақты сақтау құжаты болып табылады, ол мектепте белгіленген мерзімге дейін сақталып оқу мекемесінің істері тапсырылған және қабылданған кезде акт бойынша тапсырылады. Педагогикалық кеңестің төрайымы қабылданған шешімдердің орындалуын жүйелі тексеріп ұйымдастыруы тиіс және тексерістің қорытындысын педагогикалық кеңестің талқылауына қою тиіс. Біліктілікті көтеру жұмыстарын педагогикалық кеңестің жұмысын ұйымдастырудан басталады. Педагогикалық кеңес сонымен қатар оқушылардың дене тәрбиесін және басқа да оқу орнының қызметін ұжымдық талқылауды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады.