49
ұғымы бір жағынан, педагогика арқылы зерттелінетін құбылыстың барлық
кешенін белгілесе, екіншіден, осы құбылыстардың мәнін көрсетеді.
Педагогикалық үрдісті оқыту мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету
жолымен білім беру мақсатынан оның нәтижесіне дейінгі қозғалыс
ретінде
анықтауға болады
.
Педагогикалық үрдістің мәнді сипаттамасы оның компоненттерінің
автономдылығына сәйкес ішкі бірлігі ретіндегі тұтастығы болып табылады.
Педагогикалық үрдісті педагогикалық жүйені көруге мүмкіндік
беретін
жүйелілік
тұрғысынан
тұтастық
ретінде
қарыстыруға
болады
(Ю.К.Бабанский).
Осы көзқарас тұрғысынан педагогикалық үрдіс қоғамның, тұлғаның
өзінің дамуы мен өзін-өзі дамытуы сұраныстарын қанағаттандыруға
бағытталған білім берудің міндеттерін шешу мақсатында білім беру мазмұны
бойынша оқыту мен тәрбиенің құралдарын (педагогикалық құралдар)
пайдалана отырып, педагогтар мен тәрбиеленушілердің (педагогикалық өзара
әрекет, өзара ықпал) арнайы ұйымдастырылған өзара әрекеттестігін
көрсетеді.
Кез келген үрдіс бір күйден басқасына бірізділікпен алмасады,
педагогикалық үрдісте ол педагогикалық әрекеттестіктің нәтижесі. Міне
сондықтан педагогикалық әрекеттестік педагогикалық үрдістің мәнді
сипаттамасын құрайды. Оның кез келген
басқа өзара әрекеттестіктен
айырмашылығы педагог пен тәрбиеленушінің арналып қойылған (ұзақ
немесе уақытша) байланысын көрсетеді, олардың мінез-құлқында, іс-
әрекетінде және қарым-қатынасында ортақ өзгеріс болады.
Педагогикалық әрекеттестікті осылай түсіну педагогикалық үрдіс пен
педагогикалық жүйе құрылымында екі маңызды компонентті – педагогтар
мен тәрбиеленушілерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Педагогикалық
әрекеттестуге қатысушылардың белсенділігі педагогикалық үрдіс, оның
барысы мен нәтижесіне әсер ететін субьектілері туралы айтуға мүмкіндік
береді. Бұл тәсіл педагогикалық үрдісті берілген сапамен тұлғаны
қалыптастыру мақсатында оқушыға арнайы ұйымдастырылған,
мақсатты
бағытталған, бірізділікпен, жоспарлы және жан-жақты ықпал ету ретінде
дәстүрлі түсінікке қарама-қайшы келеді.
Дәстүрлі тәсіл педагогикалық үрдісті білім берудің: адамзатпен
жинақталған мәдениет пен тәжірибені аға буыннан кішіге беру, олардың
тұлғалық дамуына жағдай жасау және қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік
рөлдерді орындауға дайындау мақсаттарын
іске асыруға бағытталған
әлеуметтік (кәсіптік) іс-әрекеттің ерекше түрі педагогикалық іс-әрекетпен
теңестіреді. Бұл тәсіл педагогикалық үрдістегі субьект-обьектілік қатынасты
бекітеді.
Педагогикалық үрдіс педагогикалық әрекеттестіктің мазмұны мен
технологиясымен байланысты арнайы ұйымдастырылған жағдайда жүзеге
асырылады. Сондықтан педагогикалық үрдіс пен жүйенің білім мазмұны
50
және білім беру құралдары (материалдық-техникалық және педагогикалық
формалары, әдістері, амалдары) компоненттері бөліп көрсетіледі.
Жүйенің педагогтар мен тәрбиеленушілер, білім мазмұны мен оның
құралдары компоненттерінің өзара байланысы динамикалық жүйе ретінде
нақты педагогикалық үрдісті тудырады. Олар кез келген педагогикалық
жүйенің пайда болуы үшін қажетті әрі жеткілікті.
Педагогикалық жүйенің пайда болуының детерминанты (алғы шарты)
рухани жетілдіру саласында қоғамның талаптарының жиынтығы, әлеуметтік
тапсырыс ретіндегі білім беру мақсаты болып табылады. Педагогикалық
жүйе мақсатқа бағдарланып қалыптасады. Педагогикалық үрдістегі
педагогикалық жүйенің жұмыс істеу тәсілі оқыту мен тәрбиелеу болып
табылады. Олардың педагогикалық құрал болуы педагогикалық жүйенің де,
оның субьектілерінің (педагогтар мен тәрбиеленушілер) ішкі өзгерістеріне
тәуелді.
Педагогикалық үрдістің қозғаушы күші қарама-қайшылық болып
табылады. Педагогикалық үрдіс пен тұлғаның бала кезінде дамуының негізгі
ішкі обьективті қарама-қайшылығы баланың белсенді-әрекеттік табиғи мәні
мен оның өзгерістерінің өмірдің жағдайларында туындауы арасындағы үнемі
пайда болатын сәйкессіздік болып табылады. Педагогикалық үрдістің негізгі
обьективтік қарама-қайшылықтары туындады:
бала тұлғасына қойылатын
қоғамдық талаптар мен оның өзіндік жеке қызығушылығы арасындағы;
ұжым мен тұлға арасындағы; қоғамдық өмірдегі бала кездесетін жаңа табиғи
құбылыстар, жағдайлар мен оны түсіну үшін тәжірибенің, білімнің
жеткіліксіздігі арасындағы; ғылыми білімнің тез өсуі мен оны өңдеудегі
және балаға берудегі оқу-тәрбие үрдісі мүмкіндігінің шектелуі арасындағы
қарама-қайшылықтар тығыз байланысты. Сондықтан оны жүзеге
асыру
бойынша талаптар, міндеттер және мүмкіндіктер арасындағының кез келгені
қарам-қайшылық емес, оның белгілі бір сипатқа сай келетін қарама-
қайшылықтары даму үрдісінің көзі болып табылады. Педагогикалық (оқу-
тәрбиелік) үрдіс – бұл оқыту, тәрбие, білім беру және даму үрдістерінің
механикалық қосындысы емес, ол өзіндік ерекше заңдылықтары бар дербес
тұтас құбылыс. Педагогикалық үрдіс қайталантын, циклдік сипатқа ие, оның
дамуында бірдей кезеңдер кездеседі. Кезеңдер – бұл даму үрдісінің
бірізділігі, оларға дайындық, негізгі және қорытынды кезеңдері жатады.
Дайындық кезеңінде үрдістің берілген бағытта және сол жылдамдықпен
жүруіне қажетті жағдайлар құрастырылады.
Сонымен келесі маңызды
міндеттер: нақты міндеттерді бөліп көрсету және қою, үрдістің дамуын
зерттеу (диагностиканың шарттары), жетістіктерді болжау, даму үрдісін
жобалау және жоспарлау. Педагогикалық үрдісті жүзеге асырудың негізгі
кезеңін өзіне маңызды өзара байланысты элементтерді енгізетін, жекеленген
жүйе ретінде қарастыруға болады: алда тұрған іс-әрекеттің мақсаты мен
міндеттерін құру және түсіндіру; педагогтар мен оқушылардың өзара
әрекеттестігі; педагогикалық үрдістің
белгіленген әдістерін, құралдары мен
формаларын пайдалану; жағымды жағдай жасау; оқушылар іс-әрекеттерін
51
ынталандырудың әр алуан шараларын іске асыру; педагогикалық үрдістің
басқа үрдіспен байланысын қамтамасыз ету. Педагогикалық үрдіс циклдері
қол жеткізген нәтижелерді талдайтын қорытынды кезеңмен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: