48
Моисеев, И.И. Цыркун, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. еңбектерде талданған.
Алайда, мектеп басшыларын ұйымдастыруға және мектепке жаңалық
өндіруді басқаруға даярлаудың әдіснамасы және маңызы педагогика
ғылымында жеткілікті баяндалмаған.
Басқарудың қызметтерін тек дидактикалық тұрғыдағы аспектілермен
шектеген қате болар еді. Білім беру мектептеріндегі педагогикалық ұжымның
жүзеге асыратын тәрбиелік жүйесі де басқаруға келеді. Әсіресе,
мектептердегі тәрбиелік жұмыстың тәрбиенің қалыптасқан стереотипінің
түбегейлі өзгеруімен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың
қоғамдық ұйымдарының (пионерлер, комсомол) жойылуымен, идеялардың
түпкілікті ауысуымен қазіргі кезеңіндегі қиыншылықты ескерсек,
басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі
қиыншылық жағдай, білім берудің, қазіргі тәрбиелік процесті белсендіруді,
оның жаңа түрлері мен әдістерін табуды, әсіресе, бұл процесті басқарудың
басқа амалдарын табуды өте қатты қажет етеді.
Қазақстан Республикасында беделді азаматты тәрбиелеу мәселесі
ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл процесс педагогикалық басқару
практикалық маңызды мәселе болып табылады.
Г.И. Щукинаның пікірі бойынша, басқару- мектеп ішіндегі
"психология-лық, ұйымдастырушылық және әдістемелік" сияқты күрделі
процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу. Алайда басқарудың
алдыңғы қатарлы тәжірибесін жинақтап қорыту тек материалды жинаумен
ғана және оны тиісті ғылыми-әдістемелік тұрғыдан бағаламай, тек
,баяндаумен ғана шектеледі. Материалдарда, көбінесе, негізгі идеялар мен
тәжірибенің талдауы -болмайды және оларды қолданудың кеңес-ұсыныстары
берілмейді, оны енгізудің шарттары да көрсетілмейді. Ал кейбір
жағдайларда, тұтас жұмыс жүйесі емес, керісінше, жекелеген тәсілдер ғана
суреттеліп таратылады. Кейде, мектеп басшылары мен білім беру органдары
үшін ешқандай тәжірибелік құндылығы жоқ көптеген материалдар
жинақталады.
М.М. Поташник былай дейді: "Басқару - мектептің қалыптасуын,
тұрақтануын, тиімді қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін барлық
субъектілердің мақсатты іс,-әрекеті". Бұл анықтама маңызды екі нәрсеге
назар аудартады: біріншіден, кез-келген басқарудың мақсатты іс-әрекет
болып табылатынына; екіншіден, ол басқалардан өзінің міндеттерімен
ерекшеленетініне. К.Я. Вазинаның пікірінше: "Басқару - нақты бір мақсатқа
жетуді қамтамасыз ететін қалыптасуға жауап беретін жүйенің қызметі".
Педагогикалық басқару әлеуметтік мақсатта жүзеге асады, ол
адамдардың іс-әрекетін басқару мен олардың бірігуіне қатысты. Алайда, ол
жалпы әлеуметтік басқарудан өзінің объектілерімен (оқушылар, мектептер,
мектептен тыс мекемелер, халыққа білім беру бөлімшелері, т.б.), олардың
заңдылықтарымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: