- әр бөлшектің құрылымдық тәуелсіздігі (мақсаттар элементтердің
нақтылы формаларын анықтайды);
- міндетті істерінің арнайы ерекшелігі: әр бөлшек кезекпен біресе
әсер ету қызметін біресе қабылдау қызметін атқарады;
- функционалдық (міндетті істер арқылы) және құрылымдық
негізде элементтердің ортамен реттелген өзара байланысы.
Интегративтілік
(біріктірулік)
–
жүйе
элементтерінің
басқа
элементтермен байланыс қабілеттері, яғни: «элементтер» міндетті түрде
өзара байланыста болуы қажет; қоршаған орта элементтерге әсер етеді,
элементтер де ортаға әсер етеді; өзі міндетті істерді атқаратын белгілі
жүйенің бөлшегі болу үшін элемент шартты түрде көптеген қасиеттер мен
сапаларға ие болуы керек. Жүйенің жеке бір бөлігі оның элементі бола алады, сондықтан ол оның
жүйелік бөлшегі болады. Мысалы, адамгершілік тәрбиесі мен еңбек тәрбиесі.
Осы екі жүйеге қатысты «қоғамдық тәрбие» - супержүйе болады.
Жүйенің
негізгі
қасиеттеріне жатқызылады:
тұтастық және
бөлінушілік,
тұрақты
қарым-қатынастың
кенеттен
пайда
болуы,
синергетикалылық, мультипликативтік
.
Күрделі жүйелердің өзіндік қызметі мен дамуы оның құрылымында
қозғалыс формаларының өзара байланысы мен бірлігіне негізделеді.
Биологиялық әлеуметтік және т.б. күрделі жүйелерді тану сан алуан түрлі
ғылымдар интеграциясын талап етеді. Күрделі құбылыстарды түсіндіру үшін
олардың теориялық мазмұнын пайдалану жолдары бойынша ғылымдар
интеграциясы жүзеге асырылады.
Сондықтан зерттелінетін обьектіні түсіндіруде бір теорияның мазмұны
көбінесе басқа теориямен қолданылады. Осының негізінде синтетикалық
теориялар туындайды. «Синергетика» грек тілінен аударғанда бір бағытта
бірлескен қимылдың екі немесе бірнеше мүшелері деген мағынаны білдіреді.
Жүйенің негізгі қасиеттерінің ішінде, синергетикалылық терең мағынаға ие.
Білім
беру
жүйесін
модернизациялаудағы
ең
бастысы
білімді
ақпараттандыру, білімалушылар шығармашылығын дамыту, танымдық
әрекетін ұйымдастыру, жаңа білімді өз бетінше меңгеру, әлемдік
телекоммуникациялық жүйелермен байланысқа түсу, т.б. мәселелері.