43
адаммен саяси сауаттылықты, әлеуметтік бейімделуді талап етеді; қоғамның
жоғары
дәрежеде
ақпараттандырылуы
ақпараттық
құралдар
мен
технологияларды кеңінен пайдалануды қажет етеді; адамның өндірістік іс-
әрекетінің нәтижесінде табиғи орта жағдайының төмендеуі қоршаған ортаны
қорғауға
белсенді қатысу, экологиялық ойлауын қалыптастырудың ролін
арттырады; қазіргі өндірістің шарты өзінің денсаулығына қамқорлық
жасауын, мінез-құлқын реттеу біліктілігін, адамгершілік төзімділігін
тәрбиелеу қажеттілігін көрсетеді; әлемнің барлық адамдарының өзара
тәуелділігінің өсуі интернационалдық сезімі, басқа халықты сыйлауды, өзара
достық пен ынтымақтастықты дамытуды талап етеді.
Сонымен бірге тәрбиелеу және дамыту эффектісі бар пайдалы нәтижеге
бағытталған сипаттамасы бойынша функционалды және мақсатты жүйе
болып табылады. Мұндай жүйенің әрбір компоненті
жалпы нәтижені алуда
өзара әсерге ие болатын компоненттен тұрады.
Жүйе компоненттерінің өзара байланысы «өзара әрекеттестік»
терминімен көрсетіледі (П.К.Анохин). Өзара әсер мен өзара әрекеттестіктің
қажеттілігі жеке принциптердің көрінуінде еркіндік дәрежесін бір жағынан,
оның әрекет шекарасын, екінші жағынан, функционалдық сипатын (ішкі
ұйымдасуы, сыртқы көрінуі тәсілін) шектейді.
Жүйелік тұрғыдан тану идеялары мен ұстанымдарының күрделі
жүйелік объектілерді тиімді ұйымдастыру мақсатында қолданылуы ұйымды
құру мен басқарудың жаңа теорияларын жасауға мүмкіндік береді. Оның
негізін салушылардың бірі американдық ғалым Стэнли Янгтың пікірінше, кез
келген әлеуметтік ұйым, өнеркәсіп орындары, т.б. біртұтас жүйені құрайды,
олардың қайсысы да адам күшімен құрылып, олардың белгілі бір
қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейді.
Аталған жүйелер
мақсатқа бағытталған, саналы ұйымдастырылған
және әрқайсысының «кіру» (ресурстар) және «шығу» (адам қажеттілігін
қанағаттандыратын материалдық, рухани игліктер) арналары бар.
Жүйе ретіндегі ұйымдардың басты мақсаты өз арналары бойынша
игіліктерді сақтау және ұлғайту болып табылады. Ұйымның нәтижелілігі мен
тиімділігі оның заттық, энергетикалық және ақпараттық әлеуеттерінің,
ресурстарының тиісті деңгейде қамтамасыз етілуіне ғана емес,
ең бастысы
ұйымды басқарудың ұтымды жүйесін құрастырудан және оны үнемі
жетілдіріп, дамытып отырудан болады.
Жүйенің бір белгісі – оның тұтастығы. Ол оның элементтерінде жоқ
қасиеттерге ие болады. Жүйенің тұтастық және бөлінушілік қасиеті
бөліктерді тұтасқа біріктіруге, тұтас пен оның бөліктерін түсінуге мүмкіндік
береді. Мысалы, сабақты тұтас құрылым ретінде, оның компоненттеріне
қарағанда, мүлдем басқа қасиеттер сипаттайды.
Жүйе түсінігімен «құрылым» түсінігі тығыз байланысты.
Құрылым
– бұл жүйенің ішкі құрылысы. Онда құрылымдық элементтер
ерекше ара байланыс тәсілі арқылы компоненттер жүйесін құрады.
Элемент – кез келген жүйенің құрылымын құрастыратын бөлшегі.
44
Мысалы: математика мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі – бұл
мұғалімдер бірлестігінің құрылымдық бөлшегі; сынып – оқушылар
ұжымының құрылымдық бөлшегі, староста – мектептің өзіндік басқаруының
құрылымдық бөлшегі.
Элементтердің қасиеттері:
Достарыңызбен бөлісу: