Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық



Pdf көрінісі
бет37/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1-Б лім білім берудегі менеджментті теориялы

 
Ұсынылатын әдебиеттер 
 
1. Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері: Оқу құралы. 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау. 2010. - 87 бет. 
2. Паньшина Т. В., Айтпаева Ж.Ж.Педагогикалық менеджмент. Оқулық 
-Алматы,2012.
3. Баймолдаев Т.М., Безруков В.И., Носков И.А. Научное управление 
развитием школы. – Алматы-Самара, 2007. – 186с. 
 
 
 
 
 
 
 


74 
 
№ 9 дәріс 
 
2.4. 
Мектептегі 
әдістемелік 
қызмет 
және 
мұғалімдерді 
аттестациялау
 
Жоспар: 
1. Әдістемелік қызметтің мақсаты, міндеті және іс-әрекеттің негізгі 
бағыттары.
2. Ғылыми-әдістемелік кеңес, оның мақсаты, міндеті, қызметі және 
өкілеттілігі. 
3. 
Мұғалімдердің 
педагогикалық 
портфолиосын 
қалыптастыру 
аттестацияға дайындау шарты ретінде.
4. Аттестацияны рәсімдеу, қазіргі кездегі талаптар.
5. Педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру және өздігінен білім 
алуын жетілдіру. 
Негізгі ұғымдар: әдістемелік қызмет, ғылыми-әдістемелік кеңес, 
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылау, мұғалімдердің 
педагогикалық портфолиосы.
1. Әдістемелік қызметтің мақсаты, міндеті және іс-әрекеттің негізгі 
бағыттары. Әдістемелік жұмыстар - бұл ғылым мен озат педагогикалық 
тәжірибеге және нақты оқу-тәрбие үрдісінде негізделген, оқу мекемесі 
жетекшісінің, білім беру жүйесі қызметкерлерінің (педагогтардың кәсіби 
өздігінен білім алуы, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіруін басқару 
бойынша шараларды енгізу), оқытушының, тәрбиешінің, әр мұғалімнің
педагогикалық біліктілігін және кәсіптік шеберлігін көтеруге, жалпы алғанда 
педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту мен 
жоғарлатуға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге, білім берудің тиімді деңгейіне 
қол жеткізуге, нақты оқушыны тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған өзара 
байланысты іс-шаралардың, әрекеттердің біртұтас жүйесі.
Әдістемелік жұмыс – педагогикалық кадрлардың идеялық, ғылыми-
теориялық, кәсіптік, әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша 
ұжымдық, топтық, жеке жүйелі жұмыстарды енгізетін кешенді 
шығармашылық үрдіс. Ол педагогикалық үрдісті басқарудың, педагогтарды 
жоғары әдістемелік мәдениетке тәрбиелеудің, сапаны және өз еңбегінің 
нәтижесін талап етудің маңызды құралы ретінде қатысады. Оның 
стратегиялық бағыттарының бірі оқыту практикасында оқушылардың 
танымдық, ойлау әрекеттерін белсендірудің, терең әрі тұрақты білім, білік 
және дағдыны қалыптастырудың рациональды және тиімді әдістерін, 
шығармашылықпен меңгеру болып табылады.
Әдістемелік жұмыс педагогикалық тәжірибемен тығыз байланысты. 
Білім берудің көрнекті қайраткерлері Н.К.Крупская, А.В.Луначарский 
педагогикалық тәжірибеде өскелең ұрпақты тәрбиелеудің теориясы мен 


75 
практикасының дамуын байқады. Болашақта айқындалған, табылған 
қозғалыстың бағытын көрсетуге ғана емес, өзімен алып жүретін бағдар 
ретінде болады.
А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, С.М.Ривес, В.Н.Сорока-Росинский және 
басқа да көптеген көрнекті ғалымдардың ізгілік идеясы негізінде құрылған 
тәжірибесі болған және ол тәрбие теориясы мен практикасының бірлігінің,
мектептің қоғам қызығушылығымен өмір сүру қабілетінің бейнесі, осы 
қызығушылықтарды қанағаттандыру жолдарын табудың үлгісі бола бермек.
Әдістемелік жұмыс мазмұны келесі бағыттарды нақтыланады: 
мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы, кәсіптік-адамгершілік мәдениеті, 
тәрбиелік мәдениеті, әдіснамалық мәдениеті, зерттеушілік мәдениеті, 
диагностикалық мәдениеті, басқарушылық мәдениеті және ұзақ ақыт 
барысында зерттеу пәні болуы мүмкін. Мұғалімдердің әдістемелік, 
инновациялық іс-әрекеттерге қатысуы жеке педагогикалық жүйені, 
педагогикалық іс-әрекеттің жеке стилін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мектептегі 
әдістемелік 
жұмыстарды 
ұйымдастыру 
формасы 
динамикалы үнемі жетілдіріледі. Ол көптеген факторларға байланысты 
жаңартылып отырылады, негізігісі білім беру саласындағы мемлекеттік 
саясат, заңнамалық актілер мен құжаттар; мұғалімнің педагогикалық 
мәдениет деңгейі, тұлғалық және кәсіптік-іс-әрекеттік көрсеткіштерін 
диагностикалық өлшеу үрдісінде айқындалған оның әдістемелік сауатылығы;
мектеп ұжымындағы моральды-психологиялық ахуал, әдістемелік жұмысты 
орындаудың 
материалдық-техникалық 
мүмкіндіктері; 
әдістемелік 
жұмыстарды іске асыруға мектеп жетекшілерінің кәсіби дайындық деңгейін, 
мұғалімнің инновациялық жаңалығы мен белсенділігін, мектепішілік 
педагогикалық тәжірибесін зерттеу; мектеп ұжымындағы жағдаяттарды 
бақылау (мұғалімдер, мұғалімдер мен оқушылар, мұғалімдер мен жетекшілер 
арасындағы қарым-қатынаста).
Сондықтан әдістемелік жұмыстың мазмұны қазіргі мектептің 
көкейкесті міндеттерін анықтайды. Бұл міндеттерді орындауға мұғалімдерді 
әдістемелік жетілдіру және маманданған педагогтың шығармашылық өсуін 
қалыптастырудың негізгі жолы өздігінен жүйелі білім алуды жүзеге асыру 
үрдісінде қол жеткізуге болады.
Әдістемелік жұмыстардың мазмұны: ғылыми зерттеулер жүргізу; 
бағдарламаларды үйлестіру; ақпараттандыру мәселелерін талқылау; 
оқушылар үлгерімін талдау; оқыту әдістемесін жетілдіру; мектепішілік 
бақылауды сараптау; озат тәжірибені жинақтау, тарату; ғылым жетістіктерін 
практикаға енгізу. 
Әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты – озат тәжірибені зерттеу-
жинақтау, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен 
педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі 
пән мұғалімдері мен тәрбиешілерге нақты көмек беру. 
Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері: оқу жоспарлары мен 
бағдарламаларын жетілдіру; оқу құралдарының мазмұнын дайындау мен оны 


76 
жаңарту; сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемелік 
жағынан қамтамасыз етілуін жетілдіру; жаңа талаптарға сай жаңа оқулықтар 
мен оқу құралдарын дайындау; оқытудың әдіс-формаларын жетілдірудің 
тиімді жолдарын іздестіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет