Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Мұғалімдердің педагогикалық портфолиосын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет39/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   79
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1-Б лім білім берудегі менеджментті теориялы

3. Мұғалімдердің педагогикалық портфолиосын қалыптастыру 
аттестацияға дайындау шарты ретінде. Мұғалім портфолиосы – 
мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби 
қызметінің әртүрлі салаларын байланысты-ратын жұмыстарының жиынтығы. 
Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала 
жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері. 
Мұғалім портфолиосының артықшылықтары: 
- Әртүрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы
- Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі; 
- Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы; 
- Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі. 
- Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты. 
- Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы. 
- Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы. 
Портфолоионы жасақтау қиындықтары 
- Төмен мотивация, жұмысқа қызықпау. 
- Тәжірибенің аздығы, біліктіліктің төмендігі. 
- Өз жұмысын жалпылап, жүйелей алмауы. 
- Рефлексиялық мәдениеттің төмен болуы. 
Мұғалім портфолиосының негізгі функциялары 
1. Жинақтаушы: мұғалім жұмыстарының жиынтығы. 
2. Үлгілеуші: мұғалімдің жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптас-
тыру құралы. 


79 
3. Рефлексия-шығармашылық: түрлі педагогикалық технологиялар 
мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау. 
Мұғалім портфолиосының түрлері 
1. Мақсаты бойынша: жекеменшік (өзі үшін), есеп (басшылық үшін), 
жоба (ұжым мен ұйым дамуы үшін). 
2. Мазмұны бойынша: жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы), рефлек-
сия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау), проблемалық бағдар (жүйе 
құраушылары мен қажетті шешімдер), тақырыптық (негізгі қызмет салалары 
бойынша маңызды жұмыстар). 
Мұғалім портфолиосының маңызды бөлімдері 
“Автопортрет” бөлімі: 
Менің әдістемелік жұмыс жүйем. Менің кәсіби өсу бағдарламам. 
“Ақпараттық ресурстар” бөлімі: 
Қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар. Анықтамалар мен түсін-
дірме сөздіктер. Жалпы және педагогикалық заңдылықтар мен ереже-лер. 
“Жұмыс материалдары” бөлімі: 
Менің әдістемелік жобаларым мен дайындамаларым. Қызықты және 
құнды ақпараттар мен мәліметтер (интернеттен). 
“Менің жетістіктерім” бөлімі: 
Мен ашқан жаңалықтар мен заңдылықтар. Менің табыстарым мен 
ынталану жолдарым. 
Мұғалім портфолиосының мазмұны 
- Жылдық жұмыс жоспары мен жылдық жұмыс есебі. 
- Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары. 
- Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары. 
- Сабақ жоспарлары мен енген сабақтарға талдау жұмыстары. 
- Өзіндік зерттеу-сынақ жұмыстарының аралық қорытынды, түпкі 
нәтижелері. 
- Өзекті мәселелер мен танымдық тапсырмалардың шешімдері. 
- Жазбаша шығармашылық жұмыстар (рефераттар мен эсселер). 
- Аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер. 
- Жалпылау материалдары (сызба-кестелер, графиктер мен диаграм-
малар). 
- Сауалнамалар мен сұқбаттасулар және оларды өңдеу қорытын-
дылары. 
- Берілген қосымша тапсырмалардың қорытындылары. 
- Бақылау күнделіктері мен өзіндік ой-толғаныстар. 
- Ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар. 
- Авторлық бағдарламалар мен балама оқу құралдары. 
- Жасалған баяндамалар мен жарық көрген мақалаларының көшір-
мелері. 
- Әдістемелік нұсқау-жинақтарының қысқаша аннотация, рецен-
зиялары. 


80 
- Портфель авторының жетістіктерін айғақтайтын құжаттар (мақтау 
қағаздары мен сертификаттар, анықтамалар мен дипломдар). 
Мұғалім портфолиосын дайындау технологиясы: мұғалімдерді 
ынталандыру: аттестациядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті 
материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін негіз; 
портфель типін анықтау: жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту 
үшін мақсаты, мазмұны бойынша портфель типін анықтау, жекелеген 
жағдайлар мен арнайы мақсаттарда аралас типін алуға бола-тындығы; өткізу 
мерзімі мен сипатын анықтау: жыл соңында не мерзім-ді көрсету; бөлімдер 
санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша 
алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі; бағалау 
критерийлерін дайындау: міндетті бөлімдердің көп-шілігі талқылауға 
жатпайтындығы мен қалғандарының бірлесе жасала-тындығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет