77
әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу,
пікірталас, кітаппен жұмыс); - көрнекілік
әдістер (салынған көрнекілік, фото-, кино-, телематериалдарды көрсету,
компьютерлік құралдар); - практикалық әдістер (мұғалімдердің әрекеттері,
түрлі жағдаяттарды модельдеу, оқу-тәрбие процесінде мұғалімдердің
практикалық әрекеттерін бақылау). Сонымен қатар, түсіндірмелі-
иллюстративті, репродуктивті және продуктивті, ізденістік,
зерттеушілік
және шығармашылық әдістер де қолданылады. Түрлі әдістер мен тәсілдер,
формаларды қолданылуына байланысты өткізіліп жүрген әдістемелік
кеңестерді үш топқа бөлуге болады: - дәстүрлі (өктемдік, догматикалық); -
заманауи қарқындарылған (жетілдірілген, түрлендірілген); - дәстүрлі емес
(балама).
Дәстүрлі әдістемелік кеңестер (баяндама жасау негізінде) сөздік
әдістердің басым қолдануылуымен, мазмұнның дәстүрлі сипатымен,
әкімшіліктің мұғалімдермен өктемдік стильде қарым-қатынас жасауымен
ерекшеленеді. Дәстүрлі әдістемелік кеңестің заманауи қарқындандырылған
формасы семинар-практикум болып табылады. Семинар мұғалімдердің
біліктілігін артыру үшін қолданылады. Семинарда қарастырылатын
мәселелер алдын-ала айтылады да мұғалімдер қосымша әдебиеттер бойынша
дайындалады. Семинарға қатысушылардың барлығы да мәселелерді белсенді
талқылаулары қажет. Әдістемелік жұмысты
ұйымдастыруда мұғалімдердің
әрекеттерін қарқындататын формалар қолданылуы мүмкін. Ондай
формаларға ашық сабақ немесе шара, сабақ пен шаралардың модельдерін
көрсету, бейне материалдарды қолдану, білім беру процесінің нәтижелері
мен балалар әрекетінің нәтижелерін мазмұндау. Соңғы уақытта кеңінен
тараған дәстүрлі емес әдістемелік кеңестердің негізгі формалары ұжымдық
шығармашылық іс формасындағы іскерлік ойын, «дөңгелек үстел»,
пікірталас, пікірсайыс,
конференция, шығармашылық есеп, презентация,
аукцион, фестиваль. ҰШІ (ұжымдық шығармашылық іс) формасындағы
әдістемелік кеңес алға қойылған мақсатқа жету үшін барлық мұғалімдердің
ынтымақтастық әрекеттері қажет. Ұжымдық шығармашылық іс теориялық
және практикалық мәселелерді іздестіруге белсендіру және жаңаша сонылы
шешу үшін қолданылады. Ұжымдық шығармашылық іс формасында
жүргізілетін әдістемелік кеңестердің тиімді жақтары біршама. Атап айқанда:
- бүкіл ұжымның бірігіп күш салуын талап ететін бірыңғай мақсаттарды
саналы түсіну; еңбекті бөлісу (әрекет процесінде ұжым мүшелерінің
арасында өзара тәуелділік қарым-қатынасы пайда болады; - өзара бақылауды
жүзеге
асыру;
тақырыпқа
қызығушылықтың
алғышарты
ретінде
әріптестердің іскерлік қарым-қатынасы. Әдістемелік кеңес-презентация жаңа
бағдарламалар, оқулықтар,
оқу кабинеттері, әдістемелік әдебиеттерді ресми
түрде таныстыру үшін қолданылады. Әдістемелік кеңес-сайыстың мақсаты –
педагогикалық ұжымдағы шеберлік сайыстарының қорытындысын шығару.
Әдістемелік кеңес-конференция - мектеп педагогтерінің белсенді
қатысуымен белгілі бір тақырыпты талқылау. Нәтижесінде педагогикалық
ұжымның мүшелері өзара шығармашылық тәжірибелік алмасады.
78
Әдістемелік кеңес-аукцион белгілі бір мәселені шешу үшін көптеген
идеяларды (әдістемелерді, әдістемелік тәсілдерді) қарастырады. Мұғалімдер
неғұрлым тиімді идеяларды «сатып алады». Әдістемелік кеңес-аукцион
«жобаны
қорғау»
түрінде
өткізу
мұғалімдердің
бастамаларын,
шығармашылығын, қайталанбас тәжірибе (форма, тәсіл) көрсетуді, өздерінің
оқыту бағдарламаларын қолдайды. Аукционды дұрыс ұйымдастыру
маңызды. Әдістемелік кеңес-аукционға қатысушыларды мүмкіндігінше бір-
бірін көріп отыра алатындай орналастырған дұрыс. Қатысушыларды
осылайша
үшұрыштап
отырғызу
неғұрлым
көп
қатысушыларды
орналастыруға және жетекшілердің орнының бөлек болуына (комиссия, әділ
қазылар
алқасы)
ыңғайлы.
Әдістемелік
кеңес-фестиваль
түрліше
көркемделіп, рәсімделген оқытудың формасы, әдістері, тәсілдері, құралдарын
көрсететін кең көлемді қоғамдық шара болып табылады. Әдістемелік кеңес-
іскерлік ойын – әрбір қатысушыға жеке рөл бөлініп оқытатын форма.
Іскерлік ойын адамдардың өзара қарым-қатынастарының күрделі мәселелерін
талдауға және шешуге үйретеді. Бұл мәселелерді
талқылау кезінде
қатысушылардың өзара қарым-қатынастары, дауыс ырғақтары, ым-
ишаралары, интонациялары маңызды. Іскерлік ойындардың бір формасы –
«миға шабуыл». Әрбір мектеп өз мұғалімдерінің әлеуетіне байланысты
әдістемелік кеңесті түрлендіріп өткізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: