3. Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты. Қазіргі
менеджмент бұрынғы мектептердің барлық жақсы идеялары мен
жетістіктерін дамытып, тереңдетіп зерттеуді қолға алған. Зерттеушілердің
пікірінше, 1996 - 1990 жылдар қоғамдық өндірістің дамуының, тиімді
менеджементтің маңызды кезеңі деп саналады. Бұл жылдарды шартты түрде
екі кезеңге бөледі:
Біріншісі 1960 - 1980 жылдардағы менеджмент басқарудағы 50-ші
жылдарда пайда болған үрдістік, жүйелілік және ситуациялық тұғырлар мен
сандық әдістерді қолданды.
Үрдістік тұғырдың мәні әрбір жұмыстың орындалуы үрдісі ретінде
қарастырылады, ал ұйымның қызметі өнім шығаруға қажетті өзара
байланысты үрдістер тізбектері болып табылады. Үрдіс өзара байланысты
және өзара әрекеттесуші басқару функцияларының (іс-әрекет түрлерінің)
жиынтығынан тұрады: жоспарлау, ұйымдастыру, жетекшілік ету,
коммуникация, мотивация, бақылау, зерттеу және бағалау, шешім қабылдау,
персоналдарды іріктеу, өкілеттік ету және келісімсөз жүргізу немесе шығыс
пен кірісті қайтадан өндіру. Демек үрдіс тұғыры менеджмент сапасының
даму тенденцияларын бейнелейді.
Жүйелілік тұғыры ұйымды сыртқы ортамен өзара әрекеттестікте
болатын ашық жүйе ретінде қарастырады. Бұл тұғыр басшыларға ұйымды
өзара байланысты элементтердің (ішкі ауыспалы) жиынтығы ретінде
қарастыруды ұсынады. Сыртқы орта факторларының өзгерісі және олардың
ұйымға әсер етуі жағдайында Адам, құрылым, міндеттер мен технологиялар,
9
басқару ұйымның алдына қойған мақсатына жетуге бағытталуы тиіс. Жүйе
өзара байланысты элементтердің белгілі бір тұтастығымен және олардың өз
үлесін қосуымен сипатталады. Мұндай жүйені құраушылар өзара тәуелді, бір
элемент болмаған жағдайда жұмыс істеуі мүмкін емес. Адам ұйымның
әлеуметтік компоненттерінің бірі болып табылады және басқа ішкі
компоненттерімен бірге ұйымның әлеуметтік-техникалық жүйесін құрайды.
Жағдаяттық тұғырда басқарудың әртүрлі әдістерін қолданудың
жарамдылығы мен тиімділігі жағдаятпен анықталады. Бұл тұрғыда басқару
үрдісін өзара байланысты ішкі ауыспалы ұйымдар жүйесін ішкі орта
факторлары мен басқарудың нақты әдістері ретінде қарастыру қажет.
Ұйымның, қоршаған ортаның көптеген факторларының болғанымен ұйымды
басқарудың бірегей әдісі (тәсілі) жоқ. Нақты жағдаятта ең тиімдісі сол
жағдаятқа аса сәйкес әдіс болып табылады. Жағдаяттық тұғырдың
ерекшеліктері алынған теориялық білімді нақты жасғдаятта ойлау арқылы
ұсынуға бағытталған. Екіншісі 1980 - 1990 жылдардағы менеджмент қазіргі
қоғамның жоғары динамикалық дамуы жағдайында сыртқы ортаның
өзгерістеріне ұйымдарды бейімдеу мәселесін шешуге бағытталған әртүрлі
тұжырымдамаларды дамыту және менеджменттің тиімділігін арттырумен
сипатталады. Ұйымды басқару теориясында жеке компаниялар іс-әрекетінде
сыртқы орта өзгерістерін ескеру, оларды оған бағдарлау және бейімдеу,
ұйымның сыртқы ортамен өзара әрекеттестігі мәселесі аса маңызды болып
табылады. Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің жолдарын іздестіру
қазіргі ұйымдар іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған
менеджменттің келесі тұжырымдамаларын қалыптастыруға алып келді:
бейімдеу тұжырымдамасы; жаһандық стратегия тұжырымдамасы; мақсатты
бағдар тұжырымдамасы.
Бейімдеу тұжырымдамасының мәні (икемдеу стратегиясы) ұйымның
нақты шығармашылық әрекетінің сыртқы орта факторларын ескерумен аса
пайдалы әрекет комбинациясын сипаттайды. Бұл әрекеттер өнім мен тауар,
жұмыс күші, экономикалық өсімнің қарқыны, саяси тұрақтылық деңгейіне
байланысты бөлудің стратегиясын қамтамасыз етеді.
Жаһандық стратегия тұжырымдамасы барлық ұйымдардың (өнеркәсіп,
корпорация) іс-әрекетін оңтайландыруға бағытталған бірегей стратегияны
дайындаудың қажеттілігіне басшылықтың назар аударуын ұсынады. Бұл
стратегия аясында пайданы арттыру ұйымның негізгі мақсаты ретінде
қарастырылатын әртүрлі бағыттар қалыптасқан. Бұл бағыттар теориялар
мақсатының көптүрлілігін сипаттайды: барлық іс-әрекеттерді (іс-
әрекеттердің барлық түрлері) оңтайландыру; сыртқы орта жағдайына оның
құрлымдарын бейімдеу жолдарын оңтайландыру; жоғары пайда алуда ішкі
мүмкіндіктерін тиімді қолдану; оңтайландыру мақсатымен басқарудың
негізгі қызметтерін жетілдіру.
Мақсатқа бағдарлану тұжырымдамасы кәсіпорынды басқару үрдісінің
(жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация мен бақылау) барлық сатыларында
мақсатқа бағыттылықтың басымдылық рөлін ұйымдастыруға бағдарлайды.
|