Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Педагогикалық менеджмент мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет9/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1-Б лім білім берудегі менеджментті теориялы

Педагогикалық менеджмент мақсаты мен міндеттері
атқаратын қызметтері. Педагогикалық менеджменттің мақсаты ашық 
педагогикалық жүйе ретінде мектептің оңтайлы қызмет атқаруы үшін 
қолайлы жағдайлар құруға бағытталған: білім алушы тұлғасының жан-жақты 
және үйлесімді дамуына; тұлғаның интеллектуалдық, физикалық, рухани 
және адамгершілік дамуының бірлігіне; тұлғалық бағдарлық оқыту мен 
дамытуды бекітуге; алдыңғы ұрпақтың тарихи меңгерілген мәдениетін, 
әлеуметтік тәжірибесін меңгеру жолымен қазіргі заманғы қоғамның негізгі 
салаларындағы өмір сүру салтына болашақ ұрпақты дайындауға; т.б.
Педагогикалық менеджменттің міндеттері басқару мазмұнымен 
анықталады, ал басқару мазмұны – бұл басқару функцияларының жиынтығы. 
Сондықтан педагогикалық менеджменттің негізгі функцияларының мәнін 
ашу қажет. Жалпы менеджмент теориясында келесі негізгі функциялар бөліп 
көрсетіледі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау. Бұл төрт 
функцияларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар, олар коммуникация 
және шешім қабылдау үрдістерімен біріктірілген. Барлық іс-әрекет салалары 
мамандарының арасында менеджменттің функционалдық құрылымын 
анықтаудың осындай үрдістік тұғыры қабылданған. Өзін-өзі басқаратын 
жүйелер үшін басқару үрдісі дербес іс-әрекет түрлеріне қатысты басқарудың 
функционалдық буыны ретінде қарастырылады. Барлығы бір-бірімен тығыз 
байланысты, біртіндеп, кезеңмен бірін-бірі толықтырып, бірегей басқару 
циклін түзеді.
П.И. Третьяков басқарудың келесі функцияларын бөліп көрсетеді: 
ақпараттық - аналитикалық; мотивациялық - мақсаттық; жоспарлық -
болжамдық; ұйымдастырушылық - орындаушылық; бақылаушылық -
диагностикалық; реттеушілік - коррекциялық.


20 
Ақпараттық - аналитикалық функция білім беру мекемесін басқарудағы 
маңыздыларының бірі болып табылады. Оның негізгі мәні басқарушы мен 
педагогикалық кадрлардың жүйелі жұмыстарынан тұрады. Демек 
басқарудың негізгі құралы ретінде ақпараттық-аналитикалық жүйені 
қалыптастыру жалпы білім беретін мектептің іс-әрекетін үнемі жаңартумен 
байланысты. Әрбір басқарушы мен басқарылушы үшін ақпараттың үш 
деңгейі бөліп көрсетіледі. Бұл мектеп үшін:
- әкімшілік басқару деңгейі (директор, оқу-тәрбие жұмысының 
орынбасарлары, мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстар жөніндегі 
орынбасары, әкімшілік-шаруашылық бөлім бойынша орынбасары, т.б.);
- ұжымдық - коллегиальды басқару деңгейі (мектеп кеңесі, 
педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, қоғамдық ұйымдар);
- оқушылардың өзін-өзі басқару деңгейі.
Мотивациялық – мақсаттық функцияның негізгі міндеті педагогикалық 
ұжымның барлық мүшелерінің өз жұмысын оларға жүктелген міндеттер мен 
жоспарға сәйкес, сонымен қатар білім беру мекмесінің алдында тұрған 
ұжымдық міндеттерге жетудегі сұраныстарын айқын орындау. Мақсатты 
таңдау бастапқы ұстаным, басқарудың бірінші кезеңі, оның шығармашылық 
бөлігі болып табылады. Білім көзі мен тәсілі бойынша мақсат ішкі, яғни 
дербес немесе әлеуметтік жүйемен қалыптастырылған, немесе сыртқы болуы 
мүмкін. Мұндай мақсаттар қоғаммен айқындалатын педагогикалық 
жүйелерге тән.
Жоспарлық - болжамдық функция нақты мақсаттарды оңтайлы 
таңдауға бағытталған іс-әрекет ретінде болжамды және оны жоспарлауды
анықтауды, оларға қол жтекізу бағдарламасын дайындауды сипаттайды. 
Жоспарлау басқару үрдісінің негізгі кезеңі ретінде барлық деңгейлерде 
типтік талаптарға жауап беруі қажет, олар: мақсатты қою және оны жүзеге 
асыру шарттарының бірлігі; ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді 
жоспарлардың бірлігі; мемлекеттік және қоғамдық бастаулардың 
үйлесімділік қағидасын жүзеге асыру; болжау мен жоспарлаудың кешенді 
сипатын қамтамасыз ету; болжам негізінде тұрақты және икемді 
жоспарлауды іске асыру. 
Ұйымдастырушылық - орындаушылық функция жоспарланғанды 
жүзеге асыру үшін орындаушы тұлғаның әлеуетіне (аты-жөні, қызметі, т.б.) 
қарай белгіленгенді кімнің орындайтынын, яғни басқару субъектілерін, әрбір 
субъектінің орындауы тиіс функционалдық ерекшеліктерін анықтайды. Бұл 
функцияны іске асырудың тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарына 
жатқызылады: іс-әрекеттерді тұлғалық - бағдарлық тұрғыдан ұйымдастыру; 
мектеп басшылары мен педагогикалық ұжым мүшелерін басқарудың ішкі 
аппараттының функционалдық міндеттерін ғылыми және практикалық 
негіздеу; еңбекті рационалды ұйымдастыру, т.б. 
Бақылау - диагностикалық функция жалпымемелекеттік талаптардың 
(нормалардың) диагностикасы негізінде мектептің оқу-тәрбие жұмыстарын, 
барлық жүйесінің қызмет атқаруына және дамуына сәйкес қалыптастыруда 


21 
басшының іс-әрекет түрін ұсынады. Жеке жағдайда мектеп өзінің көптеген 
құқықтарын, өкілеттілігін белгілейді, яғни мектепішілік басқарудың 
бақылау-диагностикалық функциясы мұғалім мен оқушылардың іс-
әрекеттерін ынталандыруда ерекше маңызға ие. 
Реттеушілік - коррекциялық функцияны педагогикалық жүйені басқару 
үрдісінде оны бағдарламалық деңгейде қолдау үшін оперативтік тәсілдер
құралдар және ықпалдар көмегімен түзету бойынша іс-әрекет түрі ретінде 
анықтауға болады. Реттеудің нақты формасы мен түрі сан алуан, ол
басқарылатын объекті сипатымен анықталады. 
Басқарудың барлық функциялары басқарылатын объектіге ықпал 
етуіне байланысты басқарушылық еңбектің түрі ретінде ұсынлады. Бұл 
функциялардың әрқайсысы кез келген ұйым үшін маңызды. Сонымен бірге 
жоспарлау (болжау және бағдарламалау) басқару функциясы ретінде басқа 
функцияға негіз болады, ал басқа функциялар ұйымдардың тактикалық және 
стратегиялық жоспарларын орындауға бағдарланған. 
Жоғарыдағы 
функцияларға 
сүйене 
отырып, 
педагогикалық 
менеджменттің негізгі міндеттеріне жатқызуға болады:
- басқару объектісін (білім беру мекемесі), оның жағдайын анықтау 
(диагностика), ақпараттарды жинақтау, өңдеу, талдау және жүйелеу, оны 
ресурстық қамтамасыздандыру (адамзаттық, қаражаттық, материалдық); 
- алдын ала мақсат қою, ол мақсатты нақтылау, міндеттерді анықтау;
- басқару мақсатына сәйкес жоспарын құру және басқару міндеттерін 
айқындау, бағдарламалау, жобалау (рәсімдеу); 
- жұмысты орындауға жауапты тұлғаны белгілеу және іріктеу 
(кадрларды) түрінде жалпы шешмді нақтылау, оларға нұсқау беру;
- шешімді орындаушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру;
- қатысушылардың жоғары мотивациясын қамтамасыз ету;
- шешімді орындау бойынша бақылау және координациялау;
- іс-әрекеттің нәтижесі туралы ақпараттарды жинақтау, өңдеу және 
талдау; 
- басқарудың жаңа циклін айқындау. 
Тәрбие және оқыту үрдісі циклдік сипатқа ие болғандықтан, осындай 
міндеттер әрбір жаңа циклде қайталанып отырылады. Келесі циклде алдыңғы 
айқындалған кемшіліктер ескерілуі немесе жойылып отырылуы тиіс.
Осы тұрғыдан алғанда, менеджмент тәсілдер жиынтығы ретінде 
қарастырылады әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен 
міндеттері белгіленеді және айқындалады. Басқару әдістері - бұл өндірісті 
басқару мақсатына жету үшін персоналға басқарушылық ықпал етуді жүзеге 
асыру тәсілдері. Адамдарға ықпал ету тәсілдерімен ажыратылатын 
административтік, экономикалық, әлеуметтік және психологиялық әдістер 
бөліп көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет