Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


  Педагогикалық менеджменттің жүйетүзуші факторлары



Pdf көрінісі
бет8/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1-Б лім білім берудегі менеджментті теориялы

3. 
Педагогикалық менеджменттің жүйетүзуші факторлары. 
Педагогикалық менеджмент оны жүзеге асыру тетіктеріне әсер ететін 
бірқатар факторлармен сипатталады, олар: әлеуметтік белсенділіктің дербес 
ортасы ретінде өзіндік ерекше жүйетүзуші элемент; басқару мақсаты
педагогикалық менеджментті сипаттайтын функциялар; білім беру 
жүйесіндегі менеджер міндеттері; менеджмент субъектілерінің әрекет ету 
әдістері; басқарушылық коммуникацияға сәйкес құрастырылған менеджер 
басшылыққа алатын қағидалар; басқарушылық бесенділік сапасының 
өлшемдері. Кейбір зерттеушілер педагогикалық менеджмент факторларына 
басқару белсенділігіне сәйкес іске асырылуға бағытталған мектеп 
қызметкерлері іс-әрекетінің нәтижелерін де жатқызады.
Педагогикалық менеджменттегі жүйетүзуші элементтер статусының 
субъектілері мен объектілері бар. Оның субъектілеріне білім беру 


19 
мекемесінің әртүрлі лауазымды қызметкерлері (мектеп директоры, оның 
орынбасарлары, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар) жатады. Кейбір 
жағдаяттарда көрсетілген категориялар шеңберінде субординация байқалады, 
субъектілер уақытша статус объектілерін иеленеді, мысалы, директор мен 
мектеп қызметкерінің өзара қарым-қатынасы.
Педагогикалық менеджменттің жүйетүзуші элементі менеджер 
әрекетінің нысаны – тұтас педагогикалық үдеріс (ТПҮ) немесе мектепке тән 
коммуникациямен тікелей байланысты оқу-тәрбие үрдісі, мысалы, 
педагогикалық кеңес.
Тұтас педагогикалық үрдіс - білім бағдарламаларын іске асыру аясында 
әлеуметтік 
коммуникацияға 
қатыстырылатын 
тұлғалардың 
қызығушылықтары 
мен 
басымдықтарын 
топтастыратын 
маңызды 
жүйетүзуші элемент.Педагогикалық менеджмент әлеуметтік мақсатта жүзеге 
асырылады, ол адамдардың іс-әрекеттерін басқару және олардың бірігуін 
қамтамасыз ету. Алайда ол жалпы әлеуметтік басқарудан өзінің 
объектілерімен (оқушылар, мектептер, мектептен тыс мекемелер, халыққа 
білім беру мекемелері, т.б.), және олардың заңдылықтарымен ерекшеленеді.
4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет