14
Сондықтан ғылыми әдебиеттерде «мектептік менеджмент», «білім
беру менеджменті», «оқу менеджменті», «педагогикалық менеджмент»
ұғымдары қолданылады. Педагогикалық менеджменттің мынадай түрлері
бар:
Стратегиялық педагогикалық менеджмент – бұл білім беру жүйесінің
миссиясына қол жеткізуде білімнің тиімділігін арттыруға бағытталған білімді
стратегиялық басқарудың технологиялық тәсілдері мен ұйымдастыру
формалары, әдістері, қағидаларының кешені.
Оперативтік педагогикалық менеджмент – бұл білім беру
ұйымдарының мақсатына қол жеткуздің тиімділігін арттыруға бағытталған
педагогикалық бөлімшелерді (білім алушыларды)
оперативті басқарудың
технологиялық тәсілдері және ұйымдастыру формалары, әдісетері,
қағидаларының кешені.
Тактикалық педагогикалық менеджмент
– сабақтың мақсатына жетудің
тиімділігін арттыруға бағытталған білім алушыларды туындаған жағдаятқа
сәйкес басқарудың технологиялық тәсілдері мең ұйымдастыру формалары,
әдістері, қағидаларының кешені.
Операциялық
педагогикалық менеджмент – сабақта басқарушылық
әрекетке жетудің тиімділігін көтеруге бағытталған қалыптасқан жағдаятқа
сәйкес білім алушыларды басқарудың технологиялық тәсілдерінің кешені.
Операциялық
-
тактикалық
педагогикалық
менеджмент
–
педагогикалық міндеттерді шешуде нақты педагогикалық жағдаяттарды
басқару үрдісінде алғашқы буын педагогтарының (оқытушының, кәсіптік
оқыту шебері) басқарушылық іс-әрекеттерінің саласы (басқарудың
бірінші
деңгейі).
Достарыңызбен бөлісу: