Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстардың түрлері мен



Pdf көрінісі
бет61/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   79
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1-Б лім білім берудегі менеджментті теориялы

2. Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстардың түрлері мен 
ерекшеліктері, нысанның элементтері мен субъектілері. Психологияда 
конфликт кері эмоционалды қобалжуларға байланысты, кері қақтығыстарға 
бағытталған, адамдардың топтық немесе индивидтің тұлғааралық қатынасы, 
бір-біріне сәйкес келмейтін тенденциялар ретінде анықталады. Қақтығыс 
өзара зиян тигізумен сипатталынатын әлеуметтік өзара әрекет ететін 
субъектілердің қарама – қайшы күресі (моральдық, материалдық, физикалық, 
психологиялық). Осы тұрғыдан ол қарама-қайшылықтарды анықтау және 
шешу тәсілі қызметін атқарады.
Л.Козер пікірінше, топ ішіндегі қақтығыс оның бірігуі немесе бірліктің 
қайта орнауына септігін тигізеді. Жалпы алғанда қақтығыстар сигналдық, 
ақпараттық, дифференциациялық функциялар атқарады. Сонымен бірге 
экономикалық, саяси, ұлтаралық, тұрмыстық, мәдени және әлеуметтік 
қақтығыс деп бөледі. Егер қақтығысты басқармаса немесе тиімсіз басқарса, 
онда мынадай мәселелер туындауы мүмкін: еңбекке қанағаттанбау; 
кадрлардың тұрақсыздығы; еңбек өнімділігінің төмендеуі; қызметкерлер 
әлеуетінің төмендеу;
Психологияда қақтығыс және оған негіз болатын өлшемдеріне қарай
типтері кездеседі. ішкі тұлғалық (басшының қызметтік міндеті сезімі мен 
туысқандық симпатия арасында); тұлғааралық (қызметтестер арасындағы 
қабылдаулар, қызмет жайында басшы мен оның көмекшісінің арасында); т.б. 


119 
Қақтығыстарға 
түрлiше 
анықтама 
берiледi, 
бiрақ 
барлығы
келiспеушiлiк формасы ретiнде қолданылады, егер адамдар арасында 
қақтығыс болса, олар жабық және ашық түрде болады, бiрақ барлығы 
осындай келiспеушiлiктiң негiзiнген туындайды. Қақтығысқа да 
шығармашылық қатынас жасау керек. Ол ситуацияда жетекші өзін ұстап, 
қақтығысты ешқандай шығынсыз шешеді.
Қақтығысты шешу қатысушыларының мақсаттарының өзгеруі, немесе, 
толықтай не бір-бірден себептерін шектеу болып табылады. Қақтығыстардың 
обьективтi себептерiн бiрнеше топтарға бөліп қарастыруға болады: бөлiске 
түсетiн ресурстардың шектеулiлiгi; мақсаттық құндылықтың тәртiп әдiстерi 
деңгейiнiң бiлiмiнiң әртүрлiлiгi; жауапкершiлiктi бөлiсуде тапсырмалардың 
дұрыс орындалмауы; нашар коммуникациялар. Қақтығыстарды шешу 
толығымен немесе жартылай себептердiң ескеруiнен және қақтығыс
мүшелерiнiң мақсатының өзгеруiнен тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет