Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Тұлғааралық қарым - қатынастағы қақтығыс үстемдігі



Pdf көрінісі
бет63/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1-Б лім білім берудегі менеджментті теориялы

4. Тұлғааралық қарым - қатынастағы қақтығыс үстемдігі 
сипаттамасының 
себептері. 
Қақтығыстың 
80 
пайызы 
оған 
қатысушылардың тілектеріне қарай туындайды. Ол біздің психикамыздың 
ерекшелігіне қарай өтеді, көпшілік адам оны білмейді немесе оған мән 
бермейді.
Қақтығыстың негізгі бес түрі кездеседі: ішкі тұлғалық, тұлғааралық
тұлға мен топаралық, топаралық, әлеуметтік. 
Ішкі тұлғалық қақтығысқа қатысушыларға адамдар ғана емес, тұлғаның 
ішкі дүниесінің әр түрлі психологиялық факторлары: қажеттіліктер, 
құндылықтар, сезім және т.б. жатады. Жұмыспен байланысты ішкі тұлғалық 
кикілжіңнің бірнеше тұрлері болады. Ең көп тараған түрлерінің бірі – рөлдік 
кикілжің. Адамның әр түрлі рөлдері оған қарама-қайшы талап қояды. 
Мысалы, жақсы отағасы бола отырып, адам кештерін үйінде отбасы қасында 
өткізуі керек. Ал басшылық қызметі оны жұмыстан кешігуге міндеттейді. 


122 
Бұл кикілжіңнің себебі – жеке қажеттілік пен өндіріс талабының 
келіспеушілігі болып отыр. 
Тұлғааралық қақтығыс ең көп тараған түрі. Мекемелерде ол әр түрлі 
көрініс береді. Көптеген басшылар қақтығыстың себебі мінездердің 
келіспеуінен деп ойлайды. Шынымен де әр түрлі мінез, көзқарастағы 
адамдардың 
бір-бірімен 
тіл 
табысуы 
қиын. 
Бірақ 
жүргізілген 
сараптамалардың көрсетуінше, бұндай қақтығыстардың пайда болуының 
негізі обьективті себептер. Көп жағдайда бұл шектелген ресурстар 
(материалдық жағдай, өндірістік аумақ, жұмыс күші және т.б.) үшін күрес. 
Әр адам тек өзі ғана ресурстарға мұқтаж деп есептейді.
Тұлға мен топаралық қақтығыс көбінесе топтардың тілдесу, тәртіп 
ережелеріне қатысты қалыптасады. Топтың әр мүшесі оны сақтауы керек. 
Қалыптасқан нормадан бас тартуды топ теріс қабылдап, тұлға мен топ 
арасында қақтығыс туындайды. Осы түрге жататын қақтығыстың кең тараған 
түрі – басшы мен топ арасындағы қақтығыс, біздің жағдайымызда 
(педагогикалық үрдіске қатсушылар). 
Топаралық қақтығыс ұйымдағы көптеген топтардан арасында 
туындауы мүмкін. Топаралық қақтығыс кезінде топтың мүшелері басқа 
адамдарды жеке тұлға ретінде қабылдамай, жағымсыз тәртіп пен басқа 
топтың мүшесі ретінде ғана қабылдайды. Өз топтарын асыра бағалап, басқа 
топты кішірейтіп, төмендетіп, теріс баға береді. Өз топтарының теріс 
қылықтарының себебін сыртқы фактордан көреді, ал қарсыластарының 
сүрінуін ішкі себептерден іздейді.
Әлеуметтік кикілжің – жағдайда қарым-қатынас жасаушы жақтар
субьектілер, бір-біріне қарсы немесе өзара бірін-бірі жоққа шағаратын 
мақсаттарын көздейді. Әлеуметтік кикілжің түрлі әлеуметтік қауымдардың 
соқтығысуынан көрінеді – таптар, ұлттар, мемлекет, әлеуметтік институттар, 
әлеуметтік субьектілер. Қарам-қарсы күресуші жақтар өздерінің түрлі 
қарама-қайшы мақсаттары мен көзқарастарын, даму жолдарын қорғап
көздейді. Кикілжіңді тудыратын немесе өз еркінсіз осындай жағдайға тап 
болатын адамдар мәселені тез арада өзіне тиімді етіп шешкісі келеді. Осы 
жерде «кикілжіңді шешудің жолдары қандай?» деген сауал пайда болады. 
Қақтығыс жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің де өзіндік 
ерекшеліктері болады. Қақтығысты шешудің бес негізгі стильдері (қарсылық, 
қақтығыстан кетіп қалу, бейімделушілік, білесіп әрекет ету, компромисс) бар. 
Томас-Килменн әдісі кеңінен қолданылады, бұл жүйе әрбір адамға қақтығыс 
жағдайы барысында өзінің жеке мінез-құлық стилін анықтауға көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет