118
бағытта дамиды. Затсыз қақтығыстың міндеті шиеленісті жою, өзіндік
бәсеңдету болып табылады. Егер конфликт өзара қарым-қатынасты дамытуда
дәлелденген шешімді қабылдауға мүмкіндік туғызса, ол
конструктивті
қақтығыс деп саналады. Конструктивті қатығыстың ерекшелігі ол
әңгімелесушілерде ұрыс-керістің затына бағытты сақтайды, және олар
бірлескен іс-әрекеттің мақсаты мен құралын саналы түсінеді.
Өзінің және
серіктесінің жағдайын, өзара мүмкіндігін бағалайды. Олардың әртүрлі
пікірде болуы бір-бірімен қатынаста өзара қанағаттанбаушылықты көрсетеді.
Тиімді өзара әрекеттестік пен шешімді қабылдауға кедергі келтіретін
қатығыс деструктивті деп аталады. Олар серіктестердің бір-бірімен өзара
әрекеттестігіне қанағаттанбаған жағдайда туындайды. Онда нәтижесі белгілі
бір «сын тұрғысынан» және бағынбаушылықтан көрінеді. Ол серіктестің
өзінің мүмкіндігін көрсетуге талпынуда оппоненттердің
біреуінің екіншісін
психологиялық жағынан басып тастауға, оны басқа адамдардың көзінше
кемсітуге дискредитация жасағанда көрінеді. Әдетте екінші жақ оған
қаһарлы түрде қарсылығын білдіріп, бұл екі жақтың арасындағы диалог жан-
жалға айналып, оны шешу мүмкін емес болады. Бұл түрі денсаулыққа
зиянын
тигізеді. Қақтығысты деструктивті шешудің негативті салдары: біріншіден,
адам «дауды мен жеңдім, ал анау жеңілді» деп ойласа да, екі жақ бірдей жапа
шегеді. Екіншіден, екі жақтың біреуінде болсын өкпе қалады, соның ішінде
жеңіліп қалған адам өзін-өзі іштей кінәлайды, өзін төмен бағалап,
сыйламайды.
Достарыңызбен бөлісу: