Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Білім беру үдерісін басқарудағы көшбасшылық түсінігінің



Pdf көрінісі
бет68/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1-Б лім білім берудегі менеджментті теориялы

2. Білім беру үдерісін басқарудағы көшбасшылық түсінігінің 
мазмұны. Қай кезде де ұрпақты тұлғалыққа жетелейтін нәрсе ұлттық мұрат 
болған. Тұлғаның зиялылық түсінігі алдымен оның өз мақсаттарынан ұл 
мұратын жоғары қойып, әлеумет рухын қастерлеп, бағалай білгені. Зиялылық 
жеке адамның сыртқы бейнесі мен алған біліміне, мамандығына сай атқарып 
жүрген кәсібімен шектелмей, адамның ішкі дүниесіне тәуелді рухани 
болмысының даралық мәнін, дербестігін, еркіндігін көрсететін ұғым.
«Көшбасшы» термині екі мағына береді: іс-әрекеттің табысты болуына 
әсер ететін пайдалы, айқын көрінетін қасиеттері бар индивид (топішілік
қызығушылыққа ие). Мұндай көшбасшы тобының қызығушылықтарын біліп, 
солар үшін шешім қабылдай алады, бәрін ұйымдастыруға, ортақ мақсат 
үшін топты біріктіруге шебер адам. Сонымен бірге алға қойған мақсатқа 
жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, 
іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді.
Бүгінгі білім беру үрдісін басқаруда лидерлік сапаларын дамытуда ұлт 
зиялыларының тарихи болмысына тән руханилықтың, сол руханилықтан 


132 
туатын тұлғалық пен даралықтың мәнін жан-жақты зерделеп, терең түсінуге 
ұмтылыс жасау маңызды. Мұнда зиялылар қызметінің тарихи мәнін жеке 
адамның еркіндігі, рухани дербестігі арқылы халық игілігіне, ұлттық 
мүддесіне қатысты мәселелерге жүгіну, соған сай қызмет атқаруымен 
ұштастыра зерделеу қажет.
Алаш зиялыларының тұлғалық көзқарастары да, зиялы істері де бізге 
дейін болып өткен халықтың тарихи өмірінің тәжірибесін береді. Алаш 
ойшылы Шәкәрім: «... ақ жүрек көбеймей тұрып, адамшылық жеңе алмайды. 
Ұлтының кемшілігін толтыру, артықты өзгелерге зиянсыз жолмен табу – ақ 
жүрек (ұждан) ісі» болғандықтан, нағыз зиялылықтың қалыптасуына ұйытқы 
болады.
Х.Әбжанов қазақ хандығы тұсында, елі мен жері үшін қиын-қыстау 
заманда жанын құрбан ететін кез-келген ұлттың бетке ұстар ұлдары болған 
деп есептесе, Ә. Нысанбаев «қазақ қоғамында халқымыздың тағдырын кілт 
басқа арнаға бұрған, елдігімізді сақтауға өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғалар 
аз болмаған» - деп сипаттайды.
Сондықтан қазақ елінде ұлт зиялыларының қалыптасу тарихы өзінің 
кәсіби мамандықтарына емес, алдымен, ұлт мүддесіне тиесілі мәселелерді 
шешуге атсалысқан біртуар тұлғалар, атап айтқанда, Әлихан Бөкейханов, 
Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып 
Дулатов, Халел Досмұхамедов және т.б.
Демек бұл феноменнің тарихи мәнін айқындайтын ұстаным 
зиялылардың туған халқына қызмет етуі, адамдық істерге ғана лайықты жүру 
мақсатын көздеуі. Себебі, адам болмысының тұлғалық сипатын танытатын 
рухани дербестік ел зиялыларының ұлы мақсаты жолындағы ізденісінен туып 
отырған.
Қазақ зиялыларының атамекен, туған жер, ел, ұрпақ, туыс, ата-баба 
сенімі, оларды құрметтеу сезімі, рухы ел топырағында сақталған. Оған 
Ж.Аймауытовтың «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғам. Оны үзе 
алмаймын. Үзу қолымнан да келмейді!» - деп айтқаны құнды сөзі дәлел бола 
отырып, сол кездегі қазақ баласының тарихи бейнесін сомдауға кеңінен жол 
ашады, ... «өмір сүру - іс істеуге бір мақсат болуға тиіс. Ондай мақсат бір 
жақсылық болуы керек. Ол жақсылық қиялда ғана болмай, дүние жүзінде бар 
болып, бар болса бір адамда болмай, көпте бірдей болуы керек. Өмірдің түпкі 
мақсатын ғылым көрсетпей, ғылымға керекті тәрбиені өмір көрсетеді» - 
деген ой-пікірлері нақты дәлел бола алады.
Тұлғалықтың түп тамыры адамның рухани әлемінен екендігін қазақтың 
дара биі Әйтеке би «Жақсының серігі – әмәнда ақыл, қанағат, әдеп, төзім, 
сабыр, үміт, татулық, білік. Ер жігітке төзім – тірек, сабыр - қамал, ақыл – әл-
ауқат, ар-абырой – қазына, қанағат – асыл тас, бата - мұра, әдеп – сән,
жалған сөз – дерт, ақиқат – ем, үміт – көңіл азығы, сезім – бұлақ, қиял –
шырын, тілі – жүрегінің елшісі. Көңіл әрдайым обыр, кіршең. Сондықтан 
оны үнемі аққа ұйытып отыру – ақылдының еншісі» - деп сипаттайды 
даралығына тән тұлғалық рухы да осы руханилықтың көрінісі 


133 
Жалпы алғанда, басшылық – бұл белгілі дәрежеде топтағы басқару 
және бағыну рөлдерін бөлу тұрғыдан қарағанда, қарым-қатынастардың 
әлеуметтік сипаттамасы. Ол құқықтық қарым-қатынас, әлеуметтік бақылау, 
әкімшілік тәжірибе қағидаларына негізделеді.
Белгілі педагог ғалым Р.М. Қоянбаевтың басшыға қойылатын 
талаптарды екіге бөліп қарастырады.
Бірінші, кәсіби талаптар – бұл кәсіби бағытталған ғылыми білімді және 
педагогикалық іскерлікті кешенді игеру қажеттілігі: оқу-тәрбие процесінің 
даму жолдарын алдын ала болжай білу; мұғалімдердің шығармашылық 
еңбегін ұжымда ұйымдастыру; оқушылар мен мұғалімдер ұжымының даму 
жолдарын зерттеу, бағалау, қортындылау; өз іс-әрекетін шығармашылық пен 
мақсатты және шебер ұйымдастыру. 
Екінші, өнегелі талаптар – бұл басшының жеке басындағы 
адамгершілік қасиеттерді көрсетеді: ізгілік, ұстамдылық, әділеттілік, 
қайырымдылық, тілектестік қарым-қатынас, талап қоюшылық; тәртіптілік, 
өзін-өзі ұстай білу, тәжірибелілік, іскерлілік; қоғамның, халықтың мүддесін, 
мектеп ұжымның қажеттігін қанағаттандыру; іс-әрекетінде ұжымға сүйену, 
қоғамдық пікірмен санасу, шешімінің жариялылығы, жұмысты дұрыс 
жоспарлай білуі. 
Басқарудың негізгі функцияларын 
(жоспарлау, ұйымдастыру, 
ынталандыру, бақылау) негізге ала отырып, Р.М. Қоянбаев мектептегі 
басқарудың рөлін нәтижені алдын ала болжау, мектеп жұмысын дұрыс 
ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу және жан-жақты бақылау деп анықтайды. 
Білім беру оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің бірлігін көрсететіндіктен, оның 
мақсаты мен мәні ұсынылатын құндылықтарға байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет