Маслоу бойынша қажеттілік иерархиясы
Маслоу пирамидасының жалпы құрылымына сыншылар тарапынан түрлі пікірлер айтылады. Оның теориясында қате жақтары болуы, ұсыныстарының бәрі бірдей жүзеге аса бермеуі мүмкін, алайда көптеген ой-пікірлерінің айрықша маңызы бар екендігі сөзсіз.
Тақырып 10. Педагогикалық менеджменттегі іскерлік қарым қатынастағы психологиялық ерешеліктер
Ауызша және ауызша емес компоненттер. Іскерлік қарым-қатынастыңеңмаңызды бөліктері: интонация, мимика, ым, қалып. Тіл-ауызша қатынас компоненті. Ым ақпараты. Ымның төрт түрі: ымдар-нышандары, ымдар-иллюстраттар, ымдар-регулятор, ымдар-бейімдеу. Дистанцияның төрт түрі: ауызша емес тәртіппен байланысы.
Басшы өз уақытының көпшілік бөлігін әңгіме, кеңес өткізуге, тікелей байланыс орнатуға, мәлімет алмасуға жұмсайды. Осыған орай жеке адамдар арасындағы коммуникацияда қандай кедергілер болатындығын білудің айырықша маңызы бар.
Бірінші, қабылдауға – түсініп, ұғынуға қатысты кедергілер. Адамдардың қабылдап, ұғынуына алуан түрлі факторлар ықпал етеді, сондықтан коммуникация тиімділігін кемітпес үшін бұларды ескеру қажет. Коммуникациялық ахуал басшылар мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым- қатынасқа байланысты. Кедергілердің өзі осылардың арасындағы келіспеушіліктен немесе пікір қайшылықтарынан туындайды.
Семантика- сөзді және айтылған сөз мәнін пайдалану әдісін зерттейді. Екіншіден, байланысқа қатыса отырып және де символдарды пайдаланып, мәліметтер алмасады, әрі оны түсінуге тырысады да, мұндайда сөз символын, дене қимылы мен мәліметтерді қолданады.
Үшіншіден, вербалсыз (латынша вербалис-ауызша, сөздей деген мағынаны білдіреді) кедергілер. Вербалсыз қатынаста сөзден басқа кез келген символдар қолданылады. Вербалсыз хабар көп жағдайда вербалды хабармен қоса өтеді де, сөз мәнін күшейтуі де немесе өзгертуі де мүмкін. Вербалсыз қатынас мысалына пікір алмасуды, адамның бет әлпетіндегі өзгерісті, мәселен, күлкісін, қабылдамау белгісін, ойнақы немесе түнерген қалпын, қабылдаған немесе қабылдамаған қөзқарасын айтуға болады.
Төртіншіден, нашар кері байланыс. Кері байланыс өте маңызды, өйткені оның өзі сіздің алған хабарыңыздың нақтылығын анықтауыңызға мүмкіндік береді. Басшылар тарапынан жіберілген хабарға қатысты кері байланыстың болмауы жеке адамдар арасындағы мәлімет алу тиімділігін шектейді.
Бесіншіден, тыңдай білмеу. Қарым- қатынас тиімділігін арттырудың маңызды жағдайларының бірі – адам хабарды жібергенде де және қабылдағанда да бірдей болуы тиіс.
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас тиімділігін арттыру үшін мынандай жайттар ұсынылады:
мұқият тыңдай білуге дағдылану
өз идеяңды айтпас бұрын айқындап алу
потенциалдық семантикалық проблемаларды қабылдай білу
өзінің дене тұрысыңа, қимылыңа, дауыс ырғағыңа зер салу
эмпатияға және ашық жарқын әңгімеге көңіл бөлу. Эмпатия- бұл басқа адамның сезіміне көңіл аудару, әрі өзара пікірлескенде, хабар алмасқанда қолдану, көңілді әңгімелесу;
кері байланыс орнатуға тырысу
Ұйымдық қарым-қатынас кәсіпорын қызметінің тиімділігіне едәуір ықпал етеді, сондықтан да қандай кедергілер болатындығын, әрі мұндай алмасуды қалай жетілдіруге болатындығын білудің зор маңызы бар.
Кедергілердің бірі- хабардың бұрмалануы. Кәсіпорын ішіндегі мәліметтің бұрмалануы жеке адамдар арасында жөнді қарым- қатынас орнатылмаудан немесе басқарушының біреуі хабармен келіспегенде болуы мүмкін. Екінші бір себебі мәліметтің екшелеп-сүзілуінен(фильтрация), былайша айтқанда мәліметтің дұрыс сұрыпталмауынан оның мазмұны бұрмаланады.
Кәсіпорында мәлімет алмасуды жақсартуға болады, ол үшін кері байланыс жүйесі құрылуы, мәлімет тасқыны реттеліп отыруы, басқару әрекетінің белсенділігі арттырылуы, ұсыныс жинау жүйесі өрістетілуі, алынған мәліметтерді бастырып, ұйым ісінде пайдалануы, сондай-ақ мәлімет алу үшін қазіргі технология жетістіктерін қолдануы тиіс.
4. Әлеуметтік психологияда «дене тілі», немесе вербалсыз қатынас деген болады. Психологтардың пікірінше, адамдар арасындағы әңгімеде мәліметтің 90%-тей вербалсыз, яғни сөзбен емес, басқадай амалдармен беріледі.
Әңгімелеушінің маңызды мәліметтерінде бет және қол қимылдарымен қоса, дене қимылы да ерекше орын алады(17-кесте).
Әңгіме-кеңес өткізушінің нақты жағдайдан тұтастай мағлұматы болуы тиіс. Бір жағдайда ұйым ішіндегі өзара сөйлесу, екінші бір жағдайда сауда ісінде сөйлесу маңызды рөл атқаруы мүмкін. Кестеде осы тарапында кейбір мәліметтер келтірілген (Дж. Миллер және К. Борген)
Сезімнің (эмоцияның) «дене тілі не» ауысуы
Әңгімелесушінің сезім күйі
|
Дене қимылы
|
Жан сезіміндегі жайдарлылық
Қауіп-қатер сезімі
Қорғану сезімі
Жақындауға ықыластану
Қол үзуге тырысу
Жабырқауы, мұңаюы
Ұстамсыздық, менмендік таныту
|
Денесін бос ұстауы, қолы мен аяқтары айқаспаған
Қолы жоғары көтерілген
«Күресу қалпында тұру», қол, аяқтары айқасқан
Денесі еңкейген
Әңгімелесуші шегініп отырады, бұрылып кетеді
Әңгімелесуші селқос болады, басын төмен қаратады
Басын тік ұстайды, кеудесін кереді, шалқаяды
|
Вербалсыз әрекетті қалай түсіндіреді
Әрекет
|
Түсіндіру
|
Нәтиже
|
Қолын кеудесіне қойған
Үстелді жайлап тоқылдату
Жалбыранған кейіптеқолын жаю, саусақтары сәл жазылған
Әңгімелесуші көзін ұқалайды
Басын сәл қисайту
|
Қорғаныс қалпы
Шыдамсыздық
Үстемдік сезімі, әңгімелесуші қулығымды асырып отырмын деп есептейді
Сенімсіздік
Тынышталу, қанағаттану
|
Әңгімелесуді тоқтатпау керек
Әңгімелесуді тоқтату жөн
Алдап отырғанына көз жеткізу, мүмкін әңгімені тоқтату керек
Ойлану керек
Әңгімелесуді тоқтатуға болады
|
Егер әңгіме- дүкен құруға машықтанған адамдар өзінің сезім күйін ыммен немесе дене қимылымен білдіретін болса, онда ол өзінің көз қимылына бақылау жасай алмайды. Оның қөзі еріксізден біресе ұлғаяды, біресе қішірейеді, сол арқылы әңгімелесушіге өз пікірін білдіреді.
Көзқарас және содан кейінгі қимыл әрекет
|
Түсіндіру
|
Нәтиже
|
Басын көтеру және жоғары қарап көз тігу немесе басын қисайтып ойлану
Басын шайқап, қасын керу
Күлімсіреу, бәлкім басын сәл қисайту
Жиі-жиі басын изеу
Әңгімелесушінің бір нәрсеге қарап қозғалмай ұзақ ойлану
Басқа жаққа көзін тігу
Жерге қарау
|
Сәл тоқтаңыз, ойланайын
Түсінбедім, қайталаңыз
Түсінемін, менің алып қосарым жоқ
Түсіндім, саған не керек
Өзімді көндіргім келеді
Жаратпау
Үрейлену, қашып құтылу
|
Байланысты үз
Байланысты күшейт
Байланысты қолда
Байланысты қолда
Жағдайға қарай әрекет ету
Байланысты жалтару
|
Достарыңызбен бөлісу: |