Дәрістер «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» куpсы бойынша дәрістер тезистері



бет2/19
Дата27.04.2023
өлшемі123,66 Kb.
#87579
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
2. Білім берушілік үдеріс деп үш құрамдас бөліктер: оқу-тәрбие, оқу-танымдық және өз бетімен білім алу үдерістерінің жиынтығы түсіндіріледі.
Білім берушілік үдеріс – бұл тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту бойынша мақсатты қызмет.
В.П. Симонов педагогикалық менеджментті оқу-тәрбиелеу және оқу танымдық үдерісін басқарудағы қағидаттар, әдістер, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық амалдар кешені ретінде анықтайды. Педагогикалық менеджменттің (білім берушілік үдерісті тиімді басқару теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіне тән заңдылықтары мен ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.
Білім берушілік үдеріс менеджер еңбегінің пәні болып басқарылатын субъект қызметі табылады, еңбек өнімі – ақпарат, ал еңбек құралы сөз, тіл, баян.
Оқу-танымдық үдеріс және оқу-тәрбиелік үдеріс менеджері еңбектерінің нәтижесі болып менеджмент объектісі білім алушының (екінші субъект) білім , тәрбие және даму дәрежесі табылады.
Педагогикалық менеджмент-әрекетті жүйе ретінде өзіне келесі құрылымдық-функционалдық компоненттер мен жүйені түзетін факторларды енгізеді: қызмет мақсаты (жоспарланған , күтілетін нәтиже), қызмет субъектісі (директор, оның орынбасарлары, оқытушылар, білім алушылар, студенттер және т.б.), қызмет мазмұны (оқу, басқарушылық және басқа ақпарат), қызмет тәсілдері (оқытушының білім алушымен, басшының оқытушымен өзара әрекеттесу әдісі, стилі)

Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. « Білім беру жүйесіндегі менеджмент» куpсының пәні.

Тақырып 2. Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері

1.Педагогикалық менеджмент субъектері қызметінің мақсаты.


2.Педагогикалық менеджмент міндеттері .
3.Білім берудің ұлттық жүйесі: түсінік және құрылым .Білім беру жүйесінің міндеттері

  1. Педагогикалық менеджмент субъектері қызметінің мақсаты.

Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу 20 ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредерик У. Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлордың пікірінше тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой- саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизенсті жпандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай келе, мынадай тоқтамға келеді: «дәстүрлі әдістің орнына – ғылым, қарама- қарсылықтың орнына – үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау...»
Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процестерін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.
Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынандай:

  • Басқару дегеніміз жүйенің жаңа сол жүйеге арналған күйге көшуі (академик Берг);

  • Басқару – не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері (Тейлор).

Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы еңбек бөлінісінің қажеттігіне байланысты. Екінші жағы басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік экономикалық аспект), белгілі бір мақсатты іске асырумен байланысты.
Барлық қоғамдық жүйелер ішінен зерттеу үшін басқару ғылымы қоғамдық өндірісті басқаруды таңдап алады. Ол мынандай буындардан: жалпы қоғамдық өндірісті басқару, материалдық игіліктер өндіруді басқару, рухани игіліктер өндіруді басқару және қызмет көрсетуді басқару буындарынан тұрады.
Бұл арада олардың арасында көлбеу байланыстар бар екені әбден айқын көрінеді. Материалдық игіліктер өндіру басым болады, өйткені басқарудың басты объектісі сол. Ол материалдық негіз ретінде рухани игіліктер өндіру мен қызмет көрсетуді алдын – ала анықтайды, ал сонымен қатар, олар материалдық игіліктер өндіруге ықпал жасайды.
Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қалыптастырылуы мен мақсатын таңдап алу болып табылады. Адамның кез- келген қызметінің басты белгісі – нысаналы қызмет. Сондықтан да ерекше әлеуметтік қызмет ретінде басқаруға нысаналық тән.
Әлеуметтік басқарудың айырмашылығы мынада: басқару субъектісі басқару объектісіне қызметтің мақсатын анықтау жолымен ықпал жасайды.
Кең мағынасында алғанда, басқару дегеніміз- қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғаттағы тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф. Энгельс еңбек құралдарын басқаруға «заттарды басқару» деген анықтама берген:

  • тірі организмдерді (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері;

  • қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет педагогикалық жүйелерді басқару мәнін, принциптерін, мазмұнын толық білуді қажет етеді.
Педагогикалық үрдісті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады.
Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді.
Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады.
Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі.
Білім беру ұйымының тиімді қызмет атқаруы менеджментті ішкі басқару жүйесінің тұжырымдамалық негізі ретінде пайдалануға негізделеді, соның нәтижесінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда адамға бағдарланған тәсіл іске асырылып, ұйым қызметінің күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуде барлық ресурстар жұмылдырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет