Дәрістер «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» куpсы бойынша дәрістер тезистері



бет19/19
Дата27.04.2023
өлшемі123,66 Kb.
#87579
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Ä?ð³ñòåð «Á³ë³ì áåðó æ?éåñ³íäåã³ ìåíåäæìåíò» êópñû áîéûíøà ä?ð³ñ

Регламент – кез келген мәжілістің бұлжымас заңы болуы тиіс. Мәжіліске кешігуі секілді, регламенттің бұзылуы да қызметтегі кемшілік болып саналады. Оның үстіне жиналысқа кешгуші тек өз жұмыс күнін ғана кемітетін болса, ал жиналысты кешіктіру бүкіл ұжым мүшелерін жұмыс күніне, яғни өндіріске үлкен зиянын тигізеді.
 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САЛАСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ РЕТІНДЕ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РОЛІ
Республикада менеджмент саласында халықаралық стандарттарды енгізуге арналған инфрақұрылым, нормативтік және әдістемелік база құрыла отырып, қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға жедел көшуі бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірқатар өкімдері қабылданды. Халықаралық негізде қабылданған Қазақстан Республикасының 36 мемлекеттік стандарты бар болып саналатын менеджмент жүйесі бойынша нормативтік база құрылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ретінде менеджмент жүйесінің мынадай халықаралық стандарттары қабылданған: ISO 900 серия, ISO экологиялық стандарты 14000, қауіпсіздік және еңбек гигиенасы стандарттары OHSAS 18001, әлеуметтік жауапкершілік стандарттары SA 8000, тамақ өнімдері қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің стандарттары ISO 22000 серия, СМЖ аудиті және экологиялық менеджмент – ISO 19011 және басқалары. Жыл сайын стандарттау жоспарына менеджмент саласында стандарттар әзірлеу қамтылады. Соңғы жеті жыл ішінде әр түрлі салаларда ISO 9001, 14001, OHSAS 18001 бойынша менеджмент жүйесі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Осы орайда басқару органдарының дене шынықтыру ұйымдарына әсер ету процесі нақты-уақытша сипатта және біршама жаңалық енгізіліп келеді. Мысалы: атқарушы органдар тек нақты территорияда орналасқан және өз құзыры шеңберінде ғана дене шынықтыру ұйымдарына әсер ете алады. Әсер етудегі мақсаттың, сонымен қатар басқару субъекті мен объекттің нақты сипатына да байланысты өзгешелігі болады. Егер Олимпиада Комитеті жоғары спорттық жетістіктерді дамыту саясатын қамтамасыз етсе, ал спорт түрі бойынша федерациялар спорттың нақты түрі бойынша барлық деңгейде, яғни жалпыдан ең жоғары спорттық жетістікке жеткізуді көздейді. Дене шынықтыру менеджменті жүйесінде ұйымының басшысы субъект болып табылады, оның орынбасары немесе жекелеген бөлімше басшылары да субъект болып табылады. Ал объектісіне- ұйымның (бөлімшелердің) ұжымы немесе жекелеген орындаушылар жатады. Субъекттің объектіге әсер етуі процесін шектеуші болып дене шынықтыру ұйымдары немесе оның ұйымдық-құқықтық формалары біліктілігі мен әртүрлі дәрежедегі басшылар мен орындаушылары, сонымен қатар т.б. факторлар есептеле алады.
Әсер ету мақсаты нақты жағдайларға байланысты өзгеріп отырады: пайда алудан (коммерциялық дене шынықтыру ұйымдары) әлеуметтік миссияны орындағанға дейін, (коммерциялық емес дене шынықтыру ұйымдары) бөлінеді.
Дене шынықтыру менеджментінің мақсаты - дене шынықтыру ұйымдарының қол жеткізе алу мүмкіншіліктерінің қалауы, мүмкіншілік және қажеттілік жағдайы. Көп жағдайда дене шынықтыру ұйымдарының мақсаты "саясат", "философия", "миссия" деген терминдермен алмастырылады. Мақсатты анықтау дене шынықтыру менеджментінің процесінің бастапқы сатысы болып табылады. Өйткені онда мақсатты бағыт сипатталынады. Дене шынықтыру менеджментінің мақсаты таңдалып алынған ерекшеліктерге байланысты қалыптасып, мақсат иерархиясына түзілінеді. Ол бір жағынан мақсатты және міндетті және екінші жағынан қолда бар ресурстарды ескере отырып оған қол жеткізудің мүмкіншіліктері. Нақты механизмдердің көмегімен субьект және обьекттің өзара әсері ретінде менеджмент процесі орындалады.
Дене шынықтыру менеджментінің механизмі - дене шынықтыру ұйымдарының мақсатын қызметкерлерінің және әлеуметтік-мәдени қызметтерді өндіруші тұтынушылардың қажеттілігін толығымен тиімді жүзеге асыратын әдістер, құралдар мен формалар кешені.
Дене шынықтыру функциясы - басқарушылық әсер етуді жүзеге асыруға жағдай туғызатын басқару іскерлігінің ерекше бағыты. Менеджмент функциясы негізгі және нақты болып бөлінеді. Менеджменттің нақты функциясы халық шаруашылығының кешенінің барлық салаларында қолданылады. Дене шынықтыру мекемелерінің (халықаралық, ұлттық немесе аймақтық, коммерциялық, коммерциялық емес, кіші, орта немесе ірі) кез келген түрінде қолданылады. Олар бір бірін алмастыра алады, яғни менеджменттің негізгі фукнцияларының құрамы мен мазмұны қандай жағдай болмасын өзгермейді. Басқаруды қамтамасыз етеді, яғни шектелген ресурстар жағдайындағы берілген уақыт аралығында менеджмент мақсатына жетеді.
Қазіргі уақытта мамандар менеджменттің негізгі функцияларының құрамына келесідей тоқтап отыр:
 ұйымдастыру, яғни жаңа және сапалы етіп бұрыннан қалыптасқан және қызмет көрсетіп жүрген кез келген типтегі жүйеге сәйкестендіріліп өзгеріп отыратын ішкі және сыртқы жағдайлармен іскерлік құру.
 жоспарлау, яғни менеджмент объектісін дамыту үшін мақсатты бағытталған, динамикалы және қатар әртүрлі жоспарларды жетілдіру.
 ынталандыру, яғни жетілдірілген жоспарларға сәйкес қызметкерлердің тиімді еңбек етуін ұйымдастыру үшін белсендіруші және ықпал етуші стимулдар жүйесін құру қызметі.
 бақылау, яғни менеджмент объектісіндегі процестер ағымын бақылап отыру қызметі. Берілген бағдарламаның бақыланушы параметрлерінің өлшемін салыстыру және бағдарламадан ауытқуды оның орны мен уақытын, себебі мен мінезін анықтау.
 үйлестіру (координация), яғни менеджмент процесінің үздіксіз болуын қамтамасыз ету. Ұйымның, бөлімшенің және жекелеген орындаушылардың арасындағы байланысты тиімді орнату арқылы ұйымның жұмысын жетістіктерге жетелеу.
Менеджменттің негізгі функциялары өзара тығыз байланыста. Ол басқарушылық әсер теу механизмін сипаттаушы біртұтас процесс. Дене шынықтыру менеджментінің нақты функциялары дегеніміз - басқарушы еңбегінің динамикалы дамуыныңы нәтижесі. Дене шынықтыру басқарудың нақты функциялары нақты бір объектіге басқарушылық әсер етудің мазмұнын сипаттап және анықтап береді. Дене шынықтыру саласында мынадай нақты басқару функциялары бар: жастарды спортқа баулу, дене шынықтыруды халықпен бірге ұйымдастыру, спорт түрлері бойынша жоғары білікті спортшыларды даярлау, спорт резервін даярлау, профессионалды спортты дамыту, спорттық жарыстар мен спорттық-көркем іс шараларды өткізу, спорттық тәрбие мен спортты дамытуға ғылыми және бағдарламалы-әдістемелік қамтамасыз ету, спорт тауарларының өндірісіні ұйымдастыру, халықаралық спорт байланыстарын жүзеге асыру т.б.
Дене шынықтыру менеджментінің нақты функциялары сәйкес орган немесе басшы арқылы іске асырылады, сондықтан дене шынықтыру менеджметінің жастарды спортқа баулу, спорт түрлері бойынша жоғары білікті спортшыларды даярлау, кәсіби спортты дамыту, спорттық тәрбие мен спортты дамытуға ғылыми және бағдарламалы-әдістемелік қамтамасыз ету, халықаралық спорт байланыстарын жүзеге асыру мақсатында алатын орны өте маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет