Форманың бөлімдері: форманың тақырып жолы – бұл бөлім форманың 1-ші бетінің ең басында орналасады және тақырыптың атауын орналастыруға арналған;
2. форманың ескерту бөлімі – соңғы беттің ең соныңда орналасқан, пайдаланушыға арналған кеңестер және басқада қажет ақпаратты орналастыруға пайдаланады.
3. деректер аумағы – деректердің жазулары орналасқан.
Экранға көрінбейтін бөлімді шығару үшін Вид /Заголовок/Примечание формы командасын орындау қажет.
Сұраныстарды құрастыру. Сұраныстар – бұл пайдаланушы орнатқан шарттың негізінде, бір немесе бірнеше кестелерден өзіне қажет жазуларды іріктеп алуға көмектеседі.
Сұранытың қасиеттері: 1. нәтижелі кестені құрастырғанда, базадан қажет ақпаратты тек таңдамай ғана, сонымен қатар оны өңдеу мүмкіндігі болып табылады (сұрыптау, сүзбеуден өткізу, біріктіру, бөлу, өзгерту). Сонда алғашқы кестеде ешқандай өзгертулер пайда болмайды.
2. қорытынды есептеулер жүргізу мүмкіндігі (өріс бойынша орташа мәнін, ең максималды, ең минималды мәнін, қосындыны табу).
Есептер құрастыру. Есептер – сұраныстар жұмысының нәтижелерін көрнекті түрде, баспа құрылғысында басылма түрінде алуға мүмкіндік береді (қағаз құжаты).
Құру тәсілдері: 1. автоматты түрде – Автоотчет. 2. шебер арқылы – Мастер отчета. 3. өз қолымен – Конструктор. Есептің құрылымы: 1. тақырып жол бөлімі– есептің жалпы атауын жазуға арналған; 2. жоғарғы колонтитул бөлімі – егер есептің құрылымы күрделі болса және бірнеше беттерден тұрса, онда ішкі атауларды жазу үшін қолданылады; 3. деректер аумағы – база кестелер өрісінің мазмұнымен байланысты, басқару элементтер орналасқан; 4. төменгі колонтитул– құру мерзімі және беттерді нөмірлеу; 5. ескерту бөлімі – қосымша ақпарат орналастыру; 6. топтың тақырып жолы – әрбір берілген топтың жоғарғы бөлігінде шығады