Екінші кезеңде сөз қорын молайту және фразаның құрылымын күрделендіру арқылы фразалық сөйлеу тілі қалыптастырылады. Сөйлемдерді күрделендіру, оларды грамматикалық өңдеу, диалогтық сөйлеу тілін дамыту және сипаттама әңгіме құрастыруға үйрету, сөз әрекетінің негізгі бірліктері ретіндегі сөйлеулерін жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.
Үшінші кезеңде негізгі болатыны ол- ерекше күрделі коммуникативті әрекетті, яғни байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, грамматикалық құрылымдарды машықтандыру. Әрбір кезеңде сөйлеу әрекетінің барлық жақтары қалыптастырылады.
Тәжірибелік жаттығулар арқылы балалар сөйлемдегі сөздерді түсінуге дұрыс айтуға үйренеді. Сөйлеу біліктерін (морфологиялық, грамматикалық, фонематикалық жалпылауларымен салыстырулар) қалыптастырғанда механикалық жаттықтыруға жол бермей, байланыстарды, мағынасын саналы түрде түйсіну үшін назарын талдауға бөліп, тіл материалын талдауға, жалпылауға, бақылауға үйрету қажет.
Сөздік жұмысының әртүрлі тәсілдері қолданылады: шынайы (заттарды, әрекеттерді, суреттерді, жағдайларды демонстрациялау), сөздік (сөзді ұқсастығы, айырмашылығы бойынша таныс сөздермен салыстыру) т.б.
Сөз таптарының түр-түрінен құралған сөз қоры жинақталады. Сөздік жұмыстың түрлері: іс-әрекетке сай заттарды іріктеу ( не ұшады, секіреді), тұтастың бөлшектерін атау (дөңгелегі, рулі), түбірлес сөздер іріктеу (етік-етікші), затты сипаттамасы бойынша табу, синонимдер, антонимдер іріктеу, кішірейтіп еркелетіп айтылатын сөздерді құрастыру. Тақырыптар (ойыншықтар, отбасы, көкөністер) бойынша сөз қорын меңгерумен қатар сөздердің белгілі граммаикалық формасын (жекеше көпше түрі, септік формалар) қолдану біліктері қалыптастырылады.
Заттармен іс-әрекеттерді орындағанда балалар сөзбен жалғастырады: сүтті құйдым, сүтті құмыраға құйып жатырмын, сүтті үрлеймін т. б.
Сұрақтарға жауап беру және сұрақ қою, сөз, сүйеніш сөздер, ілеспелі суреттер бойынша сөйлем құрастыру, заттар туралы жұмбақтар құрастыру, екі немесе одан көп заттарды салыстырып сипаттау білігі дамытылады. Жауаптары әртүрлі болу үшін баланы мадақтау қажет, сонда оның қажетті сөздің грамматикалық формасын белсенді түрде таңдай алуға мүмкіндігі туып, сөзге, сөз құралдарына деген қызығушылығы артады.
Грамматикалық дағдыларын қалыптастырғанда түрлі жаттығулар қолданылады: сөз тіркестерін қайталау, имитациялық, дайындық және трансформациялық жаттығулар. Жаттығулар қатынастық сипатқа ие болып қатынас процесіне жуық келеді. Грамматикалық құрылымдарды белсендіру үшін біртіндеп сөйлемдердің әртүрлі модульдері үйретіледі: Атау септік пен етістік (Шара отыр); Атау септік етістік және толықтауыш (Бала кітап оқып отыр); Атау септік, етістік және бір бірімен байланысты екі септік (Сапар қызға кітап берді — Барыс септік, Табыс септік).
Балаға ешбір грамматика туралы ақпарат берілмейді, баланы сөзжасаммен сөзөзгертудің жиі кездесетін моделдерімен практикалық түрде таныстыру, сөйлем құрау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кез келген грамматикалық категория бойынша жұмыстың жалпы тәртібі мынандай: ең алдымен бала логопед құрастырған сияқты белгілі бір модельді бақылап, құрастырады, кейіннен, жеке грамматикалық форманы жайылма сөйлемдерінде қолданып еліктеу сөйлеу әрекетіне қосылады. Өзіндік сөйлеу тіліндегі аграмматизм импрессивті аграмматизмді жою барысында теңестіріледі.
Сөйлеу тәжірибесімен қамтамасыз ету алдында морфологиялық элементтермен синтаксистік құрылымдарды саналы түрде ажырату, және жалпылау жұмысы жүргізілуі тиіс. Баланың назары сөздің мәні мен дыбысталуының өзгеруіне аударылады: қолды сипа — қолмен сипа, қарындашты сал — қарындашпен сал т.б. Сөйлем бойынша жұмыста басты ой бөлініп, логикалық екпін қойылып, оның орнының өзгеруі қолданылады, тапсырмалар сұрақтарға жауапты сөйлемдердің таралуымен құрастырылуын көздейді. Синонимизация тәсілі қолданылып, балаға басқаша айту, бір ойды басқалай, тіл құралдарының басқа түрлерімен жеткізу ұсынылады.Мұндай тапсырмалар баланың тілді «сезінуін» дамытып, лексикалық қорын белсендіруді қамтамасыз етеді, грамматика-синтаксистік модельдерді бекітеді.
Байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысы әрекет себебінің қалыптасуынан және ойын айтудың бағдарламасын ұйымдастырудан басталады. Ойын айтудың жоспары ретінде сюжетті суреттер сериясы, символика, жеке эпизодтар немесе жеке заттар бейнеленген суреттер қолданылады. Балалар суреттерді қажетті кезектілікте орналастырып, сұрақтарға жеке эпизодтаор бойынша жауап беріп, тірек сөздер бойынша әңгіме құрастырады, ең алдымен логопед көмегімен, кейін өз бетінше. Монологтық байланыстырып сөйлеуін қалыптастырғанда балалардың жеке сөйлемдерді құрау және тұтас мәтінді құрастыру біліктері бекітіледі.
Алалиясы бар балаларды сауат ашуға ерте жастан, үйретеді, себебі ол оның сөйлеу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Оқылған немесе жазылған материал есінде тез сақталып тез бекітіледі және сөйлеу әрекетінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сауат ашу балаға сөздермен фразалардың құрылымын меңгеруге көмектеседі, оқу мен жазу арқылы ол өзінің сөйлеу тілін қадағалап түзете алады. Мұндай балалармен сауат ашу кезеңі ұзаққа созылып арнайы тәсілдерді қолдануды талап етеді. Жазбаша сөйлеу тілін меңгергенде екінші реттегі дисграфиямен дислексия анықталады.
Мектеп жасындағы алалиясы бар балаларға оқытуды ерекше ұйымдастыру қажет. Ол сөйлеу тіліның ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп жағдайында іске асырылады. Ана тілін оқыту арнайы бағдарлама бойынша жүргізіледі. Арнайы мектепте балалар оқытумен тәрбиелеумен қамтамасыз етіледі, алайда сөйлеу тілі дамуының терең зақымдануы олардың ауызекі сөз арқылы қатынас жасауын шектеп ғылымдар негіздерін меңгеруде айтарлықтай кедергі жасайды.
Сөйлеу тілі жеңіл түрде дамымаған балалар жалпы білім беру мектептерінде оқып, логопедиялық пунктте сабақ алғанға мүмкіндіктері бар болғанымен қиналады. Логопедиялық сабақтарда балалардың сөйлеу тілі дамуындағы жеткіліксіздіктері толықтырылады, сөйлеу тілінің жалпылама функциясымен қарым-қатынас функциясын жетілдіру бағытында жұмыс жүргізіледі. Кейбір оқушыларда оқу қиындықтарының және оқудағы сәтсіздік жағдайлары салдарынан оқуға деген кері көзқарасы пайда болады, сондықтан логопедиялық сабақтарда олардың таным белсенділігі мен оқу әрекетін дамытуға ынталандырылады.
Балаларды мектепте оқуға дайындау үшін арнайы мектепке дейінгі және медициналық мекемелер (логопедиялық топтар немесе сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арналған балабақшалар, стационарлар, санаторийлер) ұйымдастыру қажет. Әрбір мекемеде балалардың сөйлеу тілін қалыптастыруға бағытталған медициналық-педагогикалық қызметкерлердің бірлескен жұмысы жүргізіліп біркелкі сөйлеу тәртібі қамтамасыз етеледі. Тәрбиешілер логопедиялық жұмысқа дайындықты жүргізеді немесе оны бекітеді (түсініктерді қалыптастыру, сөз қорын молайту, сөз орамдарын дамытып анықтау, байланыстырып сөйлеуін дамыту т.б.). Логопедиялық сабақтарда балалар сөзжасам сөзөзгерту модельдерін, сөйлем құрау мен байланыстырылған мәтінді практикалық түрде меңгереді. Олардың фонематикалық қабылдаумен дыбыстық талдауы қалыптастырылады.
Мұндай баланың сөйлеу тілін дамытудың тиімді көзі - олардың қалыпты, жақсы сөйлейтін адамдармен қатынасқа түсуі болып табылады. Қатынас сөйлеу тілі дамуы деңгейімен таным белсенділігін белгілейтін сөйлеу тілі дамуының бір ғана факторы болып есептелмесе де, аса тиімді мүмкіндіктері мен тұлға ерекшеліктерін ескеріп жұмыс жеке де жүргізіледі. Жұмыстың дифференциалды тәсілдері түзету әсерін өте нәтижелі етеді.
Балалар сөйлеу дағдыларын оқыту мен тәрбиелеудің жағдайлары бірдей болған күнде де біркелкі түрде меңгермейді. Авторлар алалияны түзетудің әртүрлі мерзімін атайды: біреулері бірнеше ай жеткілікті десе (Либманн, 1924), басқалары жұмыс жылдар бойы жүргізілуі тиіс және де болжам айту қиын дейді (М. В. Богданов-Березовский, 1909). В. К. Орфинская мен Л. В. Мелехованың пікірі бойынша, жұмыстың басталу мерзімі және ұзақтығы туралы мәселе, сөйлеу тілінің дамымауының сипатына және деңгейіне, баланың жеке ерекшеліктеріне қарай және басқа факторларды ескеріп, әрбір жағдайда жеке шешілуі қажет.
Жұмысты бастауға ең жағымды жас, ол 3-4 жас, балада білім алуға деген құштарлығы пайда болады, жұмысқа қажетті белсенділік, саналылық, қызығушылық, сын көзбен қараушылық кезі басталады.
Алалияда жағымды динамика келесі факторлады ескергенде айқындалады: сөйлеу тілінің дамымауын ерте анықтау, екінші реттегі ауытқулардың уақытылы алдын алу, қалыпты онтогенезді ескеру, лексика-грамматикалық жағының жетілмеуін ескеріп сөйлеу тілінің барлық компоненттеріне жүйелі түрде әсер ету, балаларға дифференциалды түрде қарау, сөйлеу тілін қалыптастырумен қатар сенсорлы-интеллектуальды және аффективті- ерік аясына әсер ету, сөйлеу процестерін, ойлауын және таным белсенділігін бірге қалыптастыру және т.б.
Алалияны сөйлеу тілі кемістіктерінің басқа түрлерінен ажырату