Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері


-тақырып. Эпикалық шығармаларды оқыту



бет17/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Байланысты:
Д рістер жина Ы 1-та ырып. дебиетті о ыту дістемесі п ні, ма с

9-тақырып. Эпикалық шығармаларды оқыту



  1. Эпикалық шығарманы талдаудың сатылары

  2. Шығарманың мазмұнын меңгерту

  3. Көркем шығарманы талдау жолдары

  4. Кейіпкерге мінездеме беру

  5. Композициялық талдау.



Дәріс мақсаты:

  • Эпикалық шығармаларды талдаудың жолдарын түсіндіру;

  • Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту, мазмұндық-композициялық талдау әдістерін қарастыру.




  1. Эпикалық шығарманы талдаудың сатылары

Мектептегі қазақ әдебиетінен білім мазмұнын құрайтын шығармалардың 70%-ы – прозалық шығармалар. Эпикалық шығармаларда автор жалпы өмірде болған жайлар туралы – адамдар тағдыры, олардың қарым-қатынасы жөнінде әңгімелейді. Оған көркем суреттеу, болған оқиғалар жөніндегі толғаныстар, ой-пікірлер, кейіпкерлердің сөзі (диалог, монолог), қосылады. Оқиға туралы суреткер өз ой-пікірін білдіреді, кейіпкерлермен бірге-күйініп-сүйінеді, кекетіп-мұқатып немесе мазақтап жазады. Сонымен бірге кейіпкерлердің сыртқы күйін – портретін, жүріс-тұрысын, сөйлеу дағдысын; ішкі күйін – толғанысын, көңіл-күйін бейнелейді т.б. Сонда эпика шындықты кең, жан-жақты бейнелеуге қолайлы жанр болып келеді.
Прозалық шығармалардың осындай күрделі табиғаты оған жан-жақты талдау тұрғысынан келіп, мазмұнын, идеясын, образдар жүйесін көркемдік компоненттерін жете меңгерту міндетін айқындайды. Көркем шығарманың қазығы – мәтін, содан туатын идея, образ, т.б. Сондықтан ең алдымен оқушыға мәтінді оқып, тыңдатудың мәні зор.
Танымның негізінде материал (мәтін) жататын болса, бірінші жинақтауға мәтінді оқу сатысы жатады. Екінші саты – талдау (бөлшектеу). Бұл тұста оқушылар бірлескен түрде шығарманың формасын (образдарын, композициясын, тілін, т.б.) жеке-жеке талдайды. Бөлшексіз бүтін жоқ.Талдау оқуды тереңдетеді. Сыныптағы бірлескен талдау сабақты белсенділендіреді. Талдауға дәріс емес, сұрақ-жауап әдісі ыңғайлы. Образдарды жіктеуге, ауызша мінездеуге алдымен баланың өзін дағдыландыру керек. Бұл кезде балалар шығарманың мазмұнын түйіндеп, тұтас мәтінді оның компоненттері бойынша таниды. Талдау шығарманың идеясын танытады. Автор идеясын Ү-ҮІІІ сыныптарда сабақ соңынан да айтуға болады. Талдау сабақтарын тереңдетудің екінші бір формасы – теориялық мағлұмат беру. Теориядан қалық болса, балалар мәтінді өздігінен талдай алмайды. Троп, фигура, жанр, әдіс, көзқарас дегендер талдау тұсында үйретіледі. Сондықтан орта буында әдеби-теориялық мәліметтер әр шығарманың тұсында беріліп, мәтінмен байланыста ұғындырылады.
Үшінші саты – талдау негізінде меңгерілген шығарманың бүкіл болмыс-бітімін жинақтап, шығарма идеясын ашу. Эпикалық шығармаларды оқытудағы сабақ жүйесі – әдеби оқу мақсатынан туатын түрлі міндет пен жұмыс түрлерінің ұштасып, жүргізілуін, балалардың сабаққа сапалы қатысуын ұйымдастыра білуді көздейтін жұмыс жүйесі. Осы жүйенің сақталуы үшін сабақты былай жоспарлауға болады: шығарманың жоспарын жасатып үйрету, мазмұндау, мінездеме түрлеріне жетілдіру, детальдарды талдау, теория элементтері, шығарма жаздыру, т.б.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет