Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері


-тақырып. Жалпы білім беретін мектептердегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы



бет6/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Д рістер жина Ы 1-та ырып. дебиетті о ыту дістемесі п ні, ма с

3-тақырып. Жалпы білім беретін мектептердегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы



  1. Мектептегі әдебиет курсының құрылымы

2. Әдеби білім берудің маңызы


Дәріс мақсаты:

  • Мектептегі әдебиет курсының құрылымымен таныстыру;

  • Әдеби білім берудің маңызын қарастыру




  1. Мектептегі әдебиет курсының құрылымы

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен қоғамдағы саяси-әлеуметтік өзгерістерге байланысты орта білім жүйесінде мемлекеттік білім стандарты қабылданып, пәндік бағдарламалар қайта жасалды. Қазақ тілінде білім беретін мектептердегі қазақ әдебиетінің бағдарламалары түзілді. Жалпы орта білім беретін мектептерде оқыту үш басқыштан тұрады: 1-4 сыныптар – бастауыш мектеп; 5-9 сыныптар – орталау мектеп; 10-11 сыныптар – бағдарлы мектеп. Мектептегі әдебиет пәнінің құрылысын айқындау осыүш басқышта оқитын балалардың жас ерекшеліктері мен соған орай қарастырылған білім мазмұнын меңгерту міндеттерінен туындайды.
Қазақ әдебиеті пәнінің құрылысы негізгі екі бағыттан тұрады: Әдебиеттік оқу (Ү-ҮІІІ сыныптар); Әдебиеттің тарихи курсы (ІХ-ХІ сыныптар).
Қазақ әдебиетін жеке пән ретінде оқыту 5-сыныптан басталады. Ол бастауыш сыныптарда оқушылардың қазақ тілі, ана тілі пәндерінен меңгерген білімдеріне сүйенеді. 5-8 сыныптардағы әдебиет курсы – жеке көркем шығарманы, әдеби нұсқаларды оқып-үйренуге негізделген әдеби оқу курсы. Бұл курстың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға құштарлығы мен ынтасын қалыптастыру, көркем әдебиетті сүюге тәрбиелеу, мәтінді мәнерлеп оқу, шығарманы қабылдау әсерін жетілдіру. Бұл сыныптарда оқушылардың оқырмандық тәжірибесі мен өмірлік әсерлері байытылып, тереңдетіле келіп, осы негізде олардың адамгершілік принциптері мен көркемдік тағылымдарының да дұрыс қалыптасуы көзделеді. Жаңа пән бағдарламасында әр сыныптың оқушыларының мүмкіндіктері мен икемділігін ашу, қалауын қанағаттандыру толығырақ ескерілген: әдебиеттік оқу христоматиялары әдеби-көркем шығармалардан, әдеби-теориялық мәліметтерден, деңгейлік жаттығу-тапсырмалардан тұрады.
Ү-ҮІІІ сыныптардағы әдебиеттік оқу пәнінде әр дәуірдің әдебиет үлгілерінен материалдар беріліп, солар арқылы оқушыларды көркемсөз материалдарымен таныстыру, мәнерлеп оқу, жаттау, мазмұндау, әдеби талдау, шығарманың көрскем айшықтарын меңгерту жұмыстары іске асырылады. Бұл сыныптағы материалдар әдебиетті дәуірлеу принципі бойынша топтастырылған. Атап айтқанда, ауыз әдебиетінің үлгілері (ертегілер, батырлар жыры, жұмбақ-жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер), ежелгі дәуір әдебиеті, хандық дәуір әдебиеті, ХІХ ғасыр әдебиетінің үлгілері және ХХ ғасырдағы көптеген ақын-жазушылардың шығармалары сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес көлемде ұсынылады. Жыл соңында шетел әдебиеті үлгілерінен 1-25 шығарма оқытылады.
Орта буында оқу материалының мазмұны оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және жалпы дамыту міндеттерін шешуге бағытталған. Бірте-бірте күрделене түсетін материалдар негізінде оқушылар отанға және туған жерге деген махаббат, қоғамдық мінез-құлық, борыш, еңбек, адалдық, ерлік, табандылық, қарым-қатынас мәдениеті т.б. тақырыбындағы туындылармен танысады. Сонымен қатар, олар өздерінің көркем әдебиет жайындағы ұғымдарын кеңейтеді.
Ал ІХ-ХІ сыныптарда әдебиеттің тарихи курсы оқытылады. Мұнда халық ауыз әдебиетінің түрлерінен бастап, қазақ әдебиетінің кезең-кезеңдері жүйелі түрде, бірізділікпен өтіледі. Бұл материалдардың барлығы әдеби-тарихи талдау негізінде оқытылады. Ондағы мақсат – оқушыларды әдебиетіміздің тарауларынан (кезеңдерінен) жан-жақты мағлұмат алып, ақын-жырау, жазушылардың өмірі мен шығармашылық жолы, шығармалары туралы біршама кең көлемде шолу тұрғысынан меңгерту. Сонда олар қазақ әдебиетінің тарихынан біршама білімдер игереді. Сондықтан бұл сыныптарда христоматиялар кеңінен пайдаланылады.
ІХ-ХІ сыныптарда әдебиеттің даму процесі, әдеби жанрлардың туу, қалыптасу, даму заңдылықтары, олардың тарихи-әлеуметтік негіздері, ақын-жазушылардың шығармашылық өмірбаяндары тұтас қамтыла оқытылатын әдебиеттің тарихи-әдеби курсы болып табылады. Бұл сыныптарда жеке шығармаларды оқып-үйренумен бірге, оқушылардың орта буында алған әдеби-теориялық білім, дағдылары әрі қарай дамытылып, күрделене түседі, тарихи негіздегі жүйеге келтіріледі. Әдебиет теориясынан шығарманың тақырыбы, идеясы, композициясы, сюжеті сияқты ұғымдарға әдеби шығарманың жанрлары, стилі мен тілі, образдар жүйесі сияқты негізгі ұғымдар қоса қарастырылады. Әсіресе, гуманитарлық бағдарлы мектептің ІХ-ХІ сыныптарында бағдарламалық материалдар құрамы күрделене түседі. Білім мазмұнына қойылатын талап-тілектерге сәйкес жаңа шығармалармен толықтырылған.
Әдебиет пәні оқушыларды өз халқының мәдени мұраларымен таныстыра отырып, жалпыадамзаттық жинақталған рухани байлықтарды меңгеругеде жол ашады. Сөйтіп, адам мен қоғам жайындағы жас ұрпақ түсінігі мен тәжірибесін байытады, өмірлік адамгершілік принциптермен қаруландырады. Әдебиет, сондай-ақ оқушының идеялық сенімін тереңдетіп, мәдениетін көтереді, эстетикалық талғамын ұштайды, қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін белгілейді. Сондықтан, жастарды жоғары мәдениетті, парасатты адам етіп тәрбиелеуде әдебиет пәнінің маңызы зор.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет