Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері


Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы



бет5/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Д рістер жина Ы 1-та ырып. дебиетті о ыту дістемесі п ні, ма с

3. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы
Әдебиет пәні үшін Одақ көлемінде алпыс жыл тұрақты болған түбегейлі бетбұрыс 1933 жылы қабылданған бағдарламаларға көшу болды. Ол әдебиет пәнінің өз дербестігіне толық ие болып, оның қалыптасу үрдісінің біршама тездеуіне игі ықпал етті.
Одақ көлемінде ұйымдастыру формасы қалыпқа келген, даму бағыттары мен білім мазмұны айқындалған мектептердің бұдан кейінгі дамуы Қазақстанда да 1940 жылға дейін қазақ әдебиеті пәнінің құрылымдық толықтығын шешіп, пән ретінде қалыптасу кезеңінің аяқталуына жағдай туды. Ол іс те 1932-1933 жылдарға созылыңқырап барып, 1932 жылы бастауыш оқу бағдарламасының нұсқасы, 1934 жылы орыс мектептерінің орыс әдебиеті бағдарламалары үлгісінде қазақ әдебиетінің оқу бағдарламаларына көшуі, 1938 жылдары мектептегі айқындалған әдебиетті оқыту курсының үш буындық жүйесінің: ана тілін бастауыш сатыдағы әдебиеттік оқу (V-VІІ сыныптары), әдебиет тарихын оқу (VІІ-Х сыныптарда), әдебиет пәнінің қалыптасуына маңызды белестер болды.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарға ашық сұраныс күшейді, қазақ әдебиетінің жүйеге түскен тарихын жасау, жас ұрпақты оқыту мәселелері бойынша қоғамдық ой-пікірлер өрістеді. Солай болса да, 1932 жылдан қазақ әдебиеті дербес оқу пәні болып оқытыла бастағанымен, оның қалыптасу кезеңі бұл қарсаңда тиянақталмаған еді.
Өйткені оқу пәнінің пәндік құрылымының басты компоненттері болып табылатын оқу бағдарламасы мен оқулықтар жүйесін жасау, бір қалыпқа келтіру 1938-1940 жылдарға дейін жүріп жатты. Оның үстіне қазақ мектептерінің сыныптық құрылымдары әлі толық айқындалмай, сабақ жүйесі біртұтас болмады. Сабақтың курстық толықтығы болмаса, оқу пәні де толық пән дәрежесіне жетпейді. Қазақстанда қазақ мектептерін тек 1940 жылдары ғана оқу пәнінің толық пән ретінде жүзеге асуына жақын келді.
1935 жылы барлық қазақ мектептерінің 75 %-sнда ғана сынып немесе екі ғана сынып, әрі кетсе үш қана сыныптар болған. Ал жеті жылдық болып құрылған барлық 212 қазақ мектебінің 1936-1937 оқу жылында тек 79 мектебінде ғана жетінші сыныптар болған, 17 қазақ орта мектебі бар деп есептелсе де, оныншы сынып тек оның біреуінде ғана ашылған (Алматы қаласы, №12 мектеп). Тек 1939-1940 оқу жылына қарай қазақ мектептерінің сыныптары мен ондағы балалар саны толыса бастаған.
1958 және 1985 жылдары мектеп реформалары жүзеге асырылды.
1990-2000 жылдарда елімізде жалпы және орта білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер болды. 1997 жылы «Әдеби білім тұжырымдамасы», 1998, 2002 жылдары Қазақстан орта білімінің мемлекеттік стандарты енгізілді.
Әдебиетті оқытудың жаңа технологиялар жүйесі енгізілуде. Соңғы жылдары әдіскер ғалымдар мен оқытушы-мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік ізденістері өз нәтижелерін беруде. Бүгінгі күн талабына орай ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. 2001 жылы «Білім жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы» бекітілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет