журналы – қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін тіркейтін,
тоқсандық және жылдық бағаларды автоматты есептеуді жүзеге асыратын
құжат;
8) білу – нақты фактілерді, ақпаратты және сипаттамаларды қайта
жаңғырту немесе есте сақтау қабілеті
9) түсіну – ақпаратты дұрыс қайта жаңғырту, болжау немесе түсіндіру
арқылы меңгерілген материалды түсіну және түсіндіру қабілеті;
10) қолдану –
проблемаларды шешу мақсатында меңгерілген
материалды нақты жағдайларда және жаңа жағдаяттарда қолдану қабілеті.
Практикалық жұмыс, эксперименттер, проблемаларды шешу мен жаңа
және/немесе түрлі өнімдер жасау білімді қолдануды көрсетудің тәсілдері
болып табылады;
11) талдау – түрткілер мен себептерді, ой қорытындыларын анықтау,
ортақ ережелерді негіздеу үшін дәлелдер табу арқылы ақпараттық
материалдарды құрамдас бөліктерге бөлу, ақпаратты зерделеу қабілеті;
12) жинақтау – бөліктерді (идеялар, әлементтер) жаңа мәнмәтінге
біріктіру,
қиыстыру қабілеті, мысалы қолдағы бар мәліметтерді реттейтін
хабарлама (баяндама, сөз), іс-әрекет жоспары, сызбалар. Оқытудың тиісті
күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу шығармашылық сипаттағы қызметті
болжамдайды;
13) бағалау – қандай да бір материалдың (пікірлер, көркемдік
шығармалар, зерттеу деректері) маңызын бағалау қабілеті;
14) тыңдалым – түрлі тақырыпта ауызша айтылғандардың негізгі
мазмұнын түсіну; олардан негізгі ақпаратты айырып көрсету;
айтушының
пікірін тани білу; мәнмәтін бойынша сөздің мағынасын айқындау; түрлі
стратегияларды қолдана отырып, білім алушылардың деңгейлеріне сәйкес
мәтіндердің әр түрінің мазмұнын қабылдау және түсіну қабілеті;
15) айтылым – түрлі тақырыптардағы әңгімеде сөйлесудің ресми және
сөйлеу стильдерінің сөздерін қолдану; қажет ақпарат алу үшін анағұрлым
күрделі сауалдар қою;
өз ойын білдіру; күтпеген түсініктерге пікір білдіру;
құрдастарымен тапсырманы орындау барысында қарым-қатынас жасау;
арнайы лексиканы сауатты қолдану; тарихты және оқиғаларды қайта айтып
беру қабілеті;
16) оқылым – түрлі тақырыптардағы көркемдік және ғылыми
мәтіндердің негізгі мазмұндарын түсіну, олардың ішінен ақпаратты
іздестірудің түрлі стратегияларын қолдана отырып түйінді ақпаратты айырып
көрсету; мәнмәтін бойынша сөздердің мағыналарын анықтау; автордың
қатынасын
және пікірін тани білу; сөздердің мағынасын тексеру және
оқылғанды түсінуін тереңдету үшін қағаздағы және сандық дереккөздерді
пайдалану қабілеті;
17) жазылым – түрлі тақырыптарға жазбаша жұмыстарды жоспарлау,
жазу, редакциялау және түзету; қазір болған және ойдан шығарылған
оқиғалар туралы, оқылғанға сыни пікірлер жазу; орфографиялық және
грамматикалық қателер жібермей,
барынша сауатты жазу; белгілі стильді
ұстану; түрлі тізбек-сөздерді қолдана отырып сөйлемдерді параграфтарға
байланыстыру қабілеті;
18) портфолио – бұл белгілі оқу мерзімінде білім алушының жеке оқу
жетістіктерін тіркеу, бағалау және жинақтау тәсілі. Білім алушылардың
портфолиосы оқу мақсатына жету дәлелі ретінде қалыптастырушы және
жиынтық бағалау нәтижерін жинақтау үшін арналған. Портфолио мүдделі
адамдар үшін бағалаудың объективтілігін және ашықтығын білім алушылар
нәтижелерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: