Телекоммуникациялық желілер — ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады (абонентгік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстардың тұжымдаса пайдалану мақсатында кұрылады.
Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің қай жерде орналасқанын қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтықта жіберуге, сонымен қатар еліден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар. Телекоммуникациялы желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі әр түрлі типтегі компьютер, байланыс құрылғылары, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бірдей немесе әр түрлі деңгейдегі желілер жұмысты үйлестіруге арналған адаптерлік құрылғылардан тұрады.
Телекоммуникациялык желілерде ақпаратты жіберу телефондық, телеграфтык, телевизиялық және спутниктік жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректерді аналогтың және цифрлық кодтау қолданылады.
Телекоммуникациялык желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі — желі шешетін мәселеге бағытталған бір тұтас ақпараттың қоры болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың (абоненттер) ортақ пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер жиыны. Оңда білім базасы, автоматтаңдырылған деректер базасы (жергілікті және таратылған, қоғамдық және дербес пайдалануға арналған) қамтылған. Интернет желісі. Әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен жалғастырылған мекемедегі жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі аймақтық желілер телефон желісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желі аралық байланыс орнату қажет болғанды кабельдік желілерді пайдалануға болмайды.
Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары: телефон, радио желілік байланыс; талшықты оптикалык байланыс, ғарыштық жасанды серіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |