ДӘрістер кешені павлодар 2012 жыл 2


Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 7



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата05.02.2017
өлшемі0,81 Mb.
#3472
1   2   3   4   5   6   7

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 7. 

Қосымша әдебиеттер: 4, 5. 

 

 



І бөлім 

КӘСІБИ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

2-дәріс. Кәсіптік әрекет процесі 

 

Белгілі  психолог  Е.А. Климов  «кәсіп»  түсінігінің  бірнеше  аспекті-

лерін қарастырады: 

– кәсіп  жақын  мәселелермен  айналысатын  және  шамамен  бірдей 

қалыпта  өмір  сүретін  адамдардың  жиыны  ретінде  (белгілі  болғандай, 

қайткенмен кәсіп адамның бүкіл өмірінде өзінің «ізін» қалдырады); 

– кәсіп маманның кәсіби іс-әрекетінің объектісі мен пәнін айқындау 

және нақтылаумен байланысты күштерді қолдану саласы ретінде; 



 

11 


– кәсіп  тұлғаның  іс-әрекеті  мен  танылу  саласы  ретінде.  Кәсіби  іс-

әрекет  тек  қандай  да  бір  өнімді  немесе  қызметтерді  жай  ғана  өндіруге 

мүмкіндік  беріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  ең  алдымен  ол  адамның 

шығармашылық потенциалын жүзеге асыратынын және осы потенциалдың 

дамуы  үшін  жағдай  жасайтынын  жиі  естен  шығарып  аламыз  (К. Маркс 

айтқандай, еңбектің негізгі нәтижесі – бұл өндірілген өнім емес, «қоғамдық 

қатынастардағы адамның өзі»); 

– кәсіп  тарихи  дамушы  жүйе  ретінде.  «Профессия»  сөзінің  өзі 

латынша  profiteri  –  «көпшілік  алдында  сөйлеу»  деген  сөзіне  сәйкес  келуі 

тегін  емес.  Осылайша,  кәсіп  феноменінде  ежелден  –  ақ  жалпы  және 

әлеуметтік  психологияның  пәні  болатын  оқиғалар  жасырылған,-  деп 

анықталады;  

– кәсіп еңбек субъектісінің өзі шығармашылықпен қалыптастыратын 

ақиқат  ретінде  (біздің  жағдайда  –  психологтың  өзі).  Бұл  мәдени  –  тарихи 

жағдайдың  өзі  жаппай  доминантты  болмайды,  көбісі  нақты  адамдардың 

өздеріне тәуелді дегенді білдіреді.  

«Кәсіп»  ұғымынан  басқа,  оған  жақын  өзге  түсініктерді  талдау  да 

қажет  болады.  Көбінесе,  «мамандық»  түсінігі  –  бұл  өз  күшін  жұмсайтын, 

анағұрлым  нақты  сала.  Мысалы,  психолог  кәсібіндегі  мамандықтар 

«әлеуметтік психология», «клиникалық психология» және т.б. бола алады. 

Тағы  бір  нақтырақ  түсініктер  «қызмет»  немесе  «еңбектегі  посты».  Мұнда 

нақты мекемедегі жұмыс және нақты қызметтерді атқару анықталады. «Іс» 

ұғымы, керісінше, өзіне кәсіпті де, мамандықты да және нақты қызметті де 

қосып  алатын  жеткілікті  кең  ұғым.  Мысалы,  бір  мамандар  мектептегі 

кәсіби  бағдарлану  мәселелерімен  айналысады  деп  айтуға  болады.  Мұның 

ішінде жасөспірімдердің жас ерекшелік – психологиялық даму мәселелері, 

бала  –  ата-ана  қарым  -  қатынасы  мәселесі,  тұлға  әлеуметтенуінің  жалпы 

мәселелері 

және 

бұлармен 



байланысты 

қоғамның 

әлеуметтік-

экономикалық  ерекшеліктерін  түсіну  мәселелері,  дамудағы  ауытқумен 

байланысты мәселелерді қарастыру да жатады.  

Тұтастай «кәсіп» түсінігінің сипаттамасы төмендегідей: 

– бұл,  кәсіби  маман  үшін  аралас  мамандықтармен  ажырамас 

байланыстағы іскерлікті білдіретін шектеулі еңбек түрі; 

– бұл,  арнайы  дайындық  пен  үнемі  қайта  дайындықты  талап  ететін 

еңбек; 


– бұл,  марапаттау  үшін  орындалатын  еңбек  (мұнымен  кәсіп  кәсіби 

емес іс-әрекет түрлерінен ажыратылады); 

– бұл, қоғамдық пайдалы еңбек (бұл сипаты жөнінде шын мәнісінде 

психологтардың өздері де әлі күнге толық ойланған жоқ); 

– бұл, адамға қоғамда белгілі бір статус беретін  еңбек (көп адамдар 

үшін «мен – психологпын» деп айту – бұл көп нәрсені білдіреді...). 



 

12 


«Кәсіптің»  мәнін  жақынырақ  одан  әрі  түсіну  үшін  ХХ  ғасырдың 

басында белгілі психолог С.М. Богословскийдің берген анықтамасын еске 

түсірген жөн:  «Кәсіп-әрекет және кәсіп арқылы адам қоғам өміріне қаты-

сады,  сондай-ақ  кәсіп  адамның  өмір  сүруіне  қажетті  материалдық  құрал-

дардың  ең  негізгі  қайнар  көзі  ретінде  қызмет  атқарады.  Сонымен  қатар 

адамның жеке өзіндік санасының кәсібі ретінде қарастырылады». 

С.М. Богословскийдің  соңғы  тұжырымы  («берілген  адамның  жеке 

өзіндік  санасының  кәсібі  ретінде  түсіндіріледі»)  кәсіби  іс-әрекеттің  ең 

маңызды  психологиялық  аспектісін  айқындауға  және  маманданудың 

кейбір  «парадокстарын»  белгілеуге  мүмкіндік  береді.  Көбінесе,  адам  өз 

міндеттерін  (одан  талап  етілетіндердің  барлығын)  өте  жақсы  орындай 

алады, бірақ соның өзінде өз жұмысын жек көреді. Бұл жағдайда «берілген 

адам» үшін мұндай жұмысты «кәсіп» деп айту өте қиын. 

Бұл  анықтамаларды  жалпылай  келе,  мынадай  сипаттамаға  тоқтай-

мыз. Мамандық (латынша professio) – еңбек іс-әрекетінің тарихи қалыптас-

қан  формасы,  мұны  орындау  үшін  адам  нақты  білім,  дағдыны  игеріп, 

арнайы  қабілеттер  мен  дамыған  кәсіби  маңызды  сапаларды  меңгеруі 

қажет. 


Кәсіп  атқару  жолындағы  еңбек  орны  мамандық  атқарушы  адамның 

белсенділігінің  басты  формасы  болы  табылады.  Кәсіп  атқару  жолындағы 

еңбек және жұмыс орындарының негізгі сипаттамасы мекемелердің құқық-

тық құжаттары және еңбекке байланысты объективті мұқтаж-мүдделер мен 

әлеуметтік-психологиялық  жәйттердің  индивидуалды  өзгешеліктері  арқы-

лы  анықталады.  Осындай  индивидуалды  өзгешеліктер  мен  объективті 

мұқтаж-мүдделер  бірыңғай  кәсіби  іс-әрекетті  істейтін  адамдардың  өзара 

байланысында пайда болады. 

Кәсіп  атқару  жолындағы  еңбек  орны  білімнің  жүйелік  сипатына  ие 

болады және ол көп қырлы болып жүзеге асады. 

Психологиялық  тұрғыда  енбек  орнына  сай  мынадай  бөлшектерін 

анықтауға болады: 

1. Әлеуметтік тұрғыда орнатылған мақсаттар мен еңбектің түп нәти-

жесіне байланысты ойлар; 

2. Еңбектің  істелінуі  үшін  керекті  тапсырылған  зат  (еңбек  шығын-

далатын материалдар, еңбек етудің объектілері, еңбек затына байланысты 

ақпараттық, заттық, әлеуметтік, тіршілік процестері); 

3. Еңбекті атқарудағы құралдар жүйесі; 

4. Кәсіпке  тиісті  қызметтік  міндеттердің  арнайы  жүйесі,  орнатылған 

еңбек әрекетінің функциялары; 

5. Еңбек атқарушының құқықтар жүйесі;  

6. Өндірістік орта (еңбектің заттық және әлеуметтік жағдайлары). 

Әлеуметтік  тұрғыда  орнатылған  мақсаттар  мен  еңбектің  түп 

нәтижесі  жұмыс  орындау  үлгілері,  оның  құжаттық  сипаттамасы,  істеудің 



 

13 


көрінісі және еңбек талаптарының қалыптасуы арқылы тіркелініп отырады. 

Осымен бірге, айтылған мақсаттар мен міндеттер әрқашанда құжат түрінде 

тіркелмей, мемлекеттік стандарттарда көрініс алмауы да мүмкін. Мысалы: 

басшының  еңбек  әрекетінің  нәтижесі  ретінде  оның  басқарған  еңбек 

ұжымының тиімді қызмет етуі болып табылады; ал оркестр дирижерының, 

вокалды  ұжымның  өнер  әрекетінің  нәтижесі  ән-күй  туындыларын 

шығармашылықпен орындау болса, ұшқыш пен штурман атқаратын кәсіби 

әркетінің нәтижесі ұшу  процесін оптималды және қауіпсіз басқару болып 

табылады.  Әрине,  «тиімді»,  «оптималды»,  «шығармашылық»  сияқты  си-

паттамалар  әр  уақытта  бірыңғай  объективті  өлшемдермен  сипатталмай, 

олар  еңбектің  тек  нақты  белгілердің  жиынтығында  ғана  айқындалады. 

Еңбек  әрекеті  соңынан  шығарылатын  өнім  мен  нәтиже  ізденіспен  байла-

нысты  әрекеттерде  жиі  кездеседі  (мысалға:  ғылыми-зерттеу  әрекетінде, 

өнер  мен  шығармашылықта).  Бірақ  кейбір  жағдайларда  еңбек  әрекетінің 

нәтижелерін  қатаң  «объективті»  түрде  тіркеп  отыру  формализмге  апаруы 

мүмкін. 


Еңбек  әрекетінің  заты  ретінде  біз  адамның  еңбек  процесіндегі 

қажетті  және  өңделінетін  объектілер  мен  құбылыстардың  арасындағы 

өзара  байланыстарымен  және  олардың  еңбек  әрекетіне  маңызды  болатын 

ерекшеліктерін еңбек әрекеті затының ресми көрінуі ойша атқарылатын  – 

материалды  өңдеумен  байланысты  мамандықтарда  құжаттық  түрде  тірке-

лінеді.  Мамандықтар  қатарында  еңбек  әрекетінің  заты  ретінде  түрлі 

белгісіздік жағдайлар да болуы мүмкін. Мысалға, автокөлік жүргізушісіне 

жол  жағдайлары  сондай  болуы  мүмкін.  Тәрбиеші  еңбек  әрекетінің  заты 

ретінде  баланың  тәрбиеленудегі  ықтималды  және  сапалы  өзгеруін  айтуға 

болады;  спорт  саласындағы  бапкер  еңбек  әрекетінің  заты  –  спортшы-

лардың  организм  жағдайлары  мен  олардың  арнайы  дайындық  арқылы 

қалыптасатын  жетістіктері;  басшы  еңбек  әрекетінің  заты  -  қол  астындағы 

еңбек  ұжымының  әлеуметтік-психологиялық  қолайлылығы  және  кәсіби 

дамуындағы жетістіктері болып табылады. Ал, ғылыми-зерттеу және өнер-

шығармашылық  әрекеттерінде  еңбектің  заты  –  бұл  ізденіс  әрекетінде 

керекті  ақпараттар  мен  көркем  эстетикалык  көріністерді  қалыптастыру 

болады.  Басқа  сөзбен  айтқанда  –  осындай  еңбек  әрекеттері  әлеуметтік 

маңызы  бар  өнімдерді  тудыруы  тиіс.  Мысалға,  мемлекеттік  қызметкер 

еңбегінің заты ретінде  «әлеуметтік процестердің реттелу жағдайы» болса, 

сол еңбектің нәтижесі – әлеуметтік процестердің реттеліну деңгейі болады. 

Сонымен, еңбек әрекетінің заты дегеніміз түрлі құбылыстар, процес-

тер, объектілер және еңбек белгілерінің өзара байланысты жиынтығы мен 

заттық өрісін айтамыз. 

Еңбек құралы ретінде адамға еңбек әрекетінің заты мен еңбек мақса-

тына  сай  заттың  өзгеру  мүмкіндігін  қамтамасыз  ететін  объективті  (мате-

риалды,  виртуалды)  тәсілдерді  белгілеуге  болады.  Педагог,  басшы, 



 

14 


мемлекеттік  қызметкердің  (жалпы  «адам-адам»,  «адам-әлеуметтік  топ» 

сияқты мамандықтың өкілдері ретінде) еңбек құралына үлгілер, эталондар 

және  басқару  әдістерімен  қоса,  олардың  табиғи  мүмкіншіліктер  мен 

индивидуалды қабілеттерін жатқызуға болады. Мысалы: басшының дауыс 

ерекшеліктері  негізгі  қабылданған  ережелер  секілді  бағынушылар  мен 

оқушылардың  көзқарастары  мен  өзіндік  сезінулеріне  (қолайлы-қолайсыз) 

әсер  етеді.  Басқарушы  еңбегінің  тиімді  құралдары  ретінде  (оқытушының, 

мұғалімнің,  бапкердің,  дирижердің,  режиссердің,  басшының)  жестику-

ляция мен мимика,  поза (өзіндік  ұстанымы), қимыл-қозғалыстармен бірге 

түрлі вербалды емес құралдарды айту жөн. 

Айтылған  жағдай  басқа  да  мамандықтар  өкілдеріне  де  тән  болуы 

мүмкін. Дәрігер мен емделушінің арақатынасы (деонтология) науқастың не 

жазылуына,  керісінше  не  аурудың  ұшыға  түсуіне  ықпал  етеді.  Еңбек 

ұжымында компьютерлермен жұмыс жасайтын инженердің вербалды емес 

әрекеті  қызметкерлердің  техника  мүмкіндіктерін  белсенді  түрде  пайдала-

нуына мүмкіндік береді немесе кедергі туындатады. 

Жалпы алғанда, еңбек құралдарын сыртқы және ішкі деп ажыратуға 

болады. Олардың жіктемесін төменгідей түрде көрсетуге болады: 

I. Затты өңдеу құралдары мен жалпы еңбек құралдары: 

1) ақпаратты  қабылдау  мен  бейнелендіру  құралдары  (ақпараттық 

шартты сигналдар, бейнелерді ұсыну құралдары);  

2) ақпаратты өңдеу құралдары (оргтехника);  

3) ақпаратты тасымалдау және жеткізу құралдары;  

4) белгілер  жүйесіне  негізделген  техника  мен  тіршілік  жүйелерінде 

тәжірибелік  әрекеттерді  жүзеге  асыратын  құралдар  (қолмен  істелінетін 

еңбек құралдары, қол көмегімен басқарылатын автокөлік, ұшақ, жартылай 

және толық автоматтандырылған жүйелер). 

II. Еңбек әрекетінің сыртқы функционалдық құралдары: 

1) адамның  сөйлеу  әрекеті  мен  жүріс-тұрысындағы  бейнелеуіш 

құралдары  (басшының,  мемлекеттік  қызметкердің,  педагогтің,  әртістің, 

радиотеле жүргізушілердің жұмысында орын алатын табиғи құралдар); 

2) адам  организмінің  табиғи  мүмкіндіктері  (бапкер,  балет,  цирк 

әртістері); 

3) орындаушылар  тобын  басқару  (басқаратын  дирижер,  режиссер, 

ұйымдастырушы); 

III. Еңбектің ішкі функционалдық құралдары: 

1) білімдер,  жаңалықтар,  іскерліктер  мен  дағдыларды  жүзеге  асыру 

қабілеттері; 

2) іс-әрекет  нәтижелері  мен  өнімдері  туралы  болжамды  көріністер, 

әрекет, мақсаттар мен орындау үлгілері; 

3) еңбек әрекетінің мотивтері; 


 

15 


4) адамның  жекеленген  және  интеллектуалды  ерекшеліктері  немесе 

кең мағынасында жеке дара және кәсіби потенциалы. 

Еңбектің  ішкі  және  сыртқы  құралдарының  өзара  байланысы  "кері 

байланыспен"  сипатталынады:  еңбектің  сыртқы  құралы  неғұрлым  азырақ 

көрініс тапса, ішкі құралдары кеңірек жетіледі. 

Кәсіп  атқару  жолындағы  еңбек  орнын  сипаттайтын  еңбек  субъекті-

сінің міндеттемелер жүйесі еңбек етушіге негізгі белсенділік формаларын 

жүктеп, оған талаптар жүктейді. 

Еңбек  қызметтерін  адам  еңбегінің  жағдайлары  мен  мақсаттарына 

сәйкес  реттелген  адамның  еңбек  белсенділігін  қамтамасыз  ететін  процес-

тері деп түсінуге болады. 

Әрекет атқарушы субъектілердің еңбек қызметтері мен функциялары 

тарих  барысында  түрлі  өзгерістермен  сипатталған.  Адамзат  тарихының 

алғашқы  кезеңдерінде  жүкті  көтеру  және  оның  орынын  алмастыру  үшін 

адамдар мен  жануарлардың физиологиялық күштерін пайдаланып тұрған, 

яғни  олардың  күштерін  көліктік  функция  ретінде  жүзеге  асырған.  Қазіргі 

уақытта  жалғыз  адам  механикалық  құралдар  мен  аспаптар  көмегімен  дәл 

сондай  жүктің  орнын  алмастыруға,  көлікті  жылжытуға  мүмкіндігі  бар 

(автоматтандырылған кешендер мен желілер операторы, экскаватор, кран, 

локоматив машинисі). Әдетте еңбек ұжымы ішінде жеке жұмыстарды және 

еңбек қызметтері мен функцияларын адамдар арасында үлестіруге болады 

(цехтарда,  бригадаларда,  экипаждарда).  Осында  құрылымдар  ретінде 

атқарушылық  және  басқарушылық  функциялар  айқын  болады.  Еңбек 

қызметтері  мен  функциялары  тікелей  және  жанама  түрде  бақылануы 

мүмкін  (ақпаратты  сынау  мен  ойша  өңдеу,  психикалық  және  фунцио-

налдық жағдайларды қадағалау мен реттеу). Мысал үшін, ұжым басшысы 

қандай  да  бір  шешім  қабылдауда  өзінің  күмәндарын  көрсетпей,  сыртқы 

жайбарақаттылықты  сақтап  отырады;  сатушы  дүкенге  келген  клиентке  өз 

тауарының  артықшылығын  көрсетіп,  сендіріп,  оны  сатып  алу  ниетіне 

келтіруі  тиіс;  асыл  бұйымдарды  әрлеуші  өз  жұмысына  тиянақтылықпен 

қарамаса, оны бар ынта-жігерімен жасай алмайды. 

Еңбек  функциялары  мен  қызметтері  және  сол  еңбекке  қатысты 

міндеттемелер  нормативтік  құжаттарда,  инструкцияларда,  ережелерде 

айқындалып  тұруы  тиіс.  Әдетте  ережелер,  нормативтік  актілер,  инструк-

циялар  еңбектің  жан-жақты  өзгешеліктерін  белгілей  алмайды  және  осы-

ларға еңбек субъектісінің қызметтері сайма-сай болмаған жағдайда объек-

тивті қайшылықтар туындауы мүмкін. Сондай қайшылықтарды жұмысшы 

құқықтары мен міндеттерін ескеру арқылы қалыптастыруға болады. 

Әр жұмысшының еңбек саласындағы құқықтары (заңды және норма-

тивтік  құжаттарда  тіркелінген)  объективті  және  нақтылы  түрде  жүзеге 

асуы  тиіс.  Еңбек  әрекеті  неғұрлым  ұйымдастырылған  және  реттелген 

болса,  соғұрлым  әр  жұмысшының  оны  орындауындағы  әрекет  көлемін 



 

16 


және сапасын байқауға болады. Осыны еңбек атқару тиімділігіне, еңбектің 

өнімділігі  мен  нәтижелеріне  қанағаттануына,  еңбек  жағдайларын  алдын 

ала болжау мүмкіндіктері еңбекке жағымды әсер болатын маңызды фактор 

болып саналады. 

Еңбек  тәртібі  мен  бағалау  жағдайлары  маңызды  және  өзекті  шарт-

тары  болады.  Себебі,  еңбектің  өзі  экономикалық  категория  болып  қана 

қоймай,  әлеуметтік,  мәдени,  мүлдем  рухани  құбылыс  боп  көрінеді.  Ол 

субъектінің кәсіби іс-әрекеті мен еңбек нәтижесінің бағалануының, «еңбек 

қызметтерінің  атқарылуының»,  «қызметтік  міндеттер  орындалуының» 

және  «жұмысшы  құқықтарын»  қорғау  мен  қызметкерлер  арасында 

жұмысты  үйлесімді  бөліп  беру  мен  олардың  ауыспалылық  жағдайларын 

ескеріп  отырады.  Бұл  жағдайлар  маңызы  нақты  еңбекті  атқаратын 

жұмысшының  білім  деңгейі  мен  кәсіби  шеберлігі  өскен  сайын  жетіліп 

отырады.  Сондықтан  еңбек  атқарушысы  жай  «субъект»  болып  қана 

қоймай,  өзіне  тән  индивидуалдылығын  сақтап,  дамыта  алатын  тұлға  да 

болады. 


Негізгі әдебиеттер: 2, 3. 

Қосымша әдебиеттер: 4, 5. 

 

 



3-дәріс. Кәсіби қызмет процесінде адамды кешенді зерттеу 

 

«Адам-техника»,  «Адам-табиғат»,  «Адам-белгі»,  «Адам-шығарма-

шылық  бейне»  және  «Адам-адам»  жүйелеріндегі  еңбек  әрекеттерінің 

ерекшеліктері. 

Техникалық  өркениеттің  дамуынан  бастап  адамдардың  көпшілігі 

өндіріс  және  техниканы  басқаруда  кейбір  кәсіби  міндеттерді  тиімді 

орындай алмайтындығы байқалған. 1950-1960 жылдарда  «Адам факторы» 

техникалық жүйелердің ойдағыдай қызмет ету себептерінің негізгісі ретін-

де ажыратылған. Түрлі категориялардағы басқарушылардың кәсіби міндет-

терінің ұдайы күрделенуі (басшылар, менеджерлер) осы саладағы атқары-

латын кәсіби әрекеттерге психологиялық іріктеуді қажет етті. 

Шетел  сарапшыларының  бағалауы  бойынша,  адамдарды  алдын  ала 

сынауды  (тест)  енгізуден  кейін  өндірісте  және  көліктердегі  апаттар 

40-70  пайызға  азайған;  басқару  жүйелерінің  сенімділік  деңгейі  20-25 

пайызға көтерілді; мамандарды даярлауға кететін шығындар 30-40 пайызға 

азаяды. 


«Адам-техника» жүйесіндегі мамандықтарды психологиялық іріктеу-

дің  міндеттері  салыстырмалы  алгоритмдерді  қолдану  кезінде  нәтижелі 

орындалады.  Олардың  қолданылуы  бірнеше  шарттармен  байланысты. 

Оператор  еңбек  әрекетінің  және  техникалық  құралдарының  инженерлік-

психологиялық жобалануында, шешім шығару уақытына, жұмысқа жарам-

дылық деңгейінің өзгеруі, зейіннің төмендеу мерзімі мен көлемін анықтай-



 

17 


тын  стандарттар  есепке  алынады  және  кейбір  жағдайларда  еңбек  атқару-

шының  анатомиялық  ерекшеліктері  ескеріледі.  Адамның  психофизио-

логиялық  ерекшеліктеріне  техникалық  құралдардың  бейімделу  жағынан 

қарастыру  еңбек  тәртібі  мен  демалыс  күндерін  үнемдеу,  еңбек  әрекетінің 

белсенді  субъектісі  ретінде  қарастыру  жұмысшының  кәсіби  жарамдылы-

ғына  қойылатын  талаптардың  қатаңдығын  едәуір  төмендетуге  мүмкіндік 

береді.  Әзірше,  "ерекше"  мамандықтар,  немесе  К.М. Гуревич  бойынша 

бірінші типтік мамандықтар және экстремалды, субэкстремалды шарттар-

дағы мамандықтар ғана ескерілмеді. 

«Адам-табиғат», «Адам-белгі», «Адам-шығармашылық бейне» қаты-

настарға сай мамандықтар өрісіндегі еңбек субъектісіне қойылатын талап-

тар  кәсіби  таңдау  саласындағы  формализациялар  әлі  де  толық  бейімдел-

меген.  Осылардың  арасынан  "адам-белгі"  типтес  мамандық  біршама 

формализацияланған.  Мамандықтың  күрделілігімен  және  кәсіби  биліктің 

өсуімен бірге жасампаздық факторы, индивидуалды стильдің қалыптасуы, 

қандай  да  бір  даму  фазасында  ұйым  өмірінің  әлеуметтік-психологиялық 

құбылыстары  мен  еңбек  әрекеттеріндегі  функцияларын  үйлестіру  қоса 

жүзеге асады. Мысалы: есепші мен корректордың кәсіби маңызды сапасын 

ажырату  қиын  емес  болса,  редакция  меңгерушісі  мен  баспа  бөлімінің 

бастығын және бас есепшінің кәсіби маңызды сапасын стандартты психо-

логиялық тестер арқылы сынау айтарлықтай күрделі. Еңбек барысындағы 

еңбек  орны  психикалық  функцияларын  компенсациялау  механизмін 

пайдалану  және  еңбек  функцияларын  қайта  үлестіру  арқылы  нәтижелі 

еңбек әрекетінің мүмкіндіктері кеңейе түседі. 

«Адам-адам»  типтес  мамандықтың  психограммалары  мен  профес-

сиограммалары  әдетте  тек  еңбек  әрекетінің  сапалы  сипаттамаларын  ғана 

бейнелейді.  Субъект  атқаратын  әрекетінің  барлық  әлеуметтік-психоло-

гиялық шарттарын алдын ала қарастыру әлеуметтік-психологиялық құбы-

лыстардың  жоғары  динамикалығы  мен  ерекшеліктеріне  байланысты 

күрделі  болады.  Мысалға,  ұйымдағы  кәсіби  шебердің  еңбек  әрекеті 

көбінде  оның  формалды  құрылымымен  (басқару  деңгейінің  саны,  қарым-

қатынасты  қадағалау)  және  басқару  мәдениетінің  тұлғалық  ерекшелік-

терімен  анықталады.  «Адам-адам»  типтес  мамандықтағы  субъектінің 

кәсіби  әрекетінің  табыстылығы  оның  нәтижелігіне  ғана  байланысты  бола 

бермейді.  Ол  әдетте  интегралды  құбылыс  болып  табылады  (іс-әрекеттің 

сандық  және  сапалы  көрсеткіштері,  психофизиологиялық  шығындар, 

еңбегіне қанағаттану, адамның өз еңбегі мен жалақысына беретін бағасы, 

әріптестері  мен  басшылықпен  өзара  қарым-қатынасы,  олардың  субъект 

еңбегіне берген бағасы және т.б.). 

Кәсіптердің психологиялық зерттеу әдістері – еңбек ортасының ерек-

шеліктері мен оның адамға қоятын талаптары, еңбек субъектісі және оның 

талап ететін еңбек шарттары туралы ақпарат жинау және ақпаратты реттеу 



 

18 


әдістері. Профессиографияда әдетте сұрау, бақылау, эксперимент, өзін-өзі 

бақылау, құжаттар анализы, функциялар мен себептер тіркеу пайдаланады. 

Деректер алудың барлық көзін пайдалана отырып ғылыми әдістердің 

негізгі  құралдары:  олар  –  бақылау,  сауалнама  жүргізу,  эксперимент,  қыз-

мет (шығармашылық)  нәтижесінде туған өнім, тестілеу, социометрия, т.б. 

Ғылыми  танымның  деңгейіне  байланысты  –  теоретикалық  немесе 

эмпирикалық  әдістер  ретінде  анықталады.  Көбінесе  эмпирикалық  әдіс 

қолданылады. 

Әңгімелесу  –  адам  туралы  онымен  қарым-қатынас  жасау,  оның 

мақсаты  бағытталған  сұрақтарға  жауаптарының  нәтижесінде  мәліметтер 

(ақпараттар)  алудың  эмпирикалық  әдісі.  Жүргізуші  оның  мақсаты  туралы 

зерттелінушіге  айтпайды.  Жауаптар  (мүмкіндігінше  әңгімелесушілердің 

назарын  аудармай)  дыбыс  таспасына  жазу  немесе  тез  жазып  отыру, 

стенография  арқылы  тіркеліп  отырады.  Әңгімелесу  –  адамды  зерттеудің 

дербес  әдісі,  сонымен  қатар  көмекші  әдіс,  мысалы,  эксперимент  пен 

терапияның алдын алушы әдіс бола алады. 

Сұхбат  –  әңгімелесудің  ерекше  түрі  ретінде,  ол  туралы  хабарлар, 

сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да 

адамдар, оқиғалар, т.б. туралы мәліметтер алу үшін қолданылады. Әңгіме-

лесу, сұхбат барысында сараптамалық баға берілуі мүмкін. 

Сауалнама  –  арнайы  дайындалған  жауаптар  және  зерттеудің  негізгі 

міндетіне  сәйкес  сұрақтар  негізінде  ақпарат  алудың  эмпирикалық 

әлеуметтік-психологиялық  әдісі.  Сауалнаманы  дайындау  –  кәсібилік  пен 

жауапкершілікті  талап  ететін  іс.  Сауалнама  құрастыруда:  1)  сұрақтардың 

мазмұны, 2) олардың түрі-ашық немесе жасырын, соңғысына «иә» немесе 

«жоқ»  деп  жауап  беру  қажет,  3)  олардың  тұжырымдалуы  (анықтылығы, 

жауаптарға  көмек  берілмейді,  т.б.),  4)  сұрақтардың  саны  мен  реті 

ескеріледі. 

Сауалнама  ауызша,  жазбаша,  жеке,  топтық  бола  алады,  алайда  кез 

келген жағдайда ол екі талапқа жауап беруі тиіс: іріктеудің көрнекілігі мен 

біркелкілігі.  Сауалнама  материалдары  сапалық  және  сандық  өңдеуден 

өтеді. 


Эксперимент  –  ғылыми  зерттеуде  кеңінен  таралған  эмпирикалық 

әдіс. Эксперименттің зертханалық түрін (арнайы жағдайларда, аппаратура 

пайдалану,  т.б.)  және  әсерін  зерттеу  үшін  арнайы  ұйымдастырылған, 

оқытудың,  өмірдің,  еңбектің  кәдімгі  жағдайларында  жүргізілетін  табиғи 

эксперимент түрлерін ажыратады.  

А.В. Петровский  атап  өткендей,  зерттеу  әдісі  ретіндегі  экспери-

ментте  сыналушы  оның  мақсаты  жөнінде  білмейді.  Эксперимент  жүргі-

зуші зерттеудің мақсатын анықтап, болжам ұсынып қана қоймай, зерттеуді 

жүргізу  жағдайы  мен  зерттеу  түрін  де  өзгерте  алады.  Эксперименттің 

нәтижесі арнайы хаттамаларда қатаң және дәлме-дәл тіркеліп отырылады, 



 

19 


онда сыналушының аты-жөні, ол туралы қажетті мәліметтер, күні, уақыты, 

мақсаты  белгіленеді.  Эксперименттің  деректері  сандық  өңдеуден  өтеді 

(факторлық,  корреляциялық  талдау,  т.б.),  сапалық  түсінік  беруден  өтеді. 

Эксперимент жеке, топтық, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бола алады. 

Құжаттар  талдау.  Зерттелетін  өндіріс  технология  кітаптарымен 

танысу,  басылымдардағы  мақалаларды  зерттеу,  нұсқаулар,  лауазымдық 

бұйрықтарды, т.б. жазбаша құжаттарды қарастыру еңбек әрекетінің жалпы 

ерекшеліктерін анықтап, мынадай шараларды қолдануға мүмкіндік береді: 

– негізгі  кәсіптік  міндеттерді,  еңбек  операциялары  мен  режимдер 

сипаттамаларын белгілеу; 

– мамандармен  әңгімелесу  мен  оларды  бақылау  жоспарларын 

дайындау; 

– жұмыс орнын ұйымдастыру; 

– күрделі  оқиғалар,  төтенше  жағдайлар,  өндірістік  ақау,  кәсіптік 

зақымдану оқиғаларды статистикалық талдау; 

– әрбір жұмысшыға жеке дара көзқарас салысынан қатынасу. 

Сұрау әдісі. Зерттеу мақсатына, сұрауға қатысатын адамдар санына, 

техника  мен  уақыт  мүмкіншіліктеріне  байланысты  сұрау  әңгіме  немесе 

анкета арқылы өтеді. Әңгіме артықшылығы – ол еркін түрде өтіп, түсінік-

сіз жерлерді анықтауға болады. Сұрауға әртүрлі мамандар қатысады. Оның 

қиын  жері  – адам табысты жұмыс атқарса да, ол өз әрекетін анық, толық 

түрде  сипаттала  алмауы  мүмкін.  Сондықтан  толық  ақпарат  жинау  үшін 

сұрау алдында тиянақты дайындалу қажет. 

Бақылау  әдісі.  Бақылау  арқылы  жұмысшылардың  еңбек  өзгешелік-

терін, әртүрлі операциялар орындау барысын, әрекеттің жеке дара стилін, 

адам  психикасының  сыртқы  көріністерін,  әртүрлі  тұлға  ерекшеліктерін 

анықтауға болады. Оның сыртында еңбек процесіндегі қарым-қатынастар, 

техникамен  айналысу  қабілеті  байқалынады.  Кәсіп  әрекетін  психология-

лық  талдау  барысында  оның  өндірістік-техникалық  құрылымы  айқында-

лады:  кәсіптің  адам  әрекеті  мен  жүріс-тұрысына  қоятын  талаптары 

анықталады. 

Бақылау салыстырмалы түрде өтеді: 

– жұмыс тиімділігі жоғары және төмен жұмысшылар салыстырылады; 

– жоғары тәжірибелі және жаңадан келген адамдар; 

– жоғары сапалы өнім және өнімді ақау шығаратын жұмысшылар;  

– өнім сапасы; 

– операциялар, тәсілдер мен амалдар салыстырылады. 

Бақылау  әдетте  хронометражбен  бірге  қолданып,  әртүрлі  іс-қимыл-

дар  орындау  уақыты  тіркелінеді.  Оның  сыртында  «фотография  рабочего 

дня»  деп  аталатын  әдіс  пайдаланады:  еңбек  әрекетінің  реті,  әртүрлі 

жұмысқа,  дем  алуға  кететін  уақыт  тіркелініп,  бүкіл  жұмыс  күні  бойы 

пайдалы және пайдасыз жұмсалатын уақыт анықталады. 

 


 

20 


Өзін-өзі бақылау. Ол екі түрде өтуі мүмкін: 

1. Маманның  өзі-өзіне  есеп  беруі.  Бұл жағдайда  маманға  «дыбыстап 

ойлау»,  яғни  әрбір  операцияны,  құралдармен  жасайтын  әрекетін,  әрбір 

сигнал қабылдау процесін айтып отыру тапсырмасы беріледі. Бақылаушы 

адамға  оқушы  ретінде  әрбір  іс-қимылды  түсіндіру  керек  болады.  Алғаш-

қыда  өзі-өзіне  есеп  беру  кезінде  бақыланатын  объекттер  саны  аз  болып, 

одан  кейін  көбейе  бастайды.  Жаңа  жағдайға  үйренуімен  байланысты 

белгілі  қиыншылықтардан  өткеннен  кейін  мамандар  өз  әрекетін  еркін, 

толық түрде айтып бере алатынын практикада көрсетеді. Кейбір кездерде 

әрекет вербализациясы адамның түсінбеген міндеттерін санаға енгізп, оны 

ұғынуға себепші болып, нәтижесінде еңбек тиімділігі көтеріледі. 

Маманның  өзі  оқушы  ретінде  кәсіпті  жүйелі  түрде  үйреніп,  еңбек 

дағдыларын  игеріп,  еңбек  субъектісі  ретінде  өркендейді.  Бұл  әдіс  еңбек 

әрекетіне  бейімделу  процесінің  ерекшеліктері  мен  қиыншылықтарын 

анықтауға жәрдем береді. Оны еңбектік әдіс деп атап, қарапайым, үйренуі 

жеңіл,  көп  уақытты  талап  етпейтін  кәсіптерге  қатысты  пайдаланады. 

Күрделі  әрекетті  зерттеген  кезде  бөлек  еңбек  операциялары,  сатылары 

анықталып, еңбектік сынақтар өткізіледі. 

Еңбектік  әдіс  кемшіліктеріне  қарамай  (психолог  бақылауларын 

жұмыс  күні  аяқталғаннан  кейін,  шаршау  күйінде  тіркеген  көп  нәрсені 

есінен  шығарып  алуы  мүмкін  болады),  осы  әдіспен  жиналған  ақпарат 

маңызды,  сенімді  болып  табылады,  өйткені  психолог  жұмысшыда  белгілі 

психикалық актілер болатынын жобалап қоймай, олардың бар екенін анық 

біледі,  өйткені  оларды  психолог  өз  басынан  кешеді,  олар  оның  тәжіри-

бесінде бар болады. 

Эксперимент әдісі. Профессиография барысында өткізілетін экспери-

мент  дайын  психограмманы  тексеру  үшін  қолданылады.  Бұл  мақсатпен 

әртүрлі  кәсіптік  дайындығы  бар  мамандарды  бірнеше  топқа  бөледі. 

Арнайы  әдістемелер,  құралдар,  сауалнамалар  арқылы  әрбір  топ  мүшеле-

рінің  бағыттану  психограммасында  кәсіпке  маңызды  болып  көрсетілген 

қасиеттері зерттелінеді. Эксперимент нәтижелері жұмыс табыстылығымен 

салыстырылады.  Мысалы,  жақсы  жұмысшылардың  көбі  белгілі  бір 

қасиетті  зерттегенде  жоғары  көрсеткіштерге  жетіп,  ал  нашар,  табысты-

лығы  төмен  жұмысшылар  қасиеттері  төмен  деңгейде  болса,  осы 

зерттелінген  қасиет  кәсіп  үшін  маңызды  болып  табылады.  Өндірістік 

эксперимент  әрқашанда  сыналушының  табиғи  жағдайында,  яғни  жұмыс 

орнында жасалынады. 

Өндірістік экспериментте бақылауға көнбейтін, кездейсоқ факторлер 

көп  болады.  Оның  сыртында,  сынау  өндірістік  процеске  кедергі  болмай, 

қысқа мезгілде өтуі керек. 

Тұлғалық әдістер. Бұл әдістер еңбек субъектісінің жай бақылау арқы-

лы анықталмайтын тұлғалық ерекшеліктерді зерттеуге бағытталған. Кәсіп-

тік  табыстылық  негізінде  жататын  әртүрлі  қасиеттер  мен  тұлға  қатынас-

тарының  көптеген  көріністері  болады.  Оларды  адамның  өзі  (көптеген 



 

21 


сұрақнамалар  мен  тестілерде)  немесе  басқа  адамдар  (тәуелсіз  сипаттама 

әдісі) бағалайды. 

Осы  бағалар  бойынша  экспериментатор  қызметкер  тұлғасының 

қасиеттері  туралы  қорытынды  жасайды.  Дегенмен,  бұл  қасиеттер  өмірлік 

жағдайға орай өзгеруі мүмкін. 

Еңбек процесін алгоритмдік сипаттау әдісі. Бұл әдіс жиналған ақпа-

ратты  реттеу  амалдарына  жатады.  Алгоритм  дегеніміз  –  белгілі  міндетті, 

тапсырманы орындауға әкелетін, жазбаша түрде немесе графикті, символ-

дар арқылы белгіленетін іс-әрекет реті. Әдіс іс-қимыл барысын ықшам түр-

де  көрсетіп,  олардың  арақатынасын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Толық-

тығы, нақтылығы, жүйелілігі арқасында алгоритм жұмысшылар операция-

сын бақылап, еңбектің қандай сәтінде төтенше, ерекше оқиғалар жиі пайда 

болатынын,  қандай  операциялар  автоматтандыруды  талап  ететінін,  т.б. 

құбылыстар айқындалады. 

Алгоритмдерді  озат  тәжірибені  қарастыру  мен  таратуда,  жұмысшы-

лар дайындауда, еңбек нормаларын белгілегенде пайдаланған жөн болады.  

Құрылымдық әдіс. А.И. Губинский ұсынған құрылымдық әдіс еңбек 

әрекетін негізгі  және қосымша  операциялардан тұратын құрылым ретінде 

қарастырып, операциялардың уақыт пен сенімділік сипаттамалары зертте-

лінеді. Осы әдістің негізгі принциптерінің бірі – иерархия қағидасы. Адам 

әрекеті бірнеше деңгейде қарастырылады: 

– 

оперативтік  деңгейде  –  орындалатын  міндеттер  арақатынасының 



құрылымы ретінде; 

– 

бір  тапсырманы  орындау  деңгейінде  –  алгоритмдер  арақатынасы-



ның құрылымы ретінде; 

– 

алгоритм  деңгейінде  –  операциялар  арақатынасының  құрылымы 



ретінде; 

– 

операциялық деңгейде – оның компоненттері қарастырылады. 



Структуралық  әдісті  пайдалану  кезінде  бірқатар  қиыншылықтар 

туады.  Мысалы,  құрылымның  сыртқы  себептермен  байланыстылығы, 

ойлау әрекетін анықтауға болмайды. 

Жүйелі  талдау.  Кәсіптік  әрекеттің  жүйелі  талдауының  ең  лайықты 

әдісін В.Д. Шадриков жасаған. Ол жүйелі бағыт методологиясына сүйеніп, 

әрекетті бірнеше деңгейде зерттеген жөн болады деген.  

Тұлғалық  –  мотивациялық  талдау  –  бір  жағынан,  тұлға  қажеттілік-

терін  зерттеу,  екінші  жағынан,  кәсіптік  әрекеттегі  осы  қажеттіліктердің 

қанағаттану мүмкіндігін анықтау. Осы екі аспектің бірі-біріне сәйкес келуі 

еңбек әрекетінің мотивациясын белгілейді. 

Компоненттік – мақсатталған талдау бойынша еңбек әрекетінің жал-

пы құрылымындағы әрбір іс-әрекеттің мақсаты мен мағынасы анықталып, 

оның  сыртқы  жағын  ғана  емес,  сонымен  қатар  ішкі,  әрекет  атқаруға 


 

22 


қатысты  психикалық  процестер  мен  жұмысшының  психикалық  қасиетте-

рінің жүзеге асуымен байланысты болатын жағын да айқындау керек. 

Құрылымды-функциональдық  талдау  барысында  әрекеттің  біртұтас 

құрылымы  ішіндегі  бөлек  іс-қимылдар  арақатынасының  ұйымдасу  меха-

низмі мен принциптері анықталады. 

Ақпараттық талдау кезінде адам өз жұмысын соларға сүйеніп, бағыт-

талып  орындайтын  әрекет  белгілері  зерттелінеді,  олардың  практикалық 

маңыздылығы  мен  көріну  динамикасы  қарастырылады,  әрекетке  қажетті 

ақпарат  алу  жолдары  анықталады,  ақпаратты  уақытында  ұйымдастыру 

ережелері қалыптастырылады. 

Талдаудың  психофизиологиялық  деңгейінде  әрекетке  қатынасатын 

физиологиялық жүйелер айқындалады. 

Индивидуалды  (жеке  дара)  –  психологиялық  талдау  жұмысшы 

тұлғасының барлық көріністерін, белгілерін зерттейді. 

Әрекетті  сипаттаудың  көрсетілген  деңгейлерінің  араласу  нәтиже-

сінде әрекет көпдеңгейлік, көпқұрылымдық құбылыс ретінде көрінеді. 

Сонымен,  кәсіптік  әрекет  зерттеуі  екі  түрде  өтуі  мүмкін.  Бірінші 

сатысында  профессиограмма  және  адамға  қойылатын  талаптар  сипатта-

лынады.  Екінші  сатыда  еңбек  субъектісі  компоненттерінің  қатынастығы 

анықталады. 

Іс-әрекет  (шығармашылықтың)  өнімінің  талдауы  –  адамды  оның  іс-

әрекетінің материалдық  және  идеалдық (мәтіндер, музыка, бейнелеу, т.б.) 

өнімдерін интерпретациялау, талдау, заттансыздыру арқылы эмпирикалық 

зерттеу әдісі. Бұл әдіс (көбінесе ішкі түйсікпен) педагогикалық тәжірибеде 

оқушылардың  мазмұндамаларын,  шығармаларын,  түсініктемелерін,  жаса-

ған  баяндамаларын,  суреттерін,  т.б.  талдау  түрінде  кеңінен  пайдаланы-

лады.  Алайда,  ғылыми  зерттеу  барысында  іс-әрекет  өнімінің  талдау  әдісі 

әрбір  ерекше  өнімнің  (мысалы,  мәтіннің,  суреттің,  музыкалық  шығарма-

ның) мақсатын, болжамын және талдау тәсілдерін ұйғарады. 

Сонымен  қатар,  тестілеу  әдісін  пайдалану  кеңінен  таралып  келеді. 

Тестілеу,  –  дәлірек  айтқанда,  –  психодиагностикалық  процедура  және 

«...пайдаланушы  психодиагностикалық  әдістер  арқылы  психологияның 

моральдық-этикалық кодексінен туатын бірқатар міндеттер алады».  

Ғылыми  танымдық  деңгейі  –  теоретикалық  немесе  эмпирикалық. 

Оларға  сәйкес  теоретикалық  зерттеу  әдістері  (аппроксимация,  аксиома-

тизация,  экстраполяция,  модельдеу,  т.б.)  және  эмпирикалық  зерттеу  әдісі 

(байқау, әңгіме, эксперимент, тест, т.б.) ажыратылады. 

Зерттеуші-педагогтің  объектімен  әрекеттесуінің  сипаты.  Бұған: 

а) объектіні зерттеу (теоретикалық және эмпирикалық зерттеулердің атал-

ған барлық әдістері); б) алынған  деректерді өңдеу (сапалық және  сандық, 

онда корреляциялық, факторлық, кластерлік талдау, т.б. әдістері), матема-

тикалық-статистикалық  өңдеудің  әртүрлі  деңгейлері.  Зерттеуден  сенімді 



 

23 


нәтижелер  алу  үшін  деректерді  өңдеу  сипаты  маңызды,  әсіресе,  сандық 

(статистикалық)  талдау,  нақтылап  айтқанда,  ары  қарай  алынған  нәтиже-

лердің  сенімділігі,  маңыздылығы  және  валидтілігі  (мысалы,  Стьюденттің 

өлшемі,  хи-квадрат,  т.б.)  сияқты  әртүрлі  өлшемдер  бойынша  деректерді 

өңдеу.  Зерттелінетін  құбылыстардың  арасындағы  байланыстың  сипатын 

немесе  оның  біреуінің  басқалармен  бірге  алғанда  меншікті  салмағын 

анықтау  үшін  корреляциялық  және  факторлық  талдау  әдістері 

пайдаланылады. 

Алайда,  жалпы  кез  келген  ғылымда,  зерттеу  нәтижелерін  матема-

тикалық өңдеудің маңыздылығын атағанның өзінде сапалық, яғни түсінді-

рушілік, мазмұндық талдау ең бірінші кезектегі және ауыстыруға келмей-

тін талдау  екені белгілі. Объектіні зерттеушілік әрекеттер негізі  бойынша 

(зерттеу  әдістері  мен  мәліметтерді  өңдеуден  кейін)  алынған  мәліметтерді 

ұсыну, көрсету әдістері: кестелер, графиктер, схемалар, гистограмалар, т.б. 

ұсыну  әдістерінің  әрқайсысын  таңдауға  негізделген  және  міндеттерге 

сәйкес болуы керек. 

Зерттеудің мақсаты мен ұзақтылығы: а) объектінің, процестің, құбы-

лыстың  өзекті  жағдайы  туралы  деректер  алу;  б)  олардың  уақыт  өткен 

сайын өзгеру динамикасын қадағалау. Психологиялық білімнің басқа сала-

ларындағы  әртүрлі  әдістер  арқылы  объектіні  зерттеу  процесі  –  конста-

тациялау,  диагностикалау  мақсаттарын  көздейтін  қысқа  мерзімді  бола 

алады.  Алайда,  ол  тұлғаның  психологиялық  білімінің,  оған  тән  қасиетте-

рінің,  т.б.  дамуын,  генезисін  анықтауға  бағытталған  өте  ұзақ  (бірнеше 

жылға  дейін,  мысалы,  баланың  дамуын  күнделік  жазбалары  арқылы 

қадағалап байқау) процесс бола алады. Осы негіз бойынша, екі әдіс бөлініп 

шығады  –  көлденең  қима  әдісі  және  лонгитюдтік  әдіс  (ұзақ  мерзімді). 

Бірінші  әдіс  арқылы  оқытушы  көп  материалдардың  негізінде,  мысалы, 

оқытудың  жалпы  сипаттамасын,  оның  орташаға  тәуелділігін,  «нормалар» 

және  одан  ауытқушылықтар,  әртүрлі  негіздемелер  бойынша  оқытушы-

ларды жасы, оқудағы табыстылығына байланысты бөлу арқылы оқытудың 

жалпы  сипаттамасына  қол  жеткізе  алады.  Лонгитюдті  әдіс  құбылыстың 

даму тарихын, оның пайда болуы мен қалыптасуын қадағалауға мүмкіндік 

береді.  Бұл  әдістің  көлденең  қима  әдісі  алдындағы  артықшылығы  «...екі 

проблеманы шешуде көрінеді: 1) психикалық өрістеудің ары қарай дамуын 

көре  білу,  психологиялық  болжамды  ғылыми  тұрғыдан  негіздемелеу; 

2) психикалық  дамудың  кезеңдері  арасындағы  генетикалық  байланысты 

анықтау». 

Зерттеу  объектісінің  өзіне  тән  ерекшеліктері  объект  ретінде  кімді 

немесе  нені  қарастыруға  байланысты:  а)  адамдардың  өздері,  олардың 

психикалық процестері, жағдайы, психологиялық қасиеттері, олардың әре-

кеті,  яғни  құбылыстың  өзі;  б)  адамдар  әрекетінің  өнімі,  олардың  «заттан-

дырылған  өнімі»  немесе  в)  адамның  іс-әрекетінің  және  мінез-құлқының, 



 

24 


оның ұйымдастырылуының, басқаруының кейбір сипаттамалары, бағалану 

көрсеткіштері. Әрине, осы объектілердің барлығы тығыз байланысты және 

осы  негіздеме  бойынша  әдістерді  жекелеп  бөлу  шартты  түрде  ғана 

жүргізіледі,  алайда  олардың  әрбіреуін  оқытушының  практикалық  тәжіри-

бесінде  қолдану  саласын  талдау  үшін  осылайша  саралап  қарастыру 

мақсатқа сәйкес келеді. 

Іс-әрекет  өнімін  зерттеуге,  атап  айтқанда,  оқу  қызметінің  өнімін, 

яғни оның неден көрініс табуын зерттеуде іс-әрекет өнімін талдау әдісі аса 

кең  тараған.  Оқушылардың  шығармаларын,  мазмұндамаларын,  ауызша 

және  жазбаша  хабарламаларының  (жауаптарын)  мақсатты,  жүйелі  түрде 

талдау,  яғни  олардың  мазмұнын,  түрін  талдау  педагогке  оқушылардың 

тұлғалық  және  білім  алудағы  бағытын  түсінуге,  олардың  оқуға,  оқу 

орнына,  оқу  пәнінің  өзіне  және  ұстаздарға  қарым-қатынасын  түсінуіне 

ықпал етеді. Оқушылардың тұлғалық, жеке психологиялық ерекшеліктерін 

немесе  олардың  әрекетін  зерттеуде  тәуелсіз  құбылмалыларды  жалпылау 

әдісі қолданылады, ол мысалы, бір оқушы туралы әртүрлі оқытушылардан 

алынған деректерді жалпылауды талап  етеді. Тұлға  іс-әрекетінің  түрлерін 

зерттеу  барысында  тең  жағдайда  алынған  деректерді  ғана  жалпылауға 

болады. «Эксперименталды зерттеудің кез келгенінің мақсаты – деректер-

дің  шектеулі  санына  негізделінген  қорытындылар  эксперименттің  шеңбе-

рінен  тыс  жерде  ақиқатқа  сай  болып  қалуы  тиіс.  Бұл  –  жалпылау  деп 

аталынады». 

Зерттеу  әдістерін  зерттеушінің  іс-әрекетінің  сипатына  қарай 

Б.Г. Ананьев төрт топқа бөледі: 

1) Ұйымдастырушылық әдістер (салыстырмалы, лонгитюдтік, кешенді); 

2) Эмпирикалық,  оған:  а)  обсервациялық  әдістер  (байқау,  өз-өзін 

байқау);  б)  эксперименталдық  әдістер  (зертханалық,  далалық,  табиғи, 

қалыптастырушы);  в)  психодиагностикалық  әдістер  (стандартталған  және 

прожективті  тестер,  сауалнамалар,  социометрия,  сұхбат  және  әңгімелер); 

г) праксиметрикалық әдістер, Б.Г. Ананьев бойынша, процесс пен іс-әрекет 

өнімін  талдау  тәсілдері  (хронометрия,  циклография,  кәсібиграфикалық 

баяндау,  жұмысты  бағалау);  д)  модельдеу  әдісі  (математикалық,  киберне-

тикалық,  т.б.);  е)  өмірбаяндық  әдістер  (адам  өміріндегі  атаулы  күндерді, 

оқиғаларды, фактілерді талдау); 

3) деректерді  өңдеу,  яғни  сандық  (математикалық-статистикалық) 

және сапалық талдау әдістері; 

4) генетикалық  және  құрылымдық  әдістерді  қамтитын  түсінік  беру 

әдістері. 

Адамның  мамандыққа  бейімделу  мәселесі  кәсіби  іріктеу  қажетті-

лігінің пайда болуына басты себеп болды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет