Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 7.
Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 5.
40
ІІ бөлім
ЖАСТАРДЫҢ КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
6-дәріс. Еңбек іс-әрекетін құрылымдық-психологиялық талдау
Қазірге дейін жұмысшылар мен мамандарды даярлау мәселесі
олардың кәсіптік біліктіліктеріне сипаттама беру тұрғысынан негіздеу кең
сипат алып келді. Кәсіптік мектепті бітірушілерге оқу орындары беретін
біліктілік сипаттамасы – оның оқу барысында білім, білік және дағды-
ларына қойылатын талаптарды анықтайды, ол орталық атқарушы
органдардың кәсіптік білімге біліктілік тағайындайтын
саласы арқылы
белгіленеді.
Бітірушілерге қажетті маңызды кәсіби сапа мен жеке тұлғалық
қасиеттер байқалмайды. Сондай-ақ бітірушінің шығармашылық қабілет-
тілігі мен іскерлік әрекеттерінің кәсіпкерлікпен ұштастыру, оның шыңы
кәсіби шебер деңгейіне жету, сөйтіп авторлық қызмет жүйесіне енуі
көрсетілмеген. Мұны қазіргі кәсіптік мектеп бітіруші түлектерді дайын-
дауда олардың біліктілік сипатын анықтайтын негізгі кемшіліктер деп
түсінеміз. Кәсіптік дайындау мәселесін профессиографиялық тұрғыдан
қарау ғана бұл тығырықтан шығара алады.
Кәсіби дайындау деңгейін, оның сапалық дәрежесін біліктілік сипат-
тама емес, профессиограмма анықтап бере алады. Профессиограмма белгі-
лі бір кәсіпке жан-жақты сипаттама бере келе, оның адамға қоятын
талаптарын, ол қызметті атқару үшін қажетті жеке тұлғалық, моралдық
қасиеттер сапасын, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін сол арқылы білім,
білік және дағдылық әрекеттерді іске қосатын жүйе болып табылады.
Сөйтіп, кәсіптік мектеп бітірушілерінің дайындығы тек білім, білік және
дағдылық қасиеттерден басқа да анықтайтын объективті қажеттіліктер бар
екендігі белгілі болды. Енді профессиограмманың мына төмендегі мазмұ-
нына тоқталсақ, ол үшін оның әртүрлі сипаттарына назар аударалық.
1. Кәсіптің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы.
1.1 Экономика саласы
1.2 Маманға сұранымы
1.3 Кәсіп ауқымы
1.4 Өнеркәсіп, ұйым, мекеме түрі.
1.5 Еңбекті ұйымдастыру формасы.
2. Кәсіптің өндірістік сипаттамасы
2.1 Еңбек мақсаты
2.2 Еңбек пәні
2.3 Еңбек құрал-жабдықтары
41
2.4 Еңбек мазмұны: негізгі өндірістік операциялар
2.5 Еңбек шарты
2.6 Еңбекті ұйымдастыру
2.7 Қажетті кәсіби білім, білік және дағды.
3. Кәсіптің санитарлық-гигиеналық сипаттамасы
3.1 Еңбектің ауырлығы мен күрделі деңгейі
3.2 Жасы мен жынысына байланысты шектеулер
3.3 Жұмыс және демалыс режимі
3.4 Ауысымдығы
3.5 Талдағыш жүктемесі
3.6 Жағымсыз факторлар
3.7 Медициналық қарсы көрсетілімдері
4. Кәсіптік байланысты маманның жеке-психологиялық ерекшелік-
теріне қойылатын талаптар.
4.1 Нейродинамика
4.2 Тәуліктік биоритмика
4.3 Психомоторика
4.4 Сезгіштік аумағы
4.5 Есте сақтау кабілеті
4.6 Зейіні
4.7 Ойлауы
4.8 Парасаттылығы
4.9 Еркіндігі
4.10 Мінез-құлқы
4.11 Тұлғаның кәсіби сапалық қасиеттері.
5. Кадр дайындау
5.1 Оқу орнының түрі
5.2 Оқыту мерзімі
5.3 Жалпы білім беретін пәндерді игеруі
5.4 Кәсіби шеберлігін шыңдау.
Профессиограмманың бұл келтірілген құрылымдық мазмұны әрине,
кәсіби біліктілікке казіргі қойылып жүрген талаптар деңгейінен әрі биік,
әрі ауқымды екені көрініп тұр. Бірақ оны қазір жүзеге асырып, практикада
қолдану қиын болып тұр, өйткені, жұмыс ауқымын айтпағанның өзінде,
қарапайым әрі тиімді талдау мүмкіндігі жоқ.
Профессиограмма дегеніміз бұл нақты еңбек әрекетін зерттеу
(профессио – мамандық, графия – жазу, бейнелеу). Кез келген кәсіби
әрекеттердің психофизиологиялық бейнесін құрастыру профессиогра-
фиялық зерттеудің негізгі міндеті. Профессиографияны өткізу барысында
мамандардың алдына қойған мақсатын, жұмыс істеу кезіндегі қабілетін,
еңбек етуге қажетті білім, дағды және іскерліктерін, адамның еңбек ету
кезіндегі жауапкершілігін анықтау өте маңызды. Бұның барлығы әрине,
42
еңбек әрекетінің атқарылу кезіндегі жұмыстың өнімді болуының алғы
шарттары болады.
Профессиографияның нәтижесінде профессиограмма шығарылады.
Әр мамандықтың өзіне тиісті профессиограммасы құрастырылады.
Сонымен, профессиограмма – әр мамандықтың әлеуметтік, экономикалық,
өндірістік-техникалық, санитарлық-гигиеналық және психологиялық
ерекше-ліктерінің жүйелі бейнеленуі болып табылады.
Профессиограмманың құрамына психограмма кіреді. Психограмма
дегеніміз адамның енбек әрекетін өнімді және сапалы орындауға қажетті
субъективті сапаларының жүйесі.
Профессиограмманы өткізу барысында келесі тәртіптегі кешенді
талдау жүргізу жөн:
1. Мамандықтың өндірістік сипаттамасын анықтау.
2. Мамандықтың экономикалық мәнін белгілеу.
3. Мамандықтың әлеуметтік мінездемесін қалыптастыру (мамандық-
тың ерекшелігі, ұжымдық немесе индивидуалды беделі және т.б.).
4. Мамандыққа қажетті білім мен шеберлік көлемін анықтау. Маман-
дыққа қажетті дайындық уақыты.
5. Еңбек жағдайының сипаттамасы (санитарлық-гигиеналық сипатта-
масы немесе адамның денсаулығына еңбек процесіндегі әсер ететін
жағымсыз жағдайларды есепке алу).
6. Физиологиялық талаптардың тізімі (еңбек атқарушының организм
функцияларының физиологиялық жәйттерін ескерту).
7. Мамандық
бойынша жұмыс істейтін нақты адамдардың
психограммасын құрастыру.
Кәсіптік зерттеу жүргізу барысында профессиограмманың түрлі
формалары қолданылады:
1. Ақпараттық профессиограмма – кәсіби кеңес беру мен кәсіби
бағдарлану кезінде қолданылатын кесте.
2. Диагностикалық профессиограмма – еңбек әрекетінің өнімділігі
төмендегенде қолданылады.
3. Конструктивті профессиограмма – жаңа еңбек өрісіне жоба жасау
жағдайында эргатикалық жүйелерді жетілдіру үшін қолданылады.
4. Әдістік профессиограмма – белгілі бір еңбек әрекетіне тиісті
эргатикалық жүйелерді зерттеу әдістерін таңдау үшін қолданылады.
5. Бағдарламалы профессиограмма мамандықты таңдау және маман-
дарды дайындау кезінде қолданылатын әдістерді таңдай алу.
Профессиографиялық схеманы құрастырудың әртүрлі жолдары
болады. Осы істің Е.М. Иванова 2 негізгі компоненттерін бөліп шығарады:
1. Еңбек субъектісінің сипаттамалары:
а) еңбек субъектісінің объективті сипаттамасы (оның денсаулығы,
еңбек ету мезгілі, қажетті білгірлігі, жұмыстың өнімділігі және т.б.);
43
ә) әлеуметтік және мотивациялық құрылым (мамандықтың әлеумет-
тік маңызы мен қоғамдағы өнімнің рөлі туралы хабардар болу, кәсіби орта
мен ұжымда өзін мүше ретінде сезіну және де өзінің кәсіби әрекетіне деген
қатынасын сезіну);
б) кәсіптің когнитивті-мотивациялық құрылым (еңбек процесі,
міндеті, мақсаты, заты туралы білімі; еңбек әрекетіне деген жеке тұлғалық
қатынасы);
в) кәсіптегі жеке іс-әрекеттің оперативті-психологиялық құрылымы
(әрекет мақсатының болуы, әрекетке тиісті қимылдар мен операцияларды
орындау қабілеттілігі); г) еңбек субъектісінің эмоционалды-ерікті құрылы-
мы (еңбек әрекетін атқарудағы индивидуалды стиль және еңбек субъекті-
сінің функционалды жағдайлары). Еңбек объектісінің сипаттамалары:
а) белгілі еңбек процесінің тарихы және жетістіктерге ие болу жолы
(ғылыми техникалық және әлеуметтік-экономикалық өркендеу);
ә) еңбек объектісінің әлеуметтік құрылымы мен өзгеру бағыты
(енбек объектісінің әлеуметтік- экономикалық мінездемесі);
б) еңбек процесінің құрылымы: 1) еңбектің заты - құралы – міндет-
тері; 2) еңбек жағдайларының құрылымы; микроклимат және гигиеналық
жағдайлары; әлеуметтік-психологиялық жағдайлары; еңбектің ұйымдасты-
рылуы (жоспарлау, бақылау);
в) еңбектің операционалды - техникалық әрекеті, еңбек әрекетін атқару.
Психологиялық профессиограмма дегеніміз белгілі бір еңбек түрін
қомақты, жүйелі және қысқартылған түрде суреттеу болып табылады.
Оның құрамына өндірістік іс-әрекет мінездемелері бәрі де жинақталады.
Психологиялық профессиограмманы құрастыру кезінде еңбек әрекеті
тұтастандырылған ұғым ретінде қарастырылып, оның көптеген элемент-
тері айқындалады. Психологиялық профессиограмманы жасау кезінде
еңбек әрекетінің міндеттері, еңбек ету үшін қажетті қабілеттер, жауап-
кершілік және шеберлік деңгейі анықталуы тиіс. Психологиялық профес-
сиограмма еңбек әрекеті мен еңбек жағдайын суреттеу мен талдаудың
жалпы әдісі болып табылады.
Психологиялық профессиограмманың екі формасы бар: жеке профес-
сиограмма және кешенді профессиограмма. Жеке профессиограмма жұмыс
көрінісін бір ғана ғылыми өрісінен сипаттайды. Мысалы: жұмысты нақты
физиологиялық немесе санитарлы-гигиеналық, әлеуметтік, экономикалық
жақтарын айқындау.
Кешенді профессиограмма бойынша жұмыс салааралық, жан-жақты
түрде қарастырылады. Мысалы: техникалық, экономикалық және әлеумет-
тік ұйымдастыру.
Психологиялық профессиограммаларды қолдану жағынан: әмбебап
(универсалды) және арнайы деп бөлеміз. Әмбебап профессиограмма
жұмыстың барлық түрлерін сипаттайтын мінездемелер мен мәліметтерді
44
баурайды. Осындай профессиограмма көлемі жағынан едәуір кең, мақсаты
жағынан жан-жақты болып келеді. Арнайы профессиограмма нақты
психологиялық мақсаттар мен міндеттерді шешу барысында еңбектің
маңызды сипаттамаларын сұрыптау мен анықтау болып табылады. Арнайы
«профессиограмма жұмыстың белсенділігі мен өнімділігін арттыру
мақсатында, жарақаттануды алдын-алу, еңбекке қажетті біліктілікті артты-
ру міндеттерімен қолданылады.
Психологиялық профессиограмма еңбек туралы мәліметтерді жинақ-
таудан басталады. Осыған кіретін келесі:
1. Қандай жұмыс талданылады? Жұмыс мақсаты қандай? Жұмыс
барысында қандай іс-әрекет кездеседі?
2. Жұмысты орындау жағдайлары және оның мүмкіншіліктері қандай?
3. Жұмысқа қандай сыртқы фактор әсер етеді?
4. Жұмыс істейтін адамның психикасына қойылатын ерекше талаптар?
Жұмысты суреттейтін ақпаратты келесілерден алуға болады:
а) Тарифті - квалификациялық анықтамалар;
ә) Еңбек атқару гигиенасы мен қауіпсіздік ережелері;
б) Жұмыс күнінің фото, видео т.б. көріністері;
в) Мекеменің жедел есептері;
г) Әртүрлі жиналыс хаттамалары;
ғ) Кәсіптік оқыту материалдары;
д) Жұмыс туралы арнайы әдебиеттер.
Психопрофессиограмма құрау 3 сатыдан тұрады.
1. Суреттеу сатысы – жұмыс процесі туралы нақты және қомақты
материал жинақталады.
2. Талдау-біріктіру сатысы (анализ-синтез) – жинақталған материал-
дарды талдау-біріктіру арқылы кешенді-әмбебап профессиограмма
жасалынады.
3. Дедуктивті сатысында – кешенді профессиограммадан нақты
мақсатқа көшу барысында еңбекке қажетті білімдер жинастырылады.
Профессиограммалар арнайы мақсатпен қолданылады:
а) еңбек процесін оптимизациялауға бағытталған профессиограмма
(еңбекті дұрыс ұйымдастыру мақсатымен);
ә) жұмысшыларды іріктеу, кәсіп иелерін таңдау барысында кеңес
беру үшін қолданылады;
б) кәсіби оқытуды ұйымдастыру мақсатымен жүзеге асатын профес-
сиограмма (нақты қабілеттер, тұлғалық ерекшеліктер, оқыту табысы
айқындалады);
в) еңбек процесін ұйымдастыру профессиограммасы (еңбекке әсер
ететін нақты объективті және субъективті факторлар ескеріледі);
г) еңбек өнімділігі мен нәтижелігін бағалау мақсатымен қолданы-
латын профессиограмма.
45
Отандық психологияда Е.А. Климовтың жіктемесі кеңінен танылды.
Онда еңбек объектісімен сәйкес мамандықтың 5 типі көрсетіледі:
1) Адам-тірі табиғат (т). Бұл тип өкілдері өсімдіктермен, жануар-
лармен, микроағзалармен байланыс жасайды, мысалы: агроном, зоотехник,
ветеринар, микробиолог.
2) Адам-техника (өлі табиғат); (Т). Жұмысшылар еңбектің техника-
лық құралдарымен жұмыс жасайды. Мысалы: слесарь, техник, механик,
электрик.
3) Адам-адам (А). Қызығушылық, танымдық заты-әлеуметтік жүйе,
тұрғындар тобы, әр жастағы адам. Мысалы: тауар сатушысы, шаштараз,
дәрігер, мұғалім.
4) Адам-белгілер жүйесі (Б). Табиғи және жасанды тілдер, шартты
белгілер, сандар, формула. Мысалы: программист, математик, баспа
редакторы, тіл маманы.
5) Адам-көркемдік образ (К). Мысалы: суретші-декоратор, рестав-
ратор, балет әртісі, драма театрының актері.
Мамандықтың бұл 5 типі мақсаты бойынша 3 класқа бөлінеді:
1) гностикалық мамандық (Г) (грекше «гнозис»-білім). Мысалы
«адам-табиғат»: дегустатор, жемісті қабылдаушы; «адам-техника»: мастер-
диагност; «адам-адам»: медициналық эксперт, әлеуметтанушы; «адам-бел-
гілер жүйесі»: корректор-бухгалтер; «адам-көркемдік образ»: музыкант,
актер.
2) Қалыптастырушы мамандықтар (Қ). Мысалы: «адам-табиғат»:
өсімдік өсіруші, зооинженер, жануар өсіруші; «адам-адам»: мұғалім,
педагог, токарь; «адам-белгілер жүйесі»: машинист-стенографист, бухгал-
тер; «адам-көркемдік образ»: декоратор, суретші, сылақшы.
3) Таңдамалы мамандықтар. Мысалы, «адам-табиғат»: ұшқыш-бақы-
лаушы, биолог-зерттеуші; «адам-техника»: инженер-құрастырушы; «адам-
белгілер жүйесі»: программист, математик; «адам-көркемдік образ»: сурет-
ші, сазгер.
Еңбектің негізгі құралдары бойынша әр класты 4 бөлімнен құруға
болады:
1. Қол еңбегі мамандығы, слесірлік жұмыс бақылаушысы, фельд-
шер-лаборант, картограф, суретші, конструктор.
2. Машина қол еңбегі мамандығы, экскаватор жүргізушісі, токарь,
автомобиль жүргізушісі.
3. Автоматтандырылған жүйемен байланысты мамандық: цех опера-
торы, магниттік жазба операторы.
4. Еңбек функциональды құралдарымен байланысты мамандық:
еңбектің психологиялық құралы-ойлау эталондары (акробатта-келесі
әрекеттің ойлау үлгісі, дирижерде-образды эталондар).
46
Еңбек шарттары бойынша Е.А. Климов мамандықты 4 топқа бөледі:
1. микроклимат жағдайындағы жұмыс: лаборант, оператор ЭЕМ,
бухгалтер.
2. ашық жердегі жұмыс: агроном, монтажшы, МАИ инспекторы.
3. биікте, су астында, жер астында, т.б. антенашы, теңіз зерттеушісі,
өрт сөндіруші.
4. Адамның денсаулығы, өмірі үшін моральды жауапкершіліктегі
жұмыс: балабақша тәрбиешісі, мұғалім, зерттеуші.
Кәсіби білім беруді мамандықтың барлығы бойынша жүргізу мүмкін
емес. Әрбір кәсіби іс-әрекеттің құралы, мазмұны, деңгейі ерекшеленеді.
Оқу мамандығының белгілер бойынша ғылыми негіздеу керек. Нәти-
жесінде мамандар дайындау формасы жасалу керек. Бұл кәсіби мектеп
және ЖОО-да оқу болуы мүмкін.
Кәсіби білім алу үшін оқу мамандықтарын таңдау өзекті болып отыр.
Бұл таңдау ғылыми негізделуі керек. С.Я. Батышев ең алғаш білікті
мамандар дайындау мақсатында оқу мамандықтарын топтастыру мәселесін
алға қойды. Мамандық бөлінуінің маңызды нәтижелері:
– еңбекті механикаландыру дәрежесі;
– деңгей және талап етілетін біліктілік сипаты;
– дене және ақыл-ой еңбегі шығындары қатынасы.
Еңбек күрделілігін анықтау критерийлері болып: құрал, зат, өнім,
еңбек қызметі, жауапкершілік көрсетілген.
1987 ж. кәсіби техникалық білім беру жүйесінде қызмет етуші
жұмыскерлерді дайындау үшін мамандықтардың жалпы одақтық санағы
бекітіліп, оқу мамандықтарының жалпы саны 1193-ке дейін қысқарды.
Техника түсінігінің астарында құрал, еңбек құралдары жатады.
Технология техниканың жасанды құралдарының, өндіріс процестерінің,
ресурстарының, басқарудың дамушы жүйесі ретінде кең ұғым болып
табылады. Технология қоғам дамуын анықтау, ғылым мен тәжірибе
жетістігін көрсетеді, және мынадай кәсіби профильдерге бөлінеді:
– ақпарат технологиялары-ақпарат алу, талдау, өңдеу;
– экологиялық технология-қоршаған орта;
– экономикалық технология-кәсіпкерлік, бизнес;
– өндірістік технология-материалдық құндылықтар жасау;
– аграрлы, жер өңдеуші техникалық-өсімдіктерді өсіру;
– әлеуметтік технология-адамдар қарым-қатынасының жақсаруы,
тұрақтылығы.
Технология түрлері оқу мамандық топтарын қалыптастыру үшін
негіз болады. Өндірістік іс-әрекетте әлеуметтік-техникалық, физикалық,
экологиялық білім өте қажет.
Кәсіби политехникалық білімге қажет факторлар:
– еңбек пен өндіріс интеллектуализациясы;
47
– электроника, т.б. техникалық жүйелер есебінен технологияны
күрделендіру;
– қазіргі кездегі өндіріс пен еңбек үзілісінің технологиялық базисінің
дамуы;
– жаңа технологиялар базасы бойынша техникалық құралдарды
жетілдіру;
Кәсіби маңызды сапалар-жауапкершілік, сенімділік, қабілеттілік,
шешім қабылдай алу, т.б.
Сонымен қатар: технологиялық, политехникалық, жеке тұлғалық
болып бөлінген 3 фактор көрсетілген.
Оқу мамандығын жобалауда келесі принциптер жүзеге асырылады:
– педагогикалық технология мен өндірістік технологиялардың өзара
байланысы;
– кәсіби өзін-өзі анықтау;
– мамандық мазмұнының прогностикалық бейнесі;
– оқу технологиясы мен кәсіби профильдегі өндірістік технологиялар
интеграциясы.
Оқу мамандығы мәселелерін шешуге технологиялық білім беруді
жүйелеу негіз болады. Бұл мәселенің шешімі мамандарда-құрастыру-
шылық, білім берудегі мамандыққа кіріспе мәнін күшейту қажеттілігін
тудырады.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 5.
Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 5.
7 Дәріс. Оқушылардың еңбек қызметін ұйымдастырудың
психологиялық ерекшеліктері
Өскелең ұрпақты еңбекке даярлаудағы әлеуметтік тапсырыс бұл
мәселенің психологиялық аспектісін зерттеудің өзектілігін белгілеп отыр.
Кәсіби қалыптасу мәселесіне Д. Сьюпердің кәсіби даму стадиялық
теориясы қызығушылық танытады. Д. Сьюпер бес стадияны қарастырды:
пайда болу, зерттеу, консолидация, сақталу және құлдырау. Зерттеу-
шілердің көпшілігі кәсіптік бағдарлау процесінде екі кезеңді белгілейді.
Бірінші кезең тұлғаның мамандық әлеміне бағдарлануына ұмтылумен,
олардың мазмұны туралы өзінде түсінікті қалыптастырумен сипатталады.
Ал екінші кезең тұлғаның кәсіптік әрекетті меңгеруге ұмтылумен, нақты
бір кәсіптік топтың құрамына енумен сипатталады. Бірінші кезеңде тұлға
өзінің ақпаратталған деңгейіне қанағаттанады, ал екіншісінде – өзінің
мамандыққа жақындасуына немесе жұмысқа қабылдауына қанағаттанады.
Дж. Голланд 6 кәсіптік топтарды немесе әрекет типтерін анықтады:
моторлы (жүргізушілер, машинистер), интеллектуалды (зерттеушілер),
48
ұстамдылар (мұғалімдер, дәрігерлер), келісуші (хатшылар, мекеме қызмет-
керлері), көндіруші (сауда қызметкерлері, бизнесмендер), эстетикалық
(музыканттар, суретшілер). Оның ойынша, әрбір кәсіптік топ өзіндік
мәселелерімен, орындайтын рольдерімен ерекшеленетін спецификалық
образ.
Әлеуметтік зерттеулер бойынша жастардың мамандық таңдауының
басты түрткілері: мамандыққа деген қызығушылық, өз білім деңгейінің
көтеру болашағы, жаңадан бір нәрсені ойлап табуға деген құлшыныс.
А.Г. Ковалевтің көрсетуінше жеткіншектердің мамандық таңдауы екі
белгімен сипатталады: 1. Таңдалатын мамандықтың эмоционалдық
тартымдылығымен; 2. Жеткіншектердің қабілеттері мен икемділіктерінің
сәйкес келуімен.
Мамандықтың беделділігі әлеуметтік-экономикалық факторлардың
әсері негізінде басты белгі ретінде қалыптасады. Мамандықтың беделді-
лігіне әсер ететін жағдайлар мыналар болып табылады: еңбек механиза-
циясының деңгейі, оның санитарлық-гигиеналық жағдайы, материалдық
қамтамасыз етуі, интеллектуалдық мазмұны т.б.
Ю.К. Васильев еңбек тәрбиесі процесінде кезеңдік кәсіптік бағдар-
лауды ұсынды:
1. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын зерттеу.
2. Оқушылардың белгілі бір әрекет түріне бағдарлануы.
3. Кәсіптік қызығушылықтарды қалыптастыру.
4. Кәсіптік таңдау жасау.
А. Климов кәсіптік жарамдылықтың төрт деңгейін атап айтты:
1. Қандай да бір мамандыққа жарамсыздық. Кейде ол уақытша болуы
мүмкін.
2. Мамандыққа жарамдылық.
3. Әрекеттің аймағына сәйкестілік.
4. Әрекеттің кәсіптік аймағына құлшыныстылық – бұл адамның
кәсіби жарамдылығының ең жоғарғы деңгейі.
Б.А. Федоришин кәсіптік бағдарланудағы адамның саналы мамандық
таңдауының үш компонентін көрсетті: кәсіптік ақпарат, кәсіптік кеңес
және бастапқы кәсіпті таңдау. Кәсіптік ақпарат барлық мектептік кәсіби
бағдарлау жұмысының орталық элементі болып табылады. Кәсіби ақпарат
– бұл оқушыларда түрлі кәсіптік әрекеттер туралы жағымды көзқарасты
қалыптастыру. Кәсіптік кеңес – оқушыға мамандық таңдауға көмектесу.
Көптеген психологтар кәсіптік бағдарланудың төрт негізгі компо-
нентін бөліп қарастырады: кәсіптік ақпарат, оқушылардың психофизио-
логиялық қасиеттеріне талдау жасау, кәсіптік бағдар және мамандық
таңдау. Олар кәсіптік бағдарлануды принциптер, әдістер туралы арнайы
ғылым ретінде анықтады. Кәсіптік бағдарлану – арнайы фазалары бар ұзақ
процесс: дайындық, қалыптастырушы, бағыттаушы және бекітуші.
49
Е.А. Климов бойынша кәсіпке жарамдылық мәселесін шешу үшін
алдымен адам мен мамандық арасындағы сәйкестіктерді анықтау мен
келесі ерекшеліктерді ескеру керек деген:
1. Жұмыс орнының жағдайлары.
2. Адамдардың қабілетіне сәйкес жұмыстарды белгілеу.
3. Жұмысты атқару кезінде нақты функцияларды адамдардың
қабілетіне сай ажырату.
4. Кәсіби іріктеу жұмысын жүзеге асыру.
К.М. Гуревич инженерлік психологияда кәсіптік жарамдылық мәсе-
лесімен айналысқан. Оның пікірі бойынша, адам өз жұмысында жоғары
көрсеткіштерге жетуі үшін ол ең алдымен өз жұмысынан қанағат алуы
керек.
Л.В. Котелова өзінің зерттеуі бойынша, мамандықтарды 4 түрге
бөліп қарастырады:
1. Адамға күнделікті психофизиологиялық талаптар қоятын маман-
дықтар (мысалы: космонавтар);
2. Ұзақ мерзімді дайындықты талап ететін мамандықтар (мысалы:
дәрігер);
3. Қиын және қауіпті жағдайларда жұмыс атқаратын мамандықтар,
(өрт сөндіруші);
4. Жеке адамның арнайы қабілеттерін қажет ететін мамандықтар
(музыкант).
Б.Ф. Ломов инженерлік психологияда кәсіби іріктеу мәселелерін
зерттеген. Кәсіби іріктеуді арнайы әдістер арқылы зерттеп, оны адамның
қабілеттерімен байланыстырған. Оның айтуынша, қабілет дегеніміз – адам
қасиеттерінің кешені болып табылады. Осы қасиеттердің көмегімен белгілі
бір әрекет түрін табысты игеруге болады.
Кәсіби іріктеу жұмысы келесі кезеңдерден тұрады.
1. Профессиография, еңбек процесіне талдау жүргізу.
Мақсаты: мамандыққа қажетті кәсіби маңызды қасиеттерді анықтау.
а) денсаулыққа қойылатын медициналық талаптар;
б) білім деңгейі;
в) психофизиологиялық талаптар (нерв жүйесі, ес, зейін, эмоцио-
налды тұрақтылық).
2. Кәсіби жарамдылықты бағалайтын әдістерді таңдау, іріктеу және
өңдеу (сұрау, құжаттарды талдау, бақылау, кәсіби жарамдылықты анық-
тайтын қасиеттер, еңбек әдісі, т.б).
3. Әдістердің сенімділік деңгейін тексеру.
4. Тікелей тексеру – математикалық статистика жүргізу мен сандық
қорытынды жасау.
Еңбекке жарамдылық – адамның еңбек әрекетін атқаруға қажет
болатын негізгі ерекшеліктері (физикалық және психикалық ерекше-
50
ліктер). Ал, кәсіпке жарамдылық – адам атқаратын белгілі бір жұмысқа
керек болатын қасиеттері мен мүмкіндіктерінің сәйкес келуі.
Кәсіпке жарамдылықтың келесі сипаттамаларын көрсетуге болады:
1. Физикалық мәліметтер және денсаулық жағдайы;
2. Кәсіби әрекет барысында біліктілікті арттыру (өндірістік тәжіри-
бесі, өндірістік тапсырманы орындай алу қабілеті);
3. Саяси білгірлік және қоғамдық белсенділік (саяси мәселелерге
көзқарас;
4. Жұмысқа қабылдаудың әкімшіліктік-құқықтық негізі (адамның
белгілі жұмысқа сәйкес болу, болмауы, жынысы, жасы және т.б);
5. Психикалық ерекшеліктер мен қабілеттер (еңбектегі жаңа жағдай-
ларға жауап беру тәсілі);
6. Тұлғалық және кәсіби сапалары;
7. Тұлғаның мақсаты және еңбек мотивациясы (өмірлік мақсат, өнді-
рістік жоспар);
8. Индивидуалды бейімделу және жұмыс кезіндегі жүріс-тұрыс
ерекшеліктері;
9. Жұмыстан тыс уақыт мезгіліндегі өмір бейнесі (жүріс-тұрыс
нормасы, өмір стилі).
Мамандық таңдау мотивациясының теориялық және әдістемелік
мәселелерін В.В. Ярошенко қарастырды. Мамандық таңдаудың мотива-
циясы-өзара әрекеттесетін күрделі түрткілер комплексі. Мұнда мамандық
таңдайтын оқушының рөлі шешуші болып табылады. Өз күші мен
қабілеттерін көрсетуге тырысу, өзінің кәсіби жарамдылығын бағалау
мамандық таңдаудағы жетекші түрткілердің біріне айналды. Автор саналы
таңдаудың негізін құратын мамандық таңдау түрткісінің үш негізгі
комплексін көрсетті: қызығушылық, міндет, кәсіптік жарамдылық. Ол
мамандық таңдау түрткілерінің жіктелуін, түрткілердің өзара байланысын,
оқушылардың мамандық таңдауына әсер ететін факторларды, оқу-тәрбие
процесінде оларда мамандық таңдау түрткілерін қалыптастыру жолдарын
қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |