ДӘрістер кешені павлодар 2012 жыл 2


Негізгі әдебиеттер: 1,2,3



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата05.02.2017
өлшемі0,81 Mb.
#3472
1   2   3   4   5   6   7

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3. 

Қосымша әдебиеттер: 3,4,5. 

 

12-дәріс. Оқытушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің психологиялық 

ерекшеліктері 

 

Кәсіптік-педагогикалық  білім  берудің  дамуының  негізгі  бағыттары 

мен  қағидалары.  Қазіргі  уақытта  педагогтер,  психологтар  және  философ-

тар жалпы және кәсіптік білім беруді дамытудың жаңа тәсілдерін жасауда. 

Кәсіптік-педагогикалық  білім  беруге  көп  уақыт  бойы  қажетті  көңіл 

бөлінбеді.  Ұзақ  уақыт  бойы  өндірістік  оқыту  шеберлері  индустриалды-

педагогикалық  техникумдарда,  ал  оқытушылар  жоғары  оқу  орнының 

инженерлік-педагогикалық  факультеттерінде  даярланып  келді.  Социа-

листік қоғам кезеңіндегі өнеркәсіптік саланың басымдықпен дамуы негізі-

нен  жұмысшы  мамандарды  дайындауға  себепші  болды,  бұл  өз  кезегінде 

кәсіптік мектептің педагогикалық кадрларының құрылымын анықтады. 

Қоғамдағы  әлеуметтік-экономикалық  жағдайдың  өзгеруі  күрделі 

әлеуметтік,  экономикалық  және  саяси  байланыстары  бар  кәсіптік  білім 

беру  жүйесін  бұзды. Нарықтың жағдайға  қайта  бейімделуі  бұл  байланыс-

тарды және қайшылықтарды бұзды да мынадай қайшылықтардың қалыпта-

суына себепші болды: 

– үнемі  жоғарылап  отыратын  білім  беру  деңгейі  мен  қоғам  мүше-

лерінің  кәсіби  құзыреттілігіне  деген  объективті  қажеттілік  пен  білім  беру 

институттарының шектелген мүмкіндіктері арасындағы; 

– бәсекеге  қабілетті  мамандарды  даярлаудағы  қоғам  қажеттілігі  мен 

педагогтердің төмен кәсіби потенциалы арасындағы; 

– оқытушылар  мен  өндірістік  оқыту  шеберлерінің  кәсіпқойлығын 

дамыту  үшін  қажетті  қаржылық  және  материалдық  құралдар  мен  білім 

беру  тиімділігін  төмендететін  қалыптасқан  әлеуметтік-экономикалық 

жағдай арасындағы; 

– мамандарды кәсіби даярлауды қарқындатудағы прогрессивті педа-

гогикалық  технологиялардың  рөлінің  жоғарылауы  мен  педагогтердің 

басым бөлігінде арнайы педагогикалық білімнің болмауы арасындағы; 

– ұзақ уақытты талап ететін қосымша кәсіптік білім беру жүйесіндегі 

жеке тұлғалық дамудың мақсатқа сәйкестігі мен оқыту курстарының қысқа 

мерзімділігі арасындағы; 


 

80 


– жоғары кәсіптік құзыреттілігі бар мамандарға деген қажеттілік пен 

мамандардың  кәсіби  дамуын  басқару  механизмінің  жетілмегендігі 

арасындағы; 

– кәсіптік-педагогикалық  қызметкерлерді  даярлау  мен  біліктілігін 

көтерудің әр алуан буындарындағы бытыраңқылық пен интеграцияға деген 

қажеттілік арасындағы. 

Анықталған  қарама-қайшылықтар  кәсіптік-педагогикалық  білім 

беруді дамытудың негізгі мақсаттарын анықтайды: 

– кәсіптік-педагогикалық  білім  беру  бағдарламаларын  жеке  тұлға 

сұраныстарына, еңбек нарығы қажеттілігіне, экономика, ғылыми-техноло-

гиялық және әлеуметтік саланың даму перспективасына сәйкес келтіру; 

– мамандардың  жеке  тұлғалық  кәсіби  потенциалының  дамуы  мен 

олардың қажеттілігінің дамуын қамтамасыз ететін озық білім беруге көшу-

ді  ескере  отырып,  маман  даярлаудың  мазмұнының  құрылымын  өзгерту 

және оны сапалы түрде жаңарту; 

– тәрбиелеу процесін жетілдіру, жеке тұлғаның кәсіби дамуына және 

оның шығармашылық белсенділігін жүзеге асыруға жағдай жасау; 

– ең  алдымен,  кәсіптік  білім  беру  жүйесі  үшін  педагогикалық  және 

басқару  кадрларын  қамтамасыз  ететін  кәсіптік  білім  беру  жүйесі  үшін 

кадрларды даярлау, кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеру жүйесін 

дамыту; 

– орта  кәсіптік  білім  берудің  басқа  деңгейлермен  сабақтастығын 

дамыту; 

– білім беруді ақпараттандыруды кеңейту; 

– өндірістік  және  инновациялық  іс-әрекетті  дамыту  үшін  орта 

арнайы білім беру мекемелерінің потенциалын қолдануды қамтамасыз ету, 

бұл  мамандарды  дайындаудың  сапасын  көтеріп  қана  қоймай,  сонымен 

бірге  білім  беру  мекемелерін  дамыту  үшін  қосымша  қаржы  көздерін 

қамтамасыз етеді. 

Қазіргі  таңдағы  кәсіптік-педагогикалық  білім  беру  дамып  келе 

жатқан  жоғары  инженерлік-педагогикалық  білім  беру  мен  индустриалды-

педагогикалық  білім  берудің  дамуының  нәтижесі  болып  табылады,  ол 

кәсіптік техникалық білім беру үшін кадрларды дайындап келді. Кәсіптік-

педагогикалық  білім  берудің  даму  динамикасы  елдің  әртүрлі  кезеңде-

ріндегі әлеуметтік-экономикалық дамуын бейнелейді. 

Кәсіптік-педагогикалық  білім  беру  Қазақстан  Республикасының 

«Білім беру туралы» Заңына сәйкес білім беру жүйесінің бір саласы болып 

табылады. Жүйе бола отырып, ол мынадай құрамдас бөліктерден тұрады: 

а)  өзара  сабақтас  мемлекеттік  білім  беру  және  кәсіптік  білім  беру 

бағдарламалары; 

ә)  ұйымдық-құқықтық  формалары,  типтері,  түрлері  әр  алуан  білім 

беру мекемелерінің жүйесі; 



 

81 


б) жүйені басқарудың мемлекеттік ұйымдары, мемлекеттік-қоғамдық 

және қоғамдық ұйымдар. 

Кәсіптік-педагогикалық  білім  берудің  мақсаты 

  бастапқы  кәсіптік 



білім  беру  және  орта  кәсіптік  білім  беру  саласында  өзін  тиімді  жүзеге 

асыруға,  интеграцияланған  білім  беру  процесінің  барлық  компоненттерін 

іске  асыруға,  білікті  жұмысшыларды  және  мамандарды  даярлау  бойынша 

кәсіптік-білім  беру  функцияларын  орындауға  қабілетті  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру болып табылады. 

Қазіргі  уақытта  кәсіптік-педагогикалық  қызметкерлер  еңбегінің 

сипаты  мен  мазмұнына  бірқатар  жаңа  факторлар  әсер  етеді,  оның  ішінде 

мемлекеттік білім беру парадигмаларының өзгеруі де бар, оның шеңберін-

де бағдарлауды қайта бағалау жүзеге асады. 

Білім  беруді  дамытудың  негізгі  бағыттары 

  білім  беруді  технократ-



тың  парадигмадан  босатып,  жеке  тұлға  оқытудың  объектісі  емес  оқудың 

субъектісі  болып  табылатын  концепция  негізінде  адамның  потенциалды 

мүмкіндіктерін ашу. 

Біздің мемлекетте қалыптасқан білім беру  жүйесіне жасалған нақты 

талдау  оның  дәстүрлі  және  туындап  келе  жатқан  үздіксіз  білім  беру 

элементтерінің  негізі  болып  табылатынын  дәлелдеді.  Дәстүрлі  білім  беру 

элементтерінің біртіндеп жойылуы және проблемалық оқыту идеялары мен 

әдістерін  неғұрлым  кеңінен  енгізу  процесі  жүріп  жатыр.  Үздіксіз  кәсіптік 

білім беру саясаты жалпы білім беру стратегиясының басым және орталық 

бағыты болып келе жатыр. 

Ізгілендіру  (гуманизация)  қоғам  дамуының  жоғары  тенденциясы 

ретінде адамның жоғары құндылығын анықтайды. Кәсіптік-педагогикалық 

қызметкерлердің  кәсіптік  дамуының  педагогикалық  жүйесінің  мақсаты 

 



жеке  тұлғаға  гуманистік  сипаттағы  бағыт  беру,  оның  функционалды 

сауатсыздығының және құзіреттіліксіздігінің алдын алу. Осыған байланыс-

ты  гуманитарлық  білім  үлесі  ұлғаяды,  мамандарды  мәдени  және  көркем-

эстетикалық даярлау артады. 

Білім  беруді  гуманизациялау  экологияландырумен  тікелей  байла-

нысты.  Адамның  көптеген  әрекеттері  бұрын-соңды  болмаған  энергия 

көздеріне  байланысты  адамгершілік  тұрғыдан  маңызды  болады.  Осыдан 

келіп кәсіптік білім беруді экологияландыру, табиғи ресурстармен тұтастай 

қарым-қатынас жасау әдістерін оқыту қажеттілігі туындайды. 

Қазіргі  таңдағы  кәсіптік  білім  берудің  даму  тенденцияларының 

арасында  демократияландыруды  атауға  болады.  Демократияландыру  оқу 

процесінің  мазмұнына,  оның  жүзеге  асуына  және  білім  жүйесін  тұтастай 

басқаруға  байланысты,  ол  көбінесе  адамның  заңды  құқығын  қамтамасыз 

етуге, оны жалпы адамдық құндылықтарға араластыруға бағдарланған. 

Экономика  мен  әлеуметтік  орта  дамуының  келешегі  мамандардан 

жаңа кәсіптік және жеке тұлғалық қасиеттерді талап етеді, ол кәсіптік білім 



 

82 


беру жүйесінің негізінде жеке тұлғаны дамыту идеясы жатқан, озық оқыту 

моделін  жүзеге  асыруға  көшу  қажеттілігіне  себепші  болады.  Озық  оқыту 

дәстүрлі  оқытуға  қарағанда  маман  даярлауда  нақты  бір  кәсіби  іс-әрекетке 

даярлауға бағдар жасамайды, ол жаңа білімдерді меңгеруге, көп функцио-

налды  іскерліктерді  үйренуге  даярлықты  қалыптастыруға  бағдар жасайды 

және кәсіби қажеттілікті қамтамасыз етеді. 

Кәсіптік білім беруге қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты 

оны дамытудың мынадай негізгі қағидалары анықталады: 

– іргелілік (фундаментальность), ол пәндік, психологиялық-педагоги-

калық, әлеуметтік-гуманитарлық және жалпы мәдени даярлықтың ғылыми 

негізделуін және жоғары сапасын болжайды; 

– үздіксіздік,  ол  білім  берудің  құрылымы  мен  мазмұны  қалыпта-

суының пайда болған дәстүрін ескере  отырып, орта кәсіптік білім берудің 

басқа білім беру деңгейлерімен сабақтастығын болжайды; 

– әмбебаптылық  –  кәсіптік  және  жалпы  мәдени  құраушылардың 

бірлігінде  базалық  дайындықты  қамтамасыз  ететін  пәндер  жиынтығының 

көптігі; 

– білім  берудің  көп  нұсқалылығы  -  кәсіптік  білім  берудің  қоршаған 

орта  өзгеруіне  икемділікпен  әсер  етуін  және  соның  салдары  ретінде 

кәсіптік  білім  беру  бағдарламаларының,  білім  беру  мекемелерінің  түрлері 

мен ұйымдық-құқықтық формаларының өзгеруін болжайды; 

– интегративтілік,  ол  мазмұнның  өзара  толықтырылуы  және  мақсат-

тар  мен  талаптардың  бірлігі  негізінде  базалық  пәндер  кешенімен  құры-

латын  әлем  туралы  тұтас  бейне  қалыптастыруға  бағдарланған  пәнаралық 

байланысты болжайды; 

– кәсіптік білім берудің практикалық бағыттылығы; 

– кәсіптік білім беру мекемелерінің академиялық және шаруашылық 

дербестігінің дамуын, өзін-өзі басқару механизмінің жетілуін болжайды; 

– әлеуметтік өзара қарым-қатынастың тиімділігі, кәсіптік білім беруді 

дамыту  мақсатында  білім  беру  саясатының  барлық  субъектілерінің  іс-

әрекеттерін келісімге келтіруді болжайды; 

– кәсіптік білім беруді гуманизациялау; 

– кәсіптік өзін-өзі анықтау, ол мамандықты таңдаудан, өзінің кәсіптік 

білімін жобалаудан байқалады. 

Білім  беру  жүйесінде  кәсіптік-педагогикалық  кадрларды  даярлау 

мақсатын жүзеге асыру үшін кәсіптік-педагогикалық білім беру  жүйесі өз 

уақытында құрылып, міндетін атқаруда. 

Орта  кәсіптік-педагогикалық  білім  беру  жүйесі  кәсіптік-педагоги-

калық  колледждер  болып  табылады.  Өндірістік  оқыту  шеберлерін  дайын-

дау негізгі жалпы орта білім беру базасында, сондай-ақ толық жалпы орта 

білім  беру  базасында  да  жүзеге  асырылады.  Кәсіптік-педагогикалық 

колледждерде дайындық орта кәсіптік білім беру мамандарының классифи-



 

83 


каторына сәйкес және осы деңгейдегі білім беру бағдарламалары бойынша 

жүргізіледі.  Өндірістік  оқыту  шеберін  дайындаудың  ең  ұзақ  мерзімі  – 

2 жыл  10  ай.  Кәсіптік  орта 

  педагогикалық  білім  беру  екі  мемлекеттік 



білім  беру  стандартына  сәйкес  реттеледі:  кәсіптік  оқыту  мамандығы 

бойынша  мемлекеттік  стандарт 

  бірінші  компонент,  сала  мамандарын 



(техник,  технолог,  экономист  және  т.с.с.)  даярлау 

  екінші  компонент. 



Жұмысшы  мамандығын  алу  міндетті  болып  табылады 

  бұл  үшінші 



компонент. 

Мамандықтың  білім  беру  профильдері  бастапқы  кәсіптік  білім  беру 

қажеттіліктеріне бағдарланған: ауылшаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, орман 

ресурстарын  өңдеу  және  қайта  өңдеу,  энергетика,  металлургия,  машина 

жасау  және  технологиялық  жабдықтар,  информатика  және  есептеу  техни-

касы және т.с.с. 

Кәсіптік-педагогикалық  колледждің  кәсіптік  іс-әрекетінің  негізгі 

түрлері мыналар болып табылады: 

– кәсіптік білім беру мекемелерінің мамандануы мен оқыту бағдарла-

маларына сәйкес оқушыларды кәсіптік білім мен іскерліктерге оқыту және 

тәрбиелеу; 

– оқыту  және  тәрбиелеу  мәселелері  бойынша  ата-аналармен  үнемі 

жұмыс жасау; 

– білім алушылардың әр алуан және мазмұнды іс-әрекеті үшін қолай-

лы психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу; 

– біліктілік  деңгейін  көтеру  және  педагогикалық  шеберлікті  жетіл-

діру мақсатында педагогикалық білімді өздігінен алу; 

– алғашқы еңбек ұжымының жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау; 

– тапсырмалар мен келісімшартты орындауды қамтамасыз ету; 

– дайындық  профиліне  сәйкес  жабдықтарға  техникалық  қызмет 

көрсету, жөндеу және пайдалану; 

– жаңа инновациялық технологияларды енгізу; 

– негізделген  басқару  шешімдерін  қабылдау  және  олардың  орында-

луына бақылау жасау. 

Орта кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіптік оқыту педагогтерін даяр-

лау  бірнеше  бағыттар  бойынша  жүзеге  асады:  жалпы  гуманитарлық  және 

әлеуметтік-экономикалық  пәндер,  жалпы  кәсіптік  пәндер  блогі,  медици-

налық-биологиялық  даярлық  пәндері,  психологиялық-педагогикалық  пән-

дер және т.б. арнайы пәндер. 

Өндірістік оқыту шеберін дайындау үш бағыт бойынша жүзеге асады: 

– негізгі  дайындық 

  өндірістік  оқыту  шебері,  қосымша  біліктілік  – 



техник; 

– негізгі  дайындық 

  техник,  қосымша  біліктілік  –  өндірістік  оқыту 



шебері; 

 

84 


– орта  немесе  жоғары  кәсіптік  білім  алғаннан  кейінгі  өндірістік 

оқыту шеберін дайындау. 

Кәсіптік-педагогикалық  колледжді  аяқтағаннан  кейін  маман  оқушы-

ларға  кәсіптік  білім  беру  мен  тәрбиелеуді  орындай  отырып,  кез  келген 

кәсіптік білім беру мекемелерінде жұмыс жасай алады. 

Жалпы  ғылыми,  жалпы  кәсіптік  және  арнайы  дайындыққа  сәйкес 

мұндай маман іс-әрекеттің  негізгі түрлерін  орындай алады:  оқу-өндірістік 

қызмет;  тәрбие  жұмысын;  әдістемелік  жұмысты;  ұйымдастыру-басқару 

қызметін; пайдалану-қызмет көрсету жұмысын. 

Жоғарыда  айтылғандарға  сәйкес,  қазіргі  уақытта  орта  және  жоғары 

кәсіптік  педагогикалық  білім  берудің  сабақтастығын  қамтамасыз  ету 

мәселелері өзекті болып отыр. 

Кәсіптік-педагогикалық мамандықтың даму келешегі 

Мемлекеттің саясатында жарияланған стратегиялық мақсаттың бірі 

 

білім  беру  аясында,  оқытудың  тұлғалық  қызметке  жақындап  келуі  мен 



оқытудың даму қағидасын енгізу болып табылады. Оқу орындарында осы 

қағидалар  мен  әдістерді  жүзеге  асыру  бастапқы  кәсіптік  білім  беру 

қызметкерлерінің кәсіптік даму деңгейіне байланысты. 

Жаңа  білім  беру  парадигмасы  оқыту  аясында  реформалар  демокра-

тияландыруға,  гуманитарландыру,  ізгілендіру,  экологияландыру,  компью-

терлендіруге бағытталып өткізіледі. 

Қазіргі  уақытта  мамандықтың  әртүрлі  салалар  жиынының  қажетті 

кеңеюі көрсетілді, 050120 – кәсіптік оқыту мамандығынан ветеринария, су 

транспорты, темір жол транспорты, полиграфия, құқық және құқық қорғау 

қызметі, талшық өнімі, текстильді және тоқыма өнеркәсібі, сервис, туризм 

мамандықтары бөлініп шығады. 

Болашақта  маманданған  кәсіптік-педагогикалық  оқу  орындарының 

қалыптасуына  уақыт  өте  келе  кәсіптік-педагогикалық  білім  берудегі  оқу-

әдістемелік орталықтардың рөлі өте зор болады. 

Арнаулы  кәсіптік  және  кәсіптік-педагогикалық  колледждер  мен 

кәсіптік мектептер жүйесін дамыту және сақтау қажет. 

Оқытушылар  мен  білім  алушылардың  шығармашылық  іс-әрекетіне, 

ғылыми-зерттеу  мен инновациялық іс-әрекетіне басты назар аудару қажет. 

Ортаңғы кәсіптік-педагогикалық білім беру жүйесіне көшу, оқытудың алға 

шығу  моделін  жүзеге  асыруда,  оның  негізінде  тұлғаның  даму  идеясы 

жатыр,  мамандарды  дайындауда  тек  нақты  кәсіптік  қызмет  емес,  кәсіптік 

мобильділігін  қалыптастыру,  жаңа  білімді  меңгеруін  қалыптастыру 

дайындығы, әмбебап біліктілігін алу да жатады. 

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 7. 

Қосымша әдебиеттер: 1, 2. 

 

 


 

85 


Пайдаланылған әдебиеттер  

 

Негізгі: 

1. Қалымбетова Э.К.  Еңбек  психологиясы:  Оқу  құралы  –  Алматы: 

Қазақ университеті, 2008 – 158 бет. 

2. Зимняя И.А.  Педагогикалық  психология:  /  Орыстілінен  аударған 

М.А. Құсаинова. – М.: Логос; Алматы: ТST-company, 2005. – 368 б. 

3. Қозыбай  А.  Топ  жетекшісі  (өндірістік  оқыту  шебері):  Оқу  құралы 

А. Қозыбай, Н. Жексенбиева, К. Өстеміров. – Астана: Фолиант, 2010. – 160 бет. 

4. Климов Е.А.  Введение  в  психологию  труда:  Учебник  для  вузов.  – 

М.; Культура и спорт, ЮНИТИ, 1998. – 350 с. 

5. Өстеміров  К.  Қазіргі  педагогикалық  технологиялар  мен  оқыту 

құралдары. – Алматы, 2007 – 144 б. 

6. Елеусізова С.  Қарым-қатынас  психологиясы.  –  Алматы:  «Рауан». 

1996 – 64 бет. 

7. Стрелков Ю.К.  Инженерная  и  профессиональная  психология. 

Учебное  пособие  для  студентов  высших  учебных  заведении.  –  М.: 

Издательский центр «Академия, 2001. – 306 с. 



 

Қосымша: 

1. Бодалев А.А. Психология о личности. – М.: Изд. МГУ. 1988. – 188 с. 

2. Әбенов С.Ш.  Тәрбие  теориясы  мен  әдістемесі:  Оқу  құралы.  –

Алматы: Дарын, 2004. – 152 бет. 

3. Иващенко Ф.И.  Труд  и  развитие  личности  школьника.  –  М.: 

Просвещение, 1987.-92 с. 

4. Косилов С.А.  Психофизиологические  основы  научной  организа-

ции труда. – М.: Экономика. 1979. – 175 с. 

5. Петровского А.В. 

Под  ред.  Возрастная  и  педагогическая 

психология. / М.: Просвещение. 1979. – 288 с. 

6. Фельдштейн Д.И. Психологические особенности ОПД подростков. 

– М.: Педагогика. 1982. – 224 с. 

7. Шакуров Р.Х.  Соцально-психологические  основы  управления: 

Руководитель и пед. коллектив. – М.: Просвещение. 1990. – 208 с. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

86 


МАЗМҰНЫ 

 

бет 


Кіріспе                                                                                                                  3 

1-дәріс 


«Кәсіби  психология»  пәнін  оқыту  мақсаты  және 

міндеттері, мамандарды дайындауда атқаратын ролі және 

маңызы 

4 



 

 

 



І бөлім Кәсіби психологияның әдіснамалық негіздері 

2-дәріс 


Кәсіптік әрекет процесі 

10 


3-дәріс 

Кәсіби қызмет процесінде адамды кешенді зерттеу 

16 

4-дәріс 


Кәсіптік білім беру психологиясының әдістері 

25 


5-дәріс 

Жеке тұлғаның дамуындағы жас ерекшеліктері 

33 

 

 



 

ІІ  бөлім  Жастардың  кәсіби  дайындығын  ұйымдастырудың  психология-

лық заңдылықтары 

6-дәріс 


Еңбек іс-әрекетін құрылымдық-психологиялық талдау 

40 


7-дәріс 

Оқушылардың еңбек қызметін ұйымдастырудың психоло-

гиялық ерекшеліктері 

47 


8-дәріс 

Кәсіптік  қызметке  дайындауды  жоспарлаудың  психоло-

гиялық-педагогикалық жүйесі 

50 


 

 

 



ІІІ  бөлім  Еңбек  қызметін  әлеуметтік-психологиялық  басқарудың 

педагогикалық негіздері 

9-дәріс 


Оқушылардың  еңбек  және  кәсіптік  іс-әрекетін  басқару-

дың  әлеуметтік-психологиялық  аспектісі  және  психоло-

гиялық сипаттамасы 

53 


 

10-дәріс  Оқушыларды 

еңбекке  тәрбиелеудің  психологиялық 

ерешеліктері 

64 

11-дәріс  Кәсіптік оқыту оқытушысын дайындау ерекшеліктері 



68 

12-дәріс  Оқытушының  оқу-тәрбие  іс-әрекетінің  психологиялық 

ерекшеліктері 

79 


 

 

 



 

Пайдаланылған әдебиеттер 

85 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

87 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«КӘСІБИ ПСИХОЛОГИЯ»  

пәні бойынша 

050120 «Кәсіптік оқыту» мамандығы үшін  

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ 

 

 



Басуға қол қойылды 21.05.2012 ж. 

Гарнитура Times New Roman. 

Форматы 84

100 1/32. Офсеттік қағазы. 



Көлемі 4,8 шартты б.т. Таралымы 500 дана. 

Тапсырыс №0601 

 

 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 



ғылыми-баспа орталығы 

140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60. 

E-mail: rio@ppi.kz 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет