Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 7.
Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 5.
25
4- дәріс. Кәсіптік білім беру психологиясының әдістері
Қазіргі қоғам білім беру жүйесіне қоғамның өзгермелі жағдайына
жеңіл бейімделетін болашақ мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін
жаңа талаптар қояды. Мұндай дайындық әртүрлі ғылыми саладағы білім-
дердің тек жиынтығына ғана тәуелді болмауы тиіс. Оқылатын пәндердің
мазмұны мен әдістемесі бітіруші студенттің психологиялық ойлауының
қызметтік мүмкіндіктерін меңгеріп шығатындай болып, нәтижелі әрі
ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарланған болуы қажет.
ЖОО оқу нақты студент үшін болашақта өзінің кәсіби іс-әрекетінде
сәтті қолдануға мүмкіндік беретін негізгі теориялық және практикалық
білім алу болып табылады. Оқытушының мақсаты – болашақ маманға
өзінде жинақталған білім мен іскерліктерді игерту, сонымен қатар оларды
тәжірибеде және шындықтағы өмір жағдайында қолдануға үйрету.
Кәсіби білім берудің міндеттері:
1. Болашақ маман ретінде оқушыларда дүниетанымды және жеке
адамның жоғары моралдық қасиеттерін қалыптастыру.
2. Оқушылардың кәсіби бағыттылығын тәрбиелеу, яғни өз маманды-
ғына қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік, баланы зерттеуге (тал-
пыну), оның психикасымен ерекшеліктерін тануға талпыну.
3. Оқушылардың психологиядан алған теориялық білімін практикада
қолдана білу іскерлігін, оқу-тәрбие жұмысына баланың жеке басының
қалыптасу үдерісіне бақылау жүргізе білу, бақылау нәтижесін талдай және
жалпылай білу іскерлігін дамыту, солардың негізінде баланың психикалық
ерекшеліктерінің пайда болу, даму себебі туралы қорытынды жасауға
үйрету.
Қазіргі қоғамдық өмірдің сұранысына байланысты, болашақ маманда
теориялық білімі мен тәжірибесінің болуы таңдаған мамандығына сай,
кәсіптік оқыту орындарында жобалай білім беру үрдісін қолдану өте тиімді
болып саналады. Кәсіби білім беру үрдісі – бұл кәсіптік білім беру мекеме-
леріндегі педагог пен оқушылардың арасындағы әлеуметтік ұйымдас-
тырылған қарым-қатынас. Негізгі компоненттері, яғни субъектісі – бұл
педагог пен оқушылар. Кәсіби педагогикалық үрдістің негізгі мақсаты –
оқушылардың жалпы және кәсіби дамуын қадағалау.
26
Кәсіби оқыту, дамыту және тәрбиелеу факторларының байланысы
1-ші схемада көрсетілген. 1-схема
Кәсіби білім беру
Кәсіби білім беру үрдісін келесі 2-ші схема арқылы көрсетуге
болады.
2-схема
Кәсіби білім беру үрдісінің моделі
Оқушылардың өзіндік және кәсіби дамуы
Кәсіби оқытудың
педагогі
Кәсіптік білім беру
мекемелерінің оқушылары
Кәсіби педагогикалық
қарым-қатынас
Кәсіби оқыту және
тәрбиелеудегі амалдар,
тәсілдер, әдістер
Кәсіби білім берудің мазмұны
Қорытынды
Кәсіби
оқыту
Кәсіби
тәрбиел
еу
Кәсіби
дамыту
27
3-схема
Тұлғаның кәсіби даму жобасының үрдісі
Білімдерді меңгерудің табиғи заңдылық қажеттілігіне тек оқытудың
белсенді әдістеріне дидактика жауапты бола алады.
Педагогикада белсенді оқыту әдістері алуан түрлі. Олар әртүрлі
пәндерді оқытуда қолданылады.
а) бағдарламаланған оқыту әдісі;
б) проблемалық оқыту әдістері;
в) интерактивті оқыту әдістері.
1. Бағдарламаланған оқыту – П.Я. Гальпериннің ХХ ғасырдың
50-жылдарында жасаған ақыл-ой іс-әрекетін кезең деп қалыптастыру
теориясына негізделген оқытудың белсенді әдістерінің жиынтығы.
Оның негізіне оқыту туралы үш ұғым – 1) оқыту - басқару процесі
ретінде; 2) ақпараттық процесс; 3) жекелендірілген процесс ретінде
алынған.
Бағдарламалап (жоспарлап) оқыту – оқыту бағдарламасына негіздел-
ген. Бұл бағдарламада 1) оқу материалының өзі; 2) оны меңгерудегі оқу-
шының іс-әрекеті; 3) меңгеруді бақылау формасы қатаң жүйеге келті-
рілген. Оқу материалы бірнеше шағын бөліктерге бөлінеді, әр бөлік
логикалық тұрғыдан аяқталған. Студент бір бөлікті меңгергеннен кейін
бірнеше вариантта құрастырылған бақылау сұрақтарына жауап береді.
Жауап дұрыс берілсе, тапсырманың келесі бөліміне көшіріледі, дұрыс
берілмесе, материал қайталанып беріледі. Жоспарлап оқытудың негізін
Мақсат
Тұлғаның кәсіби дамуы
Амалдар
1.
Әлеуметтік кәсіби дамудың қалыптасуы
2.
Психофизиологиялық қасиеттердің дамуы
Қорытынды
1.
Әлеуметтік құзырлық
2.
Коммуникативтік
3.
Ақпараттық
4.
Когнитивті
5.
Арнайы
Жобалау формасы
1.
Мемлекеттік стандарттың талаптары
2.
Профессиограмма және психограмма
28
салушы АҚШ ғалымы Скиннер бұл технологияның негізін екі талапқа сай
құрған:
1. жай бақылаудан өзін-өзі бақылауға көшу;
2. педагогикалық жүйені оқушының өз бетімен білім алуына
бейімдеу.
Бұл әдіс бір бағытты деп аталады.
Келесі әдістің авторы да – американдық ғалым Краудер. Әдіс –
көптармақты деп аталады. Бұл бағдарламада студент қойылған мақсатқа өз
жеке басы ерекшеліктеріне сай түрлі жолдармен жетеді. Студент бақылау
сұрақтарына берген жауаптарына сәйкес не келесі бөлімге, немесе сол
бөлімнің тағы бір тармағына (вариантына) көшеді. Тармақтар бірнешеу
болуы мүмкін.
Белгілі бір тармақты немесе бұтақты өткеннен соң студент
бағдарламаның негізгі діңіне қайтып оралады. Дайындық деңгейіне, табиғи
қабілетіне қарай тек қана діңмен жұмыс жасайтын студенттер де болады,
ал әлсіздері тармақтарға ауысып отырады. Бірақ барлық жағдайда да
нәтиже біреу - студенттер берілген білім көлемін толық меңгеріп шығады.
Үшінші әдіс – бейімдендірілген (адаптациялық) деп аталады. Мұнда
студенттің қиынырақ немесе жеңілірек тармақтарға ауысуына мүмкін-
діктер қарастырылған. Қай тармаққа көшетіні студенттің алдыңғы жауап-
тары мен жіберген қателіктеріне байланысты.
Студенттің жеке тұлғалық
ерекшеліктеріне қарай ақпаратты беру тәсілдері, күрделілік деңгейі,
сұрақтардың қасиеттері өзгертіліп отырады. Жоспарлап оқытудың негізгі
принциптері мен жетістік жақтары:
1. оқу материалының мөлшерленіп берілуі;
2. студенттердің өздігінен белсенді жұмысты тануы;
3. студенттердің материалды меңгеру деңгейінің үнемі бақылауда
болуы;
4. оқыту типінің және оқу материалдары көлемінің жеке бас ерекше-
ліктеріне сәйкестігі;
5. оқытудың автоматтандырылған техникалық жүйелерін қолдану
мүмкіндігі.
Жоспарлап оқытудың шығуы оқытуда техникалық құралдарды
қолдануға және оларды жетілдіре түсуге жағдай жасалады. Жоспарлап
оқытудың басты міндеті – автоматтандырылған дағдыларды және мықты
білім мен біліктерді қалыптастыру.
2. Проблемалық оқыту – оқытудың белсенді әдістерінің бірі. Пробле-
малық оқыту арқылы студенттердің белсенді ойлау әрекетінің дәрежесін
көтеру, оларды ақыл-ойдың шығармашылық әрекеттерінің жүйесіне
үйрету болып табылады. Бұл жүйені меңгеру ақыл-ой әрекетінің сапасын
арттырып, ғылыми диалектикалық ойлауды қалыптастырады.
Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты – мамандарды әлемді
шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы
29
тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің
жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.
Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушы-
лардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-
әрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушы-
ларда жаңа білім, ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, таным-
дық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы және басқа да
тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин,
М.И. Махмудов және т.б.).
Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы бі-
лімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды,
оған қызықтырады және оның шешу әдіс-тәсілдерін табуға ынталан-
дырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше
олардың шешімін табудың жолдары мен әдістерін зерттейді, яғни болжам
түзеді, оның шынайылығын тексеру тәсілдерін белгілейді әрі талқылайды,
дәйектейді, нәтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дәлелдейді.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі – мұнда мұғалім білімді дайын
түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалы міндет қояды.
Шешімді және шешу құралдарын оқушы өз іздестіруі тиіс. Бұл техно-
логиялық әдістегі ең маңызды мәселе жаңа білімді жаттау немесе есте
сақтау үшін емес, проблемалы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін
беріледі. Проблемалық оқыту педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта
белігілі адамдардың (Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский т.б.) есімдері-
мен байланысты.
Проблемалық оқыту кезінде жүретін психологиялық процестер
механизмі төмендегідей: белгісіз, түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан
адамда таңғалу, дағдарыс пайда болады да «оның мәні неде?» деген сұрақ
туындайды. Әрі қарай ойлау процесі белгілі схемамен жүреді, яғни –
болжам тастау, оны негіздеу және тексеру ( одан соң студент не өз бетімен
ойша іздестіру жүргізеді, немесе оқытушының көмегіне сүйенеді.
Шығармашылық ойлаудың белсенділігі – проблеманы ұжымдық түрдегі
шешу схемасы: «субъект - объект - субъект» қарым-қатынастарына түседі.
Проблемалық оқыту - оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып
білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық
жүйе.
Сабақтың проблемалық құрылымы олардың ерекше ұйымдасты-
рылуын талап етеді, ал, мұның өзі оқытудың таңдалынған әдіс-тәсілдері-
нен көрініс табады. Мұның бәрі оқытудың құрылымына әсер етеді.
Сондықтан да, проблемалық оқытуды өзінің ерекше технологиясы бар
жаңа дидактикалық жүйе деп
санауға әбден болады.
Бұл дидактикалық жүйенің технологиялық негізгі ұғымдары –
«проблемалық жағдай», «оқу проблемасы», «проблемалық міндет», т.б.
30
Проблемалық жағдай – субъектіден жаңа білімді, іс-әрекеттің жаңа
тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Оны оқыту процесінің кез келген
кезеңдерінде (түсіндіру, бекіту және бақылау) құруға болады.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық
мақсаттары:
– оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын
дамыту;
– оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен
дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік
сақталады;
– түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы
тұлғасын қалыптастыру;
– кез келген нақты қызмет саласында өздік ерекшелігі болатын кәсі-
би проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту.
Проблемалық жағдайды құрудың әдістемелік тәсілдері төмендегідей:
– мұғалім оқушыларды қарама-қайшылық жағдайына әкеліп, одан
шығудың жолдарын өздеріне қалдырады;
– біркелкі сұраққа әртүрлі пікірлерді жинақтайды;
– сыныпқа берілген жағдайды әртүрлі позициядан қарастыруды
ұсынады;
– нақты сұрақтар қояды;
– проблемалық теориялық және практикалық міндеттерді анықтайды;
– проблемалық міндеттерді қояды.
Проблемалық жағдайдың құрылуы және оның оқу проблемасына
ауысуы, проблемалық міндеттердің құрастырылуы – проблемалық оқыту-
дың бастапқы кезеңдері ғана. Әрі қарай оқушылар оқытушының бағыт-
тауымен келесі шығармашылықпен ойлау операцияларын шешуге тиіс:
– проблеманы шешетіндей нұсқаларды ұсынып, болжамдарын айту;
– болжамдарды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тексеру;
– қорытынды жасау;
– шешілген проблеманың дұрыстығын тексеру.
Сонымен, проблемалық оқыту технологиясы бірнеше кезеңдерден
өтеді. Оның негізгі кезеңі ойлаудың кедергісін түсінуге алып келетін проб-
лемалық жағдай. Проблемалық жағдай барысында пайда болатын оқу
проблемасы да қиын, бірақ оқушылар шеше алатындай дәрежеде болуы
шарт. Проблеманың қойылуы және түсіндірілуімен бірінші кезеңде аяқта-
лады. Екінші кезеңде оқушы сұрақтың жауабын толық алу үшін жетпейтін
ақпараттарды белсенді түрде іздестіруге кіріседі. Үшінші кезеңде қажетті
білімдермен қарулана отырып проблеманы шешіп, алынған нәтижелерді
бастапқы болжаммен салыстыра отырып тексереді.
31
Проблема қойып оқытудың нәтижелі болуының 4 негізгі шарты бар:
– проблеманың мазмұнына қызығушылық тудыра алатындай жеткі-
лікті мотивациямен қамтамасыз ету;
– әрбір этапта туындап отыратын проблемалардың шама жетерліктей
болуы (белгілі мен белгісіздің тепе-теңдік қарым-қатынасы);
– шешілетін проблеманың оқушы үшін маңыздылығы;
– педагогтің оқушымен диалогінің өзара түсіністік пен сыйластықта
құрылуы.
Проблемалық оқытудың жағымды да, жағымсыз да жақтары бар
екенін атап өтуге тиіспіз. Бұл технологияның артықшылығына оқушының
өзіндік шығармашылық іс-әрекеті негізінде білімді өз бетімен меңгеру
мүмкіндіктері, соның нәтижесінде оқу еңбегіне деген жоғары қызығушы-
лығының, жемісті ойлау қабілеттерінің дамуы жатады. Ал, кемшілік
жағына – кей кездерде процеске қатысушылардың танымдық іс-әрекет-
терінің әлсіз басқарылуын, жоспарланған мақсатқа қол жеткізуде уақыт-
тың шамадан тыс көп шығындалуын атап көсетуге болады.
Проблемалық оқыту процесі мынадай:
– Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою.
– Мәселені шешу жолдарын - гипотезаларды ұсыну.
– Таңдап алған гипотезаның дұрыстығын жаратылыс-математика
бағытындағы пәндерде тәжірибе арқылы гуманитарлық пәндердегі ереже-
лердің дұрыстығын түп деректер арқылы тексеру.
Нәтижелерді қорыту: жаңа білім, іскерліктерді оқушылардың бұрын-
ғы білім, іскерліктеріне қосу, оларды теория мен тәжірибе арқылы бекіту.
Мәселелік жағдаятқа енгізілетін оқу проблемалары қиын, бірақ
оқушылар шеше алатындай болу керек.
Мәселелік міндет ұғымының педагогикалық әдебиетте екі түрлі мәні
бар. Біріншісі – оқушыдан танымдық іс-әрекетті талап ететін кез келген
тапсырма, екіншісі – кез келген міндет емес, оқушыларды өздері үшін
жаңа білімдер алуға ықпал жасайтын міндеттер.
Гипотеза жорамал – ғылыми қиял формаларының бірі. Кез келген
жорамал емес, әдетте дәлелденген жорамал ғана гипотеза болып санала
алады. Гипотеза – проблеманы шешу тәсілі. Мысалы, бірінші мысалдағы
есепті шығару үшін оқушылар жорамалдар ұсынады, яғни проблеманы
шешу тәсілдерін іздейді, оны өздері табуға тырысады.
Дидактикада мәселелік оқытудың көптеген түрлері жасалды: іскерлік
ойындар, процестерді модельдеу (компьютер арқылы модельдеу) нақты
жағдайларды талдау әдісі, ой майданы, эвристикалық әңгіме және
басқалары.
Оқытуды интенсивтендіру (қарқынды күшейте оқыту) дегеніміз –
оқытудың сапасын да, мерзімін де өзгертпей, бірақ оқу ақпаратын кеңірек
көлемде беру. Оқу үрдісін күшейте түсу үшін тұлғаның шығармашылық
32
потенциалын іске қосатын танымдық үрдіске жетекшілік ететін ғылыми
түрде негізделген әдістерді жасау және енгізу қажет.
Оқытудың жылдамдығын арттыру үшін оқу материалының мазмұны
мен оқыту әдістерін жетілдіру қажет. Мазмұнды жетілдіру үшін:
– оқу материалын рационалды таңдап іріктеу, яғни оқулықтың негіз-
гі, базалық бөлімі мен негізгі емес, қосымша ақпараттық бөлімін айқындап
алу және орналастыру, соған сәйкес негізгі және қосымша әдебиет қарас-
тырылуы тиіс;
– оқу материалын уақыт параметріне сәйкес бөлген кезде жаңа мате-
риалды сабақтың бас кезінде – оқушылардың зейіні мейлінше белсенді
кезеңіне лайықтап беру;
– аудиториялық сабақтарды курстың бас кезінде басымырақ қойып,
өз бетімен жемісті жұмыс жасаған кезде студентке тірек боларлық білім
қорын жасақтау.
3. Интерактивті оқытуға келесідей әдістер жатады: эвристикалық
әңгіме, пікірталас, «Ой шабулы», «Дөңгелек үстел», іскерлік ойындар,
практикалық жұмыстар жарысы және оларды талдау .
Эвристикалық әңгіме – бұл ұжымдық ойлау немесе проблеманың
жауабын іздеуге құрылған әңгіме.
Пікірталас – (дискуссия) бұл арнайы бағдарламаланған оқу бағдарла-
масының теориялық сұрақтарын талдауы, әдетте бұл сұрақты қоюмен
басталады және эвристикалық әңгіме түрінде өріс алады.
«Ой шабуыл» – әдісінің мәні бойынша кұрделі проблемаға жауап
іздеу барысында әртүрлі ойға кез келген идеялар, болжамдар, ұсыныстар,
кездейсоқ аналогияларды интенсивті айту, сонымен қатар қатысушы-
лардың керекті немесе керексіз ассоциациялары пайда болуы мүмкін.
«Дөңгелек үстел» әдісі әртүрлі ғылыми аспектілерде теориялық
проблемаларды меңгеру жолымен қарастырылатын, тиімділікті арттыра-
тын әртүрлі профильдегі мамандардың қатысуымен өтетін әдіс.
Іскерлік ойын әдісі – мамандарды басқару және әрекет жасауға
үйрететін әдіс.
Интерактивті оқытудың жаңа әдісі тренинг болып табылады.
Тренинг – бұл арнайы жасалған кіші топтарда қарым-қатынасты ұйымдас-
тыру арқылы өтетін психологиялық түзету әдісі.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 7.
Қосымша әдебиеттер: 3, 4.
33
5-дәріс. Жеке тұлғаның дамуындағы жас ерекшелігі
Еңбек психологиясында – еңбектің табыстылығы, өнімділігі және
кәсіби маңызды сапаларды қарастырумен қатар, осы еңбекті атқаратын
жұмысшының тұлғалық даму мәселесін алдыңғы қатарға шығарып көңіл
бөлу қажет. Еңбек ету процесіндегі субъектісінің тұлғалық құндылықтық-
мәнді аспектілерін қарастыру бүгінгі күнде маңызды бағыттардың бірі
болып отыр. Осымен қоса, оның кәсіби танымының тұлғалық, құндылық-
адамгершіліктік, мәнділік құрылымдарының қалыптасуын түсіну өте
маңызды.
А.Н. Леонтьев тұлғалық сапаның пайда болуының екі түрлі кезеңін
айтып кеткен:
1 - мектепке дейінгі жас аралығында мотивтердің алғашқы сатыла-
рының қалыптасуы мен құрылуы және белгілі бір әрекеттен өз бетінше бас
тарту мүмкіндігінің пайда бола бастау уақыты;
2 - жасөспірім шағындағы адамның мотивтерін жаңаша танып білуі
мен өзінің әрекетін басқара алу уақыты болып табылады.
Сондай-ақ тұлға
қалыптасуының үшінші кезеңі – адамда азаматтық жауапкершіліктердің
және қандай да бір мотивтердің қоғамдық, жалпы азаматтық мотивтермен
сәйкес келуімен байланысты болатын түрі жайлы айта аламыз. Кәсіби
әрекетте тұлға өзіндік даму мүмкіндіктерін барынша жүзеге асыра
бастайды. Осы уақытта тұлға өзінің бойындағы білімдері мен тәжіри-
белерін жүзеге асыруда кәсіби әрекет маңыздылығын ойлауы қажет.
Ю.Б. Гиппенрейтер бойынша, тұлғаның өз-өзін тану процесі даму
кезеңдерінің келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
1. физиологиялық даму мен белгілі бір нормаларды игеру (тұлғаның
«физиологиялық менінің» қалыптасуы);
2. тұлғаның әлеуметтік сатылардан өтуі;
3. «тұлғаның рухани әлемінің» қалыптасуы (өз-өзін құндылықты-
адамгершіліктік тұрғыда анықтап алу).
Маманның тұлғалық даму ерекшелігін түсіну үшін нақты маман-
дықтың негізін ескере отырып, оның өз-өзін тануы процесінің қалыпта-
суындағы ерекшеліктерді ескерген жөн. Сонымен қатар, адамның өзіндік
даму жағдайының ерекшеліктерін білген дұрыс. Бірақ та, маманның
тұлғалық дамуының нақты мәселесі ретінде оның құндылықтық-мағына-
лық салаларының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс. Ол үшін еңбек
атқарушы адам өзіне келесідей сұрақ қойып, оған жауап беруге дайын
болуы керек: Мен не үшін өмір сүремін және жұмыс атқарамын? Мен не
үшін кәсіби шебер деңгейіне көтерілуім керек?
Отандық еңбек психологиясында Е.А. Климовтың ұсынған «адамның
еңбек субъектісі ретінде даму кезеңдерін» төмендегідей қарастырылады:
34
Ойынға дейінгі кезең (туғаннан 3 жасқа дейін) – адамның қалып-
тасуы мен дамуындағы негізгі болатын жүріс-тұрыстағы қозғалыс пен
қабылдау функцияларын игеру жүзеге асады.
Ойын кезеңі (3-тен 6-8 жасқа дейін ) адамдық белсенділігіне қатысты
«негізгі мағыналарды» ұғыну, сонымен қатар нақты мамандық түрлерімен
танысу басталады (мысалы: жүргізуші, дәрігер, сатушы, мұғалімнің
рөлінде ойнау). Д.Б. Эльконин мен Г.В. Плехановтың «ойын – еңбек
баласы» деген ойымен келісіп, балалық сюжетті-рөлдік ойынның пайда
болуын қарастырған.
Мектепке дейінгі шақ. Балалардың өз ойындарында ересектерге
еліктеуге ұмтылысы және әрекеттерін қайталауы белгілі. Бұл жас кезеңінде
сюжеттік-рөлдік ойынның маңызы зор. Олардың кейбіреуі кәсіби бағдар-
ланған сипатқа ие. Балалар дәрігері, сатушы, тәрбиеші, аспаз, т.б. рөлдерді
иеленіп ойындар ойнайды.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудың әрі қарай дамуы үшін алғашқы еңбек
бастамалары өте маңызды. Мысалы, киімді күтіп, үйді жинаудың күрделі
емес әрекеттерін жасау, т.б. Бұл еңбек әрекеттері еңбекке деген қызығу-
шылықты дамытып, кез келген іс-әрекетке деген жағымды мотивацияның
негізін қалап, ересектердің еңбегі жайлы балалардың білімін дамытады.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудың әрі қарай дамуына ересектердің еңбегі
жайлы білу әсер етеді. Оның қалыптасуы үшін ересектер еңбегін қадағалау
және еңбек мазмұнын суреттеу қажет.
Кәсіби-рөлдік ойындардың, еңбектің қарапайым түрлерін орындау,
ересектер еңбегін бақылаудың нәтижесі мектеп жасына дейінгі балалардың
еңбектің түрлерін ажырату мен әртүрлі мамандықтарды салыстыру
негізіндегі «өзін-өзі анықтауы» болып табылады.
Кіші мектеп жасы. Кіші мектеп жасындағылардың психологиялық
ерекшеліктері ересектерге еліктеу болып табылады. Бұл жас кезеңіндегі
балалардың екінші бір ерекшелігі – жетістікке жету мотивациясы. Әрине,
әуелі жетекші іс-әрекетте, яғни оқуда, оқу, ойын және еңбек іс-әрекетінде
жиналған тәжірибе негізіндегі қабілеттері мен мүмкіндіктерін баланың
түсінуі өзіне ұнайтын мамандық таңдауға деген тілегін қалыптастырады.
Кіші мектеп жасының соңына қарай қабілеттердің дамуы балалар
арасында жеке ерекшеліктердің пайда болуына әкеледі.
Оқу және еңбек іс-әрекеті балалардың шығармашылық қиялының
дамуына әсер етеді. Бұл қабілеттілік негізінде еңбектің әртүрінің мазмұны
жайлы түсініктердің қалыптасып, нақты мамандыққа еліктеу пайда
болады.
Оқу әрекет кезеңі (6-8 ден 11-12 жасқа дейін) – өзіндік бақылау,
өзіндік талдау, өз бетімен атқаратын белсенділікті жоспарлау функция-
ларының қарқынды түрде дамуы көрінеді. Мысалы: бала мектептен тыс
уақытта демалу мен серуендеуден өзбетінше үй тапсырмасын орындау
міндетін дұрыс жоспарлай алуы өте маңызды.
35
Жеткіншек шақ – жеке бас қалыптасуының жауапты кезеңі. Бұл жас
кезеңінде еңбектің әр түріне адамгершілік қатынастың негізі қаланып,
әртүрлі мамандықтарға жеткіншектердің таңдау қатынасын анықтайтын
құндылықтар жүйесі қалыптасады.
Ересектердің сыртқы келбетіне еліктеу нәтижесінде ұл балалар
ұшқыш, ғарышкер т.б. болуды армандайды. Күш-жігері мол, батыл ер
адамдарға еліктейді, ал қыздар топ-модель, эстрада жұлдызы, кино
жұлдыз, т.б. әйгілі, әдемі әйел адамдарға еліктейді. Мұндай романтикалық
мамандықтарға бағдарлану бұқаралық ақпарат құралдары әсерінен болады.
Әртүрлі оқу пәндеріне қызығушылық, шығармашылық және техни-
калық үйірмелерге қатынасу жеткіншектерде оқу-кәсіби бағытты қалып-
тастырады.
Жасөспірімдік шақ. Бұл жастың маңызды міндеті-мамандық таңдау.
Бұл-реалисттік оптация кезеңі. Жасөспірімдердің кәсіби жоспарлары арман
сияқты сипатқа ие болды.
Олар нақты психологиялық түрде негізделген мамандықты таңдай
алмайды. Бұл мәселе көбінесе мектептегі оқуын тастап кеткен қыздар мен
жігіттерде кездеседі.
14-15 жаста мамандық таңдау күрделі. Кәсіби бағдарланған арманды
шындыққа айналдыру мүмкін емес болғандықтан қанағаттанбаушылық
«Мен» образының дамуына түрткі болады. Яғни, мен кіммін? Менің
қандай қабілеттерім бар? Менің өмірлік идеалым қалай? Менің кім болғым
келеді?-деген сұрақтар туындайды.
Өзіндік талдау кәсіби мектеп оқушыларының кәсіби өзін-өзі анық-
тауының психологиялық негізі болады. Кәсіптік-техникалық училище,
кәсіптік лицейлер, техникумдар мен колледжде кәсіби білім алу олардың
нақты кәсіби білім бағдарланғандарын дәлелдемейді. Статистиканың
көрсетуінше, оқу-кәсіптік мекемені таңдау психологиялық жағынан негіз-
делмеген. Орта, жалпы білім алған қыз-жігіттер өздерін психологиялық
жағынан өте жайлы сезінеді. Мектепті аяқтаған соң, өздерінің арманын-
дағы мамандықтан гөрі шындықтағы қолайлы вариантты таңдайды. Олар
өмірдегі табыс пен жетістікке жеткізетін мамандық таңдауға талпынады.
Өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін бағалау, мамандықтың мазмұ-
ны негізінде олар кәсіби білім алу мен еңбектің қосымша варианттары
жолында өзін-өзі анықтайды.
Балғын жас. 16-23 жаста көптеген жастар оқу мекемелерінде кәсіби
білім алады. Кейбіреулері өз таңдауларына ризашылық білдірмейді. Кейбі-
реулерінде кәсіби оқу барысында таңдауларына деген сенімділігі бекітіле
түседі. Бұл кезде жеке бастың кәсіби бағыттылығының кристализациясы
жүреді. Болашақ әлеуметтік-кәсіби рөлді игеру нақты кәсіби қауымдас-
тықтың өкілі ретінде өзін сезінуге жетелейді.
Жастық шақ (27 жасқа дейін). Бұл әлеуметтік-кәсіби белсенділік
кезеңі. Мамандық таңдауға деген сенімсіздік артта қалды. Бұл кезде кәсіби
36
тәжірибе мен жұмыс орны бар. Кәсіби өсу – бұл кездегі өзекті мәселе.
Құрдастарының көпшілігі нақты кәсіби жетістіктерге жетті. Бірақ кейбі-
реулері өз өмірін құрып, кәсіби бағдарланса да, кәсіби жоспарларға
байланысты психологиялық жайсыздықты бастан кешіреді.
Кәсіби жетістіктердің жоқтығы, анықталмаған еңбек жолының
перспективасы «Мен концепциясының» өзіндік бағалауы мен өзіндік
талдауын туғызады. Өмірдің жаңа мақсаттары пайда бола бастайды.
Кейбіреулеріне тоқталсақ:
– кәсіби біліктілікті жоғарылату;
– қызметтегі жоғарылау және жұмысты аустыру;
– жаңа мамандық таңдау.
30 жасқа қарай кей адамдар үшін кәсіби өзін-өзі анықтау тағы да
өзекті мәселеге айнала бастайды. Бұл жағдайды шешудің екі жолы бар:
таңдалған мамандықта қалу және соның маманы болу немесе кәсіби
миграция, яғни жұмыс орнын, не мамандықты ауыстыру.
Ересек шақ. Бұл шақ – өзін жеке бас ретінде қарау, кәсіби-психоло-
гиялық потенциалды қолдана алу кезеңі. Осы жас кезеңінде кәсіби және
өмірлік жоспарлары құрылады. Мамандық еңбек орынында өз қабілеттерін
қолдануға, іс-әрекеттің жеке стилін жасауға мүмкіндік береді.
Кәсіби өмірге тұрақталу, таңдалған мамандыққа қанағаттанушылық
кәсіби оптимизм сияқты ерекше эмоциональдық күйдің пайда болуына
әкеледі.
Қарттық жас. Зейнеткерлікке щығуға жету кәсіби өмірден кетуге
әкеледі. 55-60 жаста жеке бас өзінің кәсіби потенциалын толығымен жоққа
шығара алмайды. Жоғары мамандану кәсіби шаршағанға қарамастан
зейнетке шығуға сенімсіздік тудырады. Күйзеліс уақыты пайда болады.
Ондаған жылдар бойы қалыптасқан өмір салты, стереотиптер бір сағаттың
ішінде жойылады. Кәсіби маңызды сапалар, кәсіби білім мен іскерліктер,
тәжірибе мен шеберлік қажетсіз болып қалады. Бұл негативті кезеңдер
әлеуметтік қартаюды тездетеді.
«Оптация – бұл жас ерекшелігін анықтау емес, мамандық таңдау
жағдайын білдіретін процесс» деп Е.А. Климов айтып өткен. «Оптация»
кезеңі (латын тілінде - ниет пен таңдау деген мағыналарды білдіреді)
(11-12 ден 14-18 жасқа дейін) кәсіби жолды саналы түрде, жауапкер-
шілікпен таңдау мен жоспарлау және еңбекке, жалпы өмірге дайындық
кезеңі болып табылады. Кәсіби тұрғыда өзіндік анықтау кезіндегі сәйкесін-
ше адам «оптант» деп аталады. Бұл кезеңнің ерекшелігі - жұмыссыз адам
«оптант» жағдайында болуы мүмкін.
Адепт кезеңі – мектеп бітірушілердің барлығы қатынасатын кәсіби
дайындық процесі.
Адаптант кезеңі – кәсіби оқыту аяқталғаннан соң бірнеше ай мен
2-3 жылға дейін созылатын кәсіби мамандыққа кірісу кезеңі.
37
Интернал кезеңі - адамның кәсіби ұжымға мүше болып және тұрақты
еңбек атқарушы ретінде мамандықты ойдағыдай атқару. Е.А. Климов осы
кезеңде жұмысшы ұжымды, кәсіпкерді «Өзіміздің арамыздағы өзіміз» деп
қабылдау процесі, яғни кәсіби қауымдастыққа толығымен мүше (интернал-
ағылшын тілінде - ішкі) болып енуі жүзеге асады деген.
Шеберлік кезеңі - қатардағы және тәжірибелі жұмысшылар арасынан
өзінің ісін жоғары деңгейде игерген маман ерекше бөлініп шығады.
Бедел кезеңі – шеберлердің арасынан бетке ұстар еңбек етуші белгі-
ленеді. Әрине, бұл деңгейге кез келген қатардағы жұмысшы қол жеткізе
алмайды.
Ұстаз кезеңі – адамның маман ретінде дамуы мен қалыптасуының ең
жоғарғы деңгейі. Осы кезеңде еңбек етуші өзінің кәсіби саласының білгір
маманы болып қана қоймай, өзінің тәжірибесін оқушыларына үйретіп,
кәсіби ұстаз деңгейіне көтеріледі. Осының нәтижесінде кәсіби дамуының
ең жоғарғы деңгейі - ұстаздық (педагогикалық) деңгей болып табылады.
Білім беру мен ұстаздық іс адамзат мәдениетінің үстем негізі болуы бел-
гілі, себебі осы процесс адамзаттың ең жағымды тәжірибесін сақтаушысы
мен ұрпақтан ұрпаққа жеткізушісі. Сондықтан мұғалім адамзат жинақтаған
мәдениетті жеткізуші және таратушы болып табылады.
А.К. Маркованың зерттеуі бойынша мамандықты меңгеру кезінде
профессионализмнің келесі деңгейлері бөлініп шығады:
– профессионализмге дейінгі мерзім (адам жұмыс істейді, бірақ та
нағыз шебердің сапаларына ие бола алмайды);
– профессионализм (адам жұмысты тұрақты атқарып, талап ретінде
қойылған ережелер мен міндеттерді басынан аяғына дейін орындайды);
– көтеріңкі профессионализм (шығармашылық (творчество), тұлға-
лық даму, «акме» – кәсіби дәреженің биік шыңында болатын көріністер);
– жалған профессионализм (әшейінде белсенді әрекет атқарғандай
болады, бірақ еңбек істеу барысында «олқылықтар мен қателіктер»
жібереді);
– профессионализмнен кейінгі мерзім (өзінің мезгілінде шебер болып
«экс-профессионал» саналып жас мамандар үшін ұстаздықты жүзеге асыра
алады).
А.К. Маркова адамның мамандықты меңгеру барысындағы нақты
сатыларын ажыратып көрсеткен:
1. Адамның өз мамандығына бейімделуі.
2. Адамның өз мамандығына сай белсенділікті айқындау (маман-
дыққа бейімделу, индивидуалды кәсіби нормалар мен ережелерді анықтап,
жүзеге асыру мерзімі).
3. Адамның өз мамандығы мен кәсіби тұрғыдағы үйлесімділігі
(Е.А. Климов бойынша «шеберлік» деңгейіне жақын). Адам берілген
тапсырмаларды игеріп алған технологиялары арқылы орындайды.
38
4. Өзінің кәсіби деңгейінде жетілу. Мамандық иелері өздерінің білік-
тілігі мен шеберлігін жетілдіру жағдайында шығармашылыққа зерделінеді.
Нақты шығармашылық кезінде маман иелері ойлаған нәтижелерге жетудің
жаңа жолдарын іздестіреді. Осы жағдайда кәсіби шығармашылықпен
тәуекел жәйттер қатар жүреді. Осындай тәуекелдерге кез келген еңбек ету-
ші дайын бола бермейді. Осының нәтижесінде нақты шығармашылықтың
шыңына жету екі талай болуы мүмкін және де айтылған жағдайлар
еңбектің индивидуалды стилінің қалыптасу мәселесімен тығыз байланыста
болады.
5. Өзінің мамандығын еркін игеру сатысы. Әрбір адам өз маман-
дығын жоғары дәрежеде игерген кезінде Е.А. Климовтың пікірі бойынша
«Ұстазға» айнала бастайды.
6. Адамның өз-өзін тұлға ретінде шығармашылық арқылы айқындай
алу. Шеберлік деңгейінде атқаратын ісінде адам өзінің ең маңызды өмірлік
идеяларын жүзеге асыруға ұмтылыстарын көрсетіп, оны орындай алу
сатысында өз қабілеттері мен күш-қуаттарын айқын көрсетеді.
1951 жылы Э. Гинзбург және Д. Миллер мен В. Формның жүргізген
зерттеу жұмыстарын қайта сынау нәтижесінде Д. Сьюпер бөліп шығарған
еңбек ету сатыларын қарастыру жөн:
Өсу сатысы – негізгі қызығушылықтар мен мүмкіндіктердің дамуы
(туғаннан 14 жасқа дейін). Өзінің болашақ мамандығы туралы ой ең
алдымен қиялдарын (4-10 жас аралығында), одан кейін – жеке қызығушы-
лықтарын танып білу (11-12 жас аралығында), ал кейінірек – өзінің
мүмкіншіліктерін аңғару негізінде қалыптасады (13-14 жас аралығы).
Өзінің күші мен ұмтылыстарын зерттеу сатысы, яғни «ізденіс»
сатысы – оқу әрекеті мен еңбектің сан алуан түрлерінде өзінің күш-жігерін
байқау мен сынау жүзеге асады (14-25 жас аралығы). Осы кезде адамның
мамандығы болмаса да, ол қосымша жұмыстарды орындай алады
(15-17 жас аралығы). Кез келген адам өтпелі кезеңде (18-21 жас аралығы)
кәсіби мамандықты дайындайтын оқу мекемелерін белсенді түрде
таңдаумен қоса, қосымша жұмыстарды да қарастырады. Осы саты таңда-
ған мамандықты байқап көрумен аяқталады және оқумен бірге кәсіби
жұмыс істеуі де мүмкін (22-24 жас аралығы).
Сынау сатысы – адам өзін тәжірибелі мамандармен «бәсекелестікке»
жарамды, толыққанды маман ретінде сынауға тырысады (25-30
жасаралығы).
Қазіргі заманға сай өмірде жетістікке жету (карьераны жасау) және
бәсекелестік өте маңызды фактор ретінде көрінеді. Кәсіби жетістікке
ұмтылыс еңбектің жоғары өнімділігі мен тұлғалық дамудағы ең маңызды
стимул болып табылады.
Тұрақтандыру сатысы – адам өз-өзін сенімді және өте мықты маман
ретінде мойындатуға тырысады. Өзінің кәсіби орны мен позицияларын
39
қоғамда және өзінің жұмыс орнында ұстанымға айналдырады
(30-44 жас аралығы). Қолдау көрсету, қол жеткен жетістіктерді сақтап қалу
сатысы. Аталмыш сатыда адам кәсіби және әлеуметтік жағдайларды
қалыптастыруға ұмтылады. Осы кезеңде таңдаған өмір жолына байланыс-
ты сәтті және шындыққа сай бейне құрастырылады (45-64 жас аралығы).
Құлдырау (төмендеу) сатысы – кәсіби және әлеуметтік белсенді-
ліктің шамалануы (65 жастан жоғары).
Э. Эриксонның пікірінше, дамудың ең басты көрсеткіші – тұлғаның
бірыңғайлығы ретінде жүзеге асатын психоәлеуметтік сәйкестілік сипаты.
Осы процестің келесі кезеңдерін ажырату жөн:
1. Бастапқы (базальды) «сенімі – сенімсіздігі», оның нәтижесінде
үміт, қорғаныс немесе үмітсіздік (ең бастысы - сенімді және өмір «жақсы»
деген түрлі сезімдердің қалыптасуы) қалыптары пайда болуы мүмкін
(1 жылға дейін);
2. «Автономия – немесе күмәндану мен ұялу» (отандық психоло-
гиясындағы «Мен өзім» деген жағдайдың қалыптасуына жақын) (1-3 жас);
3. «Инициативтілік – немесе кінәні сезіну» (қарапайым қоғамдық
нормаларды игеру) (3-6 жас);
4. «Еңбекқорлық, ептілік – құнсыздық сезімі» (өз қатарындағылар
мен қарым-қатынас, бәсекелестік, өзіндік сәйкестілік) (6-14 жас);
5. «Сәйкестілік – немесе қабылдамаушылық»; «рөлдік сәйкесті-
ліктің» қалыптасуы, өзіндік айқындаудың кәсіби және тұлғалық жақтары-
ның қалыптасуы (Е.А. Климов бойынша «оптация» сатысына жақын)
(14-20 жас). Осы сатыны Э. Эриксон адам өміріндегі ең қиын және күрделі
деп көрсеткен. Осыған қоса, Э. Эриксонның пікірінше, «жасөспірімнің ең
басты мәселесі – аристократия мен идеологияны іздестіру», яғни еліктеу
үшін ең жақсы үлгілерді іздеу және орнату.
6. «Бірлесіп еңбек ету – немесе бөлектену мен изоляция»; интимдік
қатынастардың дамуы мен отбасын жоспарлау және құру (20-35 жас);
7. «Достық – немесе, бөлектену»; кәсіби әрекет, шығармашылық, өз-
өзін құрметтеу, қоғамдағы мәртебесі (Э. Эриксон бойынша адам өміріндегі
маңызды сатылардың бірі, бұл сатыда адам өз өміріндегі ең басты ісінде
өз-өзін толық жүзеге асыру мүмкіндігін жүзеге асырады, не асыра
алмайды) (35-65 жас);
8. Басынан кешкен өмірін бағалау, өмірінің бірыңғайлығын немесе
өмірінің сәтсіз болуын мойындау (60-65 жас және одан жоғары).
Достарыңызбен бөлісу: |