Дәрістер курсы №1 дәріс. «Математиканы оқыту әдістемесі»



бет4/15
Дата23.06.2023
өлшемі223,2 Kb.
#103216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Дәрістің қысқаша мазмұны
Математика сабағы барысында мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс- әрекеті әртүрлі оқыту құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оқыту құралдарын қолдану оқушылардың белсенділігін арттырады, сабаққа назарын аудартады және осы арқылы олардың дамуына, оқу материалын анағұрлым берік игеруіне әсер етеді, уақытты үнемдеуге мүмкіндік туғызады.
Математика дерексіздігі басым пән болып табылады. Бұл өз кезегінде оны оқыту барысында қолданылатын оқыту құралдарының сипатын және оларды қолдану әдістемесінің ерекшеліктерін анықтайды. Математика сабақтарында қолданылатын оқыту құралдарының түрлері өте көп және уақыт өткен сайын өмір талаптарына сай олардың жетілдірілген, жаңа түрлері пайда болып отырады. Оларды негізінен алғанда, мынадай топтарға бөлуге болады:

  1. Оқу – әдістемелік құралдар ( математика оқулықтары, мұғалімге арналған әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар, т.б);

  2. Қолдан жасалатын дәстүрлі көрнекі құралдар (диаграммалар, сызбалар, графиктер,кестелер,т.б);

  3. Математика оқулығына қосымша кестелер жиынтығы;

  4. Аудио және видео – визуальдық техникалық оқыту құралдары (кино- проектор, эпипроектор, диапроектор,т.б);

  5. Демонстрациялық және үлестірме чертеждік құралдар ( сызғыш, циркуль, бұрыштық); өлшеу құралдары (масштабты сызғыш, өлшеуіш жіп, лента, рулетка, өлшеуіш циркуль, таразы, сағат, т.б);

  6. Есептеуіш құралдар ( калькуляторлар, т.б);

  7. Қазіргі заманғы техникалық оқыту құралдары (флепчарт тақта, компьютер, интерактивті тақта, т.с.с).

Көрнекілік адамзат баласымен бірге сол сәттегі зат немесе құбылыстың бейнелеуден, яғни ақпаратты беру қажеттілігінен пайда болған болуы мүмкін. Бұл туралы бізге дейін келіп жеткен тас үңгірлердегі, жартастардағы суреттер куә. Көрнекілікпен оқыту алғашқы мектептер пайда болғаннан бері басталады.Мектеп практикасында көрнекілікпен оқыту элементтерін ең алғаш пайдаланған адам есімі тарихта сақталмаған. Адамдар көрнекілікпен оқытуды жазу пайда болғаннан бұрын бастаған. Ежелгі Египет, Ежелгі Рим, Ежелгі Греция мектептерінде көрнекілікпен оқыту кең қолданысқа ие болған.Ауызша және жазбаша сөздің дамуы көрнекілікпен оқыту әдісінің таралуының бастамасына негіз болды. Кітапты жазу стилі де өзгерді, ол мағаналы және эмоциональді бола түсті. Қолжазба және басқа кітаптарда суреттер пайда болды. Мысалы, Томас Мордың «Утопия» атты кітабында Утопия аралында балаларды суретті кітаппен оқыту жайлы баяндалған. Бірақ, бұл кезде көрнекі оқыту деген термин әлі пайда болмаған, сондай- ақ көрнекілікпен оқытудың қатаң теориялық негіздемесі жасалынбаған болатын. Көрнекі құралдар қолдану интуитивті таза көру түсініктерінен құралды. Көрнекілік принципінің негізін қалаушы чех педагогы Ян Амон Коменский. Я.А.Коменский көрнекілікке анықтама берді, оны біз
«Дидактиканың алтын ережесі» дейміз. Дәл осы мектепті дамытудың ең маңызды жолдарының бірі болды, сөйтіп көптеген педагогикалық зерттеулердің баспалдағы болды.
Математиканы оқытудың әртүрлі кезеңдеріне байланысты да қолданылатын оқыту құралдары түрліше болуы мүмкін. Мысалы, 5- сыныптың алғашқы сабақтарында заттардың жиынына немесе жиындарды бөлшектеумен байланысты іс – әрекеттерге көңіл аударуға тура келеді. Кейінірек олардың рөлі біртіндеп төмендей береді де көрнекі құрал ретінде символдарды қолдану күшейе түседі, яғни көрнекіліктің түрі біртіндеп ауыстырылып отырады. Мысалы, «Бөлінгіштік» тақырыбында алдымен мына сияқты көрнекіліктермен жұмыс жүргізіледі.
а)
ә)


Келесі кезекте бұл көрнекілік 6:2 түріндегі символмен алмастырылады.


Осы сияқты есептерді шығаруға оқытып – үйрету барысында заттар мен олардың кескіндері көрнекі құралдар ретінде есеп шартында көрсетілген сандық – есептік қатынастардың мән – мағынасын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Геометрияны оқыту барысында көрнекі құрал ретінде геометриялық фигуралар мен олардың әртүрлі модельдері жиі қолданылады. Алайда, мұғалім ешқандай чертеждің немесе ешқандай модельдің шектеусіз түзуді, сәулені немесе бұрышты дәлме-дәл кескіндей алмайтындығын оқушыларға ескертіп отыруы тиіс.
Көрнекі құралдардың рөлі тиімді болуы үшін олар белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Көрнекі құралдарға қойылатын жалпы талаптар: мазмұнының ғылымилығы; оқу бағдарламасына сәйкестігі; оқушының жас ерекшелігіне сәйкестігі; құрылысы мен сыртқы түріне қатысты талаптар (қашықтан жақсы көрінуі, ұқыпты сызылуы, қолданудың ыңғайлылығы),т.б.Математика сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар мазмұны бойынша дәлме-дәл және қарапайым болуы тиіс. Олардың шамадан тыс ашық түстермен боялуы мен тым әдемі безендірілуі оқушылардың олардың математикалық мазмұнынан назарының ауып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
Көрнекілікті қолдануда мынадай рет сақталуы тиіс: 1) айнала қоршаған ортадағы нәрселер (сынып бөлмесіндегі); 2) балаларға таныс нәрселерді кескіндейтін суреттер; 3) осы нәрселердің шартты кескіндері (мәселен , автомашинаны тік төртбұрыш түрінде, алманы дөңгелектер түрінде кескіндеу, т.с.с.); 4) схемалар. Әрине, бұл кезеңдер арасында дәлме – дәл шекара қоюға болмайды.
Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқылатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай аламыз. Компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық- дыбыстық құралдар арқылы қазіргі ақпараттық техналогияның озық жетістіктерін математикада қолдану арқылы сабақтың негізгі формасын студенттің кішігірім зерттеу лабораториясына айналдыруға болады. Студент компьютер көмегімен уақытын үнемдеп, жаңа материалды игеруде көп уақытта жетіспей жататын көрнекіліктердің орнына компьютердегі арнаулы программа мүмкіндігін пайдалана алады. Студенттің дайындығы мен білімнің арасындағы айырмашылық теориялық ойлау кезінде байқалады, яғни, үздіксіз жаттығу нәтижесінде өзіндік танымдық іс - әрекеті
қалыптасқан, өз бетінше тексеріп нәтиже ала алатын, қорытындылай білетін тұлғаны қалыптастыру мақсатында ақпараттық технология әдістерін кеңінен қолдану қажет. Мәселен, «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың туындысы мен алғашқы функцияларын қолдану» тақырыбын оқып – игеруде EXCЕL электронды кестесінің функция графигін тұрғызу мүмкіндігін пайдалану арқылы сабақты кішігірім зерттеу лабораториясына айналдыруға болады.
Математиканы оқыту барысында ақпарат мұғалім мен оқушының арасындағы байланыстырушылық қызметін атқарады. Ол мұғалімнің іс- әрекеті мен оқушылардың іс-әрекеті арқылы тасымалдана отырып, математиканы оқыту үдерісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ендеше, математиканы оқыту құралдарын ақпараттың берілу және қабылдану тәсілдері бойынша топтастыруға да болады.
Оқыту үдерісіндегі ақпараттың төрт жетекші көздері бар, олар: дыбыс, кескін, дененің сезімдері және осылардың жиынтығы. Осыған орай оқыту құралдарын төрт топқа бөлуге болады:

  1. Оқытудың аудиалдық құралдары. Мұнда ақпарат дыбыс арқылы тасымалданады және ақпаратты беру мен қабылдау аудиалдық каналдардың көмегімен жүзеге асырылады.

  2. Оқытудың визуалдық құралдары. Мұнда ақпарат кескін түрінде болады. Бұл топқа табиғи объектілер мен кескіндік құралдарды, сондай-ақ баспа және жазбаша ақпараттың барлық түрлерімен істелетін жұмыстарды қамтитын құралдар жатады.

  3. Оқытудың кинестетикалық құралдары. Мұнда ақпаратты беру мен қабылдау дененің физикалық күш-жігер жұмсауы немесе басқа да сезімдері арқылы жүзеге асырылады. Бұл құралдар қазіргі мектепте таза күйінде қолданылмайды, алайда, зағип және нашар еститін балаларды оқыту осы оқыту құралдары арқылы жүзеге асырылады.

  4. Оқытудың полимодальдық құралдары. Мұнда ақпарат қабылдаудың барлық каналдары арқылы тасымалданады.

Осыған байланысты қазіргі күні осылардың бірлестірілген оқыту құралдарын бөліп көрсетуге болады:

  • аудиовизуальдық құралдар (диа-, кино- және видеофильмдер, тәжірибелер мен эксперименттер, т.б.);

  • визуальдық-кинестетикалық құралдар(ауызша түсіндірусіз графикалық және жазбаша жұмыстарды қамтитын құралдар, компьютермен жұмысты қамтитын құралдар, т.б.), бұл құралдарды қолданғанда ақпарат екі канал арқылы жүреді.

  • аудиальдық-кинестетикалық құралдар (кейіннен сипаттама берілетін тыңдаумен байланысты оқыту құралдары);

  • аудиовизуальдық-кинестетикалық құралдар (тәжірибелер мен эксперименттер, оқу, кино- және видеофильмдер, компьютерлік оқу бағдарламаларымен жұмыстарды қамтитын құралдар), бұл оқыту құралдарын қолданғанда ақпарат қабылдаудың барлық каналдары арқылы жүреді.

№5 дәріс. Математиканы оқытудың әдістері мен заманауи технологиялары.
Қарастырылатын мәселелер.

  1. Математиканы оқытудың әдістері және олардың классификациясы.

  2. Математиканы оқытудың дәстүрлі және қазіргі заманғы әдістері.

  3. Математиканы оқытудың ғылыми-танымдық әдістері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет