Дәрістер курсы №1 дәріс. «Математиканы оқыту әдістемесі»



бет6/15
Дата23.06.2023
өлшемі223,2 Kb.
#103216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Дәрістің қысқаша мазмұны
Қазіргі күні білім берудің парадигмасы айтарлықтай өзгеріске ұшырауда. Бұл қазіргі күнгі білім беру үдерісіндегі мұғалім мен оқушының ролінің өзгергенін байқатады. Шынында да қазіргі күні мұғалім тек дайын білімдерді тасымалдаушы немесе хабарлаушы ғана емес, ол оқу үдерісіндегі оқушының өз бетімен және бірлесе орындайтын іс-әрекеттерін ұйымдастырушы және басқарушы деп түсіну керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазіргі күні «Мұғалім» терминінің өзінен бас тартуға тура келетін шығар, өйткені ол арабтың «му’алим» - үйретуші деген сөзінен шыққан. Бұл, әрине, бұрынғы түсіндірме-иллюстративтік оқыту жағдайына сәйкес келетін термин. Біздің ойымызша, мектептерімізге жаңартылған білім мазмұны енгізіліп жатқан кезеңде бұл термин осы деңгейде емес, «Оқу үдерісінің менеджері» деңгейіне көтерілуі тиіс деп ойлаймыз. Бұл жағдайда оқушының да іс-әрекетіне баса назар аударылуы тиіс, оны бұрынғыдай дайын білімді қабылдаушы емес, білімді өз бетімен және басқалармен бірлесе отырып, белсенді түрде игеруге ұмтылдыруға тырысу керек. Бұл мәселе ерте замандардан бастап-ақ айтылып келеді. Мысалы, атақты қытай философы Конфуцийдің мына сөзіне назар аударайық: «Маған айтып берсең ұмытып қаламын, көрсетсең, есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң, үйреніп аламын!». Бұл сөздердің терең мағынасы бар, оны түсіну үшін автомобиль жүргізу куәлігін енді ғана алған адамның оны қалай жүргізудің әдістерін меңгеру мәселесін салыстырып көруге болады. .

оқушы

оқушы

оқушы
Оқыту үдерісіндегі мұғалім мен оқушының қызметтерінің ара қатынасына атақты ғалымдар да баса назар аударған болатын. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазіргі заманғы жаңартылған оқыту жүйесі жағдайында қазақ тіліндегі көптеген педагогикалық және әдістемелік терминдердің өте сәтсіз алынғандығын атап айта кеткен орынды деп ойлаймыз. Мысалы,
«Білім беру», «оқыту» терминдері оқытудың екі жақты үдеріс екендігін айқындамайды. Ал олардың орыс және ағылшын тіліндегі баламаларынан бұл жағдай аса байқала қоймайды. Мысалы, «обучение», «образование» және
«educare» сөздері.
Жалпы алғанда, оқыту әдістерінің түрлері мейлінше көп. Педагогикалық әдебиетте олардың әртүрлі сипаты бойынша жіктелулері келтіріледі. Біздіңше, оқыту әдістерін жіктеуде бірінші кезекте, оқыту үдерісіндегі мұғалім мен оқушының орындайтын іс-әрекеттерінің сипатына қарай жіктелуі тиіс деп ойлаймыз. Өйткені, қазіргі күні математиканы оқыту үдерісінде «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана мүмкін!», «Сөз үйретпейді, әрекет үйретеді!»,«Басқа біреу үшін емес, өзің үшін үйрен!» деген сияқты қағидаларды басшылыққа алуға тура келеді. Сондай-ақ математикалық білімдерді теория арқылы емес, әлеуметтік тәжірибелер арқылы игертуге баса мән берілуі тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, оқыту әдістерін оқушы мен мұғалімнің оқыту үдерісінде атқаратын іс-әрекетіне байланысты былайша топтастыруға тура келеді: 1) оқытудың пассивтік әдістері; 2) оқытудың активтік әдістері; 3) оқытудың интерактивтік әдістері.



оқушы

оқушы
Оқытудың пассивтік әдістері

оқушы



Оқытудың активтік әдістері
Оқытудың интерактивтік әдістері

оқушы




Оқытудың интерактивтік әдістері – оқушының белсенді түрдегі дербес және бірлесе орындайтын әрекеттеріне, ойлау мен рефлекцияға негізделген әдістер.Олар оқушының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, шығармашылық дамуына игі әсерін тигізеді. Оқытудың интерактивтік әдістерінің басты белгісі,олар математикалық білімдерді игеру үдерісіне қатысушылардың (мұғалім мен оқушылардың, сондай-ақ оқушылардың өзара) қарым- қатынасына негізделеді. Шынында да, «интерактив» сөзінің ағылшын тіліндегі мағынасы осыны көрсетеді. «Interaktiv» - «inter»(өзара) және
«akt»(«әрекеттесу») деген сөздерден құралған. Интерактивтік әдістер дегенді мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын оқыту әдістері деп түсіну керек.
Оқытудың интерактивтік әдістері туралы айтқанда, оның конструктивтік сипатына да баса мән берілуі керек. «Construction»- құрастыру деген мағынаны білдіреді. Яғни интерактивті оқыту әдістерін қолданғанда, оқушылардың білімді өз беттерімен құрастыра білуіне ерекше көңіл аударылады.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, оқытудың интерактивтік әдістерінің төмендегідей негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:

    1. оқушылардың қандай да бір дербес оқу-танымдық әрекеттер жасауын қамтамасыз ету;

    2. оқушылардың білімді өз бетімен құрастыруына мүмкіндік жасайтын орта қалыптастыру.

    3. әр оқушының оқыту үдерісіне белсенді түрде араласуына мүмкіндік жасау;

    4. әрбір оқушының өзінің білетіндері мен оқып-үйренгендерін ортаға сала отырып, талқылау арқылы өзіндік ой-пікірлер айтуына қолайлы жағдайлар туғызу;

    5. білімді әлеуметтік тәжірибе арқылы игертуге және өмірмен байланыстыруға күш салу;

    6. оқытудың түсінікті болуы мен қызықтылығына мән беру.

Оқытудың интерактивтік әдістерінің өзіндік қағидалары және соларға сәйкес көздейтін өзіндік мақсаттары бар, оны төмендегідей кесте түрінде бөліп көрсетуге болады.

Қағидалар

Мақсаттар

Оқытудың дербестігі

- өз бетімен әрекеттер жасай білу;
-сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру;
-танымдық іс-әрекеттерге баулу (индукция мен дедукция, салыстыру, аналогия, бақылау, тәжірибе,жалпылау, дерексіздендіру, нақтылау,т.б.);
-аналитикалық-синтетикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру;
-өзінің пікірлеріне талдаулар жасай білу;
-өз бетімен шешім қабылдай білу.

Оқытудың конструктивтілігі

-білімді оқулықтан немесе мұғалімнен үйренуге тырыспау;
-тақырып туралы өзіндік көзқарасының болуы;
-«өзім жасаймын» деген түсінікте болу;
-білімді өз бетімен құрастыруға тырысу.

Оқытудың белсенділігі

- оқу үдерісіне белсенді позиция ұстану;
-өзіндік ой-пікірлерді айта және дәлелдей білу;
-ортамен белсенді әрекеттестікке түсе білу;
-рефлекциялық қабілеттерді ұштай түсу;
-ортақ жұмысқа жұмыла білу.

Оқытудың диалогтық сипаты

-диалогқа түсе білу;
-басқалардың пікірлерін тыңдай және бағалай білу;
-пікір алмастыра алу;
-сұрақ қоя білу;
-қойылған сұрақтарға ұтымды, негізді жауап бере білу.

Оқытудың өмірмен байланыстылығы

-білімді практикалық іс-әрекеттер орындау арқылы игеруге ұмтылу;
-білімді күнделікті өмірде және тұрмыста кездесетін проблемаларды шешуге қолдана білуге тырысу;
-игерілуге тиісті біліммен байланысты проблемаларды анықтай алу.

Оқытудың
түсініктілігі мен қолжетімділігі

- білімнің түсінікті болуын қамтамасыз ету;
-қызығушылықты ояту арқылы мотивация тудыруды жүзеге асыру;
-білімді практикалық әрекеттер арқылы игеруге ұмтылу;
-«Теория емес, тәжірибе үйретеді»

Оқытудың интерактивтік әдістері нәтижелі болуы үшін мынадай шарттардың орындалуы тиіс:



  1. Жағымды психологиялық ахуал мен орта қалыптастыру;

  2. Мотивация тудыру және қызығушылықты ояту;

  3. Білім құрастыруға ынталандыру;

  4. Жеке жұмыс істей білуге баулу; 5.Топпен жұмыс істей білуге үйрену;



беру.

  1. Өзінің және сыныптастарының, сондай-ақ топтың әрекеттеріне баға

Осыған байланысты оларды төмендегідей етіп жіктеуге болады:



  1. Жағымды психологиялық ахуал мен орта қалыптастыру әдістері.

Бұл әдістер негізінен алғанда, сабақтың басында қолданылады. Олар:

ойсергектер, танысу ойсергектері, биопоэма, акроним, пән немесе тақырып туралы кластерлер, рольдік ойындар, іскерлік ойындар,логикалық ойсергектер,т.б.

  1. Мотивация тудыру және қызығушылықты ояту әдістері («Не білемін, нені білдім, нені білгім келеді?» кестесі, тақырыпты ауыстырып жазу, ауызша есептер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, сөзжұмбақтар, буриме, санамақтар, ой қозғау(breinstorming), синектика, кластерлер құрастыру, кіріспе сұрақтар, Т-кестесі,т.б.).

  2. Білім құрастыруға ынталандыру әдістері( интерактивтік түсіндірме, сұрақ қою және қайтадан сұрақ қою, қос жазба күнделігі, үш қадамды сұхбат, пікірталас, іскерлік оқу ойындары, т.б.).

  3. Жеке жұмыс істей білуге баулу әдістері (интервью, эссе, шығармашылық жұмыстар, конспект, реферат, кластерлер, T-кестесі, еркін жазу,т.б.).

  4. Топпен жұмыс істей білуге үйрену әдістері(диалог, баяндама, глоссарий құрастыру,презентация, жоба, рецензия, case-study, ой қозғау(breinstorming), синектика, кластерлер құрастыру,топтық зерттеу, үлкен шеңбер тәсілі, аквариум, қос шеңбер, диспут, т.б.).

  5. Өзінің және сыныптастарының, сондай-ақ топтың әрекеттеріне баға беру әдістері(сауалнама, пікірталасқа қатысу парағын толтыру, рубрика, портфолио, эссе, шығу парағы,бестармақ, галареяны шарлау, броундық қозғалыс, т.б.).

Мысалдар келтірейік. Оқу жылы басында оқушылардың танысуларын жүзеге асыру үшін алғашқы математика сабағында биопоэма әдісін қолдануға болады.Ол үшін әр оқушыға олардың өздеріне қатысты төмендегідей сауалдар жазылған парақшалар үлестіріледі.

  1. Аты-жөнім:

  2. Қай мектептен келдім?

  3. Алдыңғы сыныпты математикадан қандай бағаға бітірдім?

  4. Мен қандаймын?(өзіңізді сипаттайтын сын есімді келтіріңіз):

  5. Өмірлік қағидаларым(өзіңіз ұстанатын қағидаларыңыздыі үшеуін келтіріңіз):

  6. Сүйікті пәндерім(өзіңіз ұнататын үш пәнді көрсетіңіз): 7.Математиканы қиын пән деп санайсыз ба?

  1. «Математика» сөзі қандай сөзден шыққан?

  2. «Арифметика» сөзі қайдан шыққан?

  3. «Геометрия» сөзі қайдан шыққан?

Сол сияқты сабақ басында «Атау-акроним» әдісін тиімді пайдалануға болады. Мұнда оқушыларға сабақ тақырыбына қатысты қандай да бір

математикалық терминді ұсынып, оның бас әріптерінен оны сипаттайтын сын есімдер құрастыруы керек. Мәселен,
А – аса қиын пән;
Л- логикалық ойлауды талап етеді; Г- геометриямен байланысты пән;
Е- есептер шығарумен байланысты пән;
Б- белгісіздерді табумен байланысты пән; Р- ретті пән;
А- арифметикадан кейін оқытылады.
«Тақырыпты жасыру» әдісі. Айталық, сабақтың тақырыбы «Теңдеулер» болсын. Мұғалім тақтаға оның әріптерін ауыстырып жазып, оқушылардан тақырыпты өздерінің табуын талап етуі мүмкін («едеуеңТер» деп).
«Логикалық ойсергек» әдісі. Тақтаға мынадай логикалық тапсырма жазылады да оқушылардың оны шешуі талап етіледі(қызықты пирамида).
«Интерактивті түсіндірме» әдісі. «Ең үлкен ортақ бөлгіш» тақырыбын өткенде оқушылар топтарға бөлініп, оларға мынадай әрекеттер жазылған парақшалар үлестіріледі:
«1. 1. А) 24 санының бөлгіштерін ретімен тізіп жаз: Ә) 36 санының бөлгіштерін ретімен тізіп жаз:
Б) Олардың ортақ бөлгіштерін ретімен тізіп жаз:
В) Ортақ бөлгіштердің ең үлкенін анықта».
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар өз беттерімен ЕҮОБ туралы білім құрастырады. Сол сияқты «Евклид алгоритмін» де осылайша игертуге болады.
«Кластер құрастыру» әдісі. Мәселен, оқушыларға «Математика» сөзіне кластер құрастыруды ұсынуға болады.

№7 дәріс. 5-6 cыныптарда математиканы оқыту әдістемесі.


Қарастырылатын мәселелер:

  1. 5-6 сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.

  2. 5-6 сыныптарда математиканы оқытудың мазмұны және оның ерекшеліктері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет