Дәрістер Мәдениеттану пәніне кіріспе


Мәдениеттер типологиясы және мәдениеттің тарихи



бет6/18
Дата20.10.2022
өлшемі161,52 Kb.
#44367
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Мәдениеттер типологиясы және мәдениеттің тарихи
Дүниежүзілік мідениет – біздің планетамызды мекендеген барлық халықтар мәдениеттің озық үлгілерінің синтезі болып таблады.
Ұлттық мәдениет өз кегінде белгілі бір қоғамның әр түрлі таптары, әлеуметтік топтары мен жіктері мәдениетінің синтезін алға тартады. Мәдениет материалдық және рухани болып екіге бөлінеді.
Материалдық мәдениет – еңбек және материалдық өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, топтастың, яғни тұрған мекеннің, үйдің, ауылдың, қаланың мәдениеті, адамның өз денесіне ,дене тәрбиесіне қарым – қатынасының мәдениеті.
Рухани мәдениет көп қырлы құбылыс ретінде танылып, өзінің құрамына танымдық және ақыл – ойлық, философиялық, адамгершілік , көркемөнерлік, құқфлфқ, педагокикалық, діни мәдениетті енгізеді. Кейбір мідениеттанушылардың пікірінше, мәдениеттің жекелеген салалары материалдық та, рухани да мәдениеттің құрамына кірмей, өз беттерімен мәдениеттің қосылысын құрай отырып, мәдениетті байыта түсті, Бұлар – экономикалық, саяси, экологиялық және эстетикалық мәдениет.
Мәдениетті тарихи гуманизммен байланыстыырады.
Мәдениеттің негізнде адам дамуының мөлшері жатыр. Тарихтың жетістіктеріде , ғылыми жаңалықтардың ашылуы да, егер онда адамгершілік болмаса, егер мәдениет адам жетілдіруге жұмсалса, өз беттерімен қоғам мәдениетінің деңгейін анықтай алмайды. Сондықтан да мәдениеттің өлшемі – қоғамды имандандыру болып табылады. Мәдениеттің мақсаты – адамды жан-жақты тәрбиелеу. Мәдениеттің ең кіші болінбейтін бөлшегі мәдениеттің элементі деп аталады. Бұл элементті зерртеу америкалық ғалым Э.Хобельден басталады. Оның пікірі бойынша, мәдениеттің элементі дегеніміз – одан әрі бөлінбейтін материалдық немесе материалдық емес заттың бөлшегі.
Мәдени элементтердің ішінен басты немесе базистік элеметтер ерекше орын алады. Рухани мәдениеттің базистік элементтеріне білім, құндылық, мәдени нормалар жатады.


Шығыс өркениеттер


Жоспар

1. Ежелгі Египет мәдениеті.


2. Ежелгі Қытай және Конфуций-Даосистік мәдениет.
3. Үнді буддизм мәдениеті.
4. Шығыстағы ежелгі өркениеттер.Қосөзен.Шумер.
Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес,сонымен бірге дүниежүзілікке талпынған қуатты да,құдіретті мемлекеттердің бірі болды.Ауыз бірлігі күшті,ұйымшылдығы берік,халық-билік жургізуші тапқа толық бағынған мемлекет.Египеттін жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды,ал өз кезіндегі бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері-перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды.Фараондар құдайдың ұлы деп саналды.сондықтан да фараон өзін Раның( Ра күн деген мағына береді.)Ол-құдайлардың құдайы және алтын ұғымымен қосылып айтылады.Египеттер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған,өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады,сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады,ал тартылғанда құрғақшылық келеді,бірақ бұл ажал емес,өйткені-одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады.Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың мнегізінде өлген адам тіріледі деген діни ілім пайда болды.Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар саяси,экономикалық,саяси өмірде де роль атқарады.Тереңірек ойлап қарасақ,бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған.Сондықтан да,ежелгі Египетте мүсінші санх,яғни өмірді жасаушы деп атады.Мүсіншілер өлген адамның бейнесін жасауды тіршілікті қайта жандандыру деп санап,бұл кәсіптерін ерекше мақтан етті.Аруаққа табыну,суретші санасына егер дене сақталса немесе толық бейнеленсе,өлген адамның жаны оған қайтып оралады деген түсінікті сіңірді.Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну-перғауындарды құдай деп танумен тығыз ұштасты.Ал құдай патшалардың құрметіне пирамидалар салына бастады.Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар ушін ғана салынды.Б.З.Б.ІІІ-ІІ ғ.құдай-патшаларға арналған құрылыстар-пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды.Сондықтан да,пирамидалар салу-халық қайыршылығының басты себепкері болды.Құдіретті құдай-фараондардың о дүниеге барғанда жанға сая,басқа баспана болатын мәңгілік ғұмырдағы үйлері-пирамидалар көргенді де,көрмегенді де таң қалдыратын дәуір ескерткіштері,әлемнің жеті кереметі аталған өнер туын дыларының бірінен саналады.Джосер пирамидасы көп сатылы құрылыс,ол ұзыннан-ұзақ басқыш тәрізді аспанға өрлей береді.Бұл пирамиданың биіктігі-60м.болса,одан кейінгі салынған пирамидалар одан да биік,одан да аумақты.Б.з.б.бір мың жылдықтың басына қарай пирамидалар салынуы тоқтатылды.Пирамидалар ендігі жерде тастан емес,шикі кесектен тұрғызыла бастады,ал мұның өзі бұрынғыдай қымбат түспейтін болды.Египетте құдайлар өте көп болған,тіпті әрбір қаланың бірнеше құдайы болған.Ең құдіретті құдай,яғни құдайлардың құдайы-Күн құдайы Ра болды.Одан кейінгі басты орынға-өлім құдайы Осирис шықты.Египет мәдениеті-сан-салалы мәдениет.Солардың бірі-біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері.Олар-құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар.Б.з.б.екі мыңыншы жылдыққа жататын ең көне әдеби мұралардың кейбіреулері сақталып қалған,бірақ ғалымдардың пікірінше,бұлардың да көне әдеби мұралар болғандығы ақиқат.Көне Египет әдебиетінің тамаша туындыларының бірі-Өмірден түңілген адамның өз жанымен сұхбаты деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет