Дәрістер тезистері


Тақырыбы: Белоктар Дәріс тезистері



бет2/14
Дата14.10.2023
өлшемі41,81 Kb.
#113785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дәріс тезистері Биологиялық активті заттар

Тақырыбы: Белоктар
Дәріс тезистері:
1. Белоктар классификациясы
2. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері мен атқаратын қызметі
3.Белоктардың биологиялық маңызы және табиғаттағы таралуы.
4. Глобулярлы және фибриллярлы белоктар
5. Қарапайым және күрделі белоктар
6. Белоктар құрылысының полипептидтік теориясы
7. «Денатурация» ұғымы.
Белоктар - құрамында көп мөлшерде амин қышқылдары бар, күрделі жоғары молекулалы органикалық қосылыстар. Белоктың молекулалық салмағы өте жоғары: альбуминнің молекулалық салмағы 17400, ал гемоглобиннің молекулалык салмағы -68000. Кей белоктардың молекулалық салмағы 15000000-ға жетеді. Организмдердегі зат алмасу, көбею, организмнің өсуі, тітіркенгіштігі, бұлшық еттің жиырылуы, бездердің белоктармен тығыз байланысты. Белок жоқ жерде тіршілік те жоқ.
Тірі организмдердің негізін құрайтын белоктардың маңызды ролін Ф. Энгельс: «Тіршілік-белокты денелердің тіршілік ету әдісі»-деп көрсеткен болатын. Белок - организмдегі заттардың ең күрделісі, ал оның элементтік құрамы айтарлықтай қарапайым болып келеді. Онда 51-53% көміртегі, 16-18% азот, 7% сутегі, 21-23% оттегі, 0,7-1,3% күкірт болады. Кейбір белоктарда бұған қосымша фосфор да кездеседі. Үрмебұршақ, соя, күнбағыстың тұқымында белоктың мөлшері едәуір көп болады. Бұл өсімдіктер тұқымының үгілген массасын сумен, тұзды, спиртті және әлсіз сілтілі ерітінділермен тұндыру жолымен олардан белокты бөліп алу қиын емес. Күшті қышқылдармен және сілтілермен бірге қайнатқан кезде, сондай-ақ ферменттердің әсерімен белок амин қышқылдарының қоспасына ыдырайды.
Белоктың физикалық және химиялық қасиеттері организмнің тіршілік әрекетінің негізін құрайды. Белоктардың коллоидтық қасиеті, коацерват түзушілігі, денатурация құбылысына ұшырауы, сумен байланыс жасай отыра гидрадтануы, электр заряд түзушілік қасиеттері маңызды роль атқарады.
Белоктың атқаратын қызметі. Белоктар организмде мынадай функцияларды атқарады:
1.Белоктар клеткалар мен тканнен құрылған пластикалық материал. Бұл жағынан белоктардың орнын майлар да, көмірсулар да баса алмайды.
2. Белоктар ферменттер мен гомондарды құруға қатысады.
3.Белоктардан неше түрлі ауру тудыратын және "антидене" сол ауруларға қарсы тұратын вирустар пайда болады. Емдеуші сывороткаларды, вакциндер, қан алмастырушылар және басқа препараттар /медицинада қолданылатын/ күрделі белок жүйесіне жатады.
4.Ядро құрамындағы күрделі белоктар /нуклеопротеидтер көбею және өсуде үлкен роль атқарады.
5. Белоктар қышқыл-сілті тепе-теңдігін тұрақтауға қатысады.
6. Белоктар энергетикалық материал. Белоктардың ыдырауы кезінде организмге керекті 12 % энергия алынады.



1

3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет