Дәрістер тезистері


Тақырыбы: Витаминдер. Дәріс тезистері



бет9/14
Дата14.10.2023
өлшемі41,81 Kb.
#113785
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Дәріс тезистері Биологиялық активті заттар

Тақырыбы: Витаминдер.
Дәріс тезистері:
1. Витаминдер жөнінде жалпы түсінік.
2. Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы.
Витаминдер – бірдей мөлшерде адам организмінде түзілмейтін (D3 дәрумені теріде ультракүлгін сәулелердің әсерінен, ал рибофлавин триптофаннан бөлшектеніп, синтезделеді) және тағамдармен аз мөлшерде түсетін немесе ішек микроорганизмдерімен синтезделетін (В және К топтарының дәрумендері) төменгі молекулалық органикалық қосылыстар. Витаминдер пластикалық материал емес және тікелей энергиялық алмасуға қатыспайды. Осыған қарамастан, олардың қызметтері көпжақты, ал дәрумендердің жетіспеушілігі немесе артық болуы метаболизмнің күрделі бұзылуына әкеледі.
Витамин топтарына осы немесе басқа да заттарды нақты жатқызу көрсеткіштері бар. Осындай көрсеткіштердің бірі – гиповитаминоздың сәйкес клиникалық суреттемесінің болуы. Мысалы, бір кездері В тобының витаминдеріне пангам қышқылы (В15) мен холин хлоридін (В4) жатқызған. Ал қазіргі кезде, оларды дәрументектес заттарға немесе физиологиялық активті биогенді қосылыстарға жатқызады. Тағамдарда бұл заттардың жетіспеушілігі адамдарда гипо- немесе авитаминозды тудырмайды. Олардың коферментті түрлері белгісіз.
Витаминдердің негізгі жіктеулері майда ерігіштік және суда ерігіштік болып табылады. Суда еритін витаминдер: В тобының витаминдері: В1 витамині (тиамин); В2 витамині (рибофлавин); В5 витамині (никотин қышқылы, РР); В3 витамині (пантотен қышқылы); В6 витамині (пиридоксин); В9 витамині (фолий қышқылы, фолацин); В12 витамині (цианкобаламин); Н витамині (биотин); С витамині (аскорбин қышқылы); Р витамині (биофлавоноидтар); Липой қышқылы. Майда еритін витаминдер: А витамині (ретинол); D витамині (кальциферол); Е витамині (токоферол); К витамині (филлохинон). Кейінгі жылдары витаминдерді олардың қызметтерінің жіктелуі бойынша пайдаланады. Осы жіктелу бойынша витаминдерді энзимвитаминдерге (ферменттер құрамына кіреді): В1, В2, РР, В6, В12, пантотен қышқылы, Н, фолий қышқылыгормоновитаминдерге (гормондар мен прогормондардың сигналды қызметтерін атқарады): А, D2, D3, антиоксиданттарға немесе редокс-витаминдерге: А, Е, С, липой қышқылы. Осы витаминдер қатарында әртүрлі қызметтер сәйкес келуі мүмкін: коферменттік және антиоксиданттық (А.Ш. Зайчик, Л.П. Чурилов, 2000).

1


10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет