Байланысты: Дәріс тезистері Биологиялық активті заттар
Тақырыбы: Көмірсулардың алмасуы
Дәріс тезистері: 1. Көмірсулардың бір-біріне өзгеріп түрленуі, ферменттік жолмен синтезі және ыдырауы.
2. Фотосинтез және хемосинтез процестерден көмірсулардың түзілуі.
3. Пентозофосфаттық жол.
4. Фототыныс алу.
5. Кербс циклі.
Көмірсулар өсімдіктердің құрғақ затының 90% дейін бөлігін құрайды. Көмірсулардың маңызы: 1) тыныс алудың және маңызды аралық қосылыстардың негізгі көзі, сондай-ақ энергия аккумуляторы. Өз кезегінде аралық қосылыстардан амин қышқылдары, ақуыздар, майлар, нуклеин қышқылдары, макроэргиялық, яғни энергия жинақтайтын қосылыстар түзіледі.
2) Көмірсулар қор заттары ретінде қызмет атқарады. Оларға тек крахмал ғана емес, сондай-ақ, полисахаридтер мен төмен молекулалық қанттар жатады.
3) Құрылымдық заттар – өсімдік клеткаларының қабықшасы целлюлозаның мықты талшықтарынан тұрады. Оны гемицеллюлоза, пектин және лигнин сияқты полисахаридтер бекемдейді. Өсімдіктердің көпшілігінде көмірсулардың тасымалдау түрі сахароза болғандықтан, дәл осы қанттың түзілуінен бастаған жөн. Сахароза пайда болуына алғашқы заттар ретінде глюкоза мен фруктоза қатысады.
1. Глюкоза фосфорлауға ұшырап, глюкоза-6 фосфатты түзеді: Глюкоза + АТФ = глюкозо-6-фосфат + АДФ. Бұл реакцияны трансфераза класына кіретін гексокиназа ферменті катализдейді. Гексокиназа фосфорқышқылының қалдығын АТФ-тан глюкозаның алтыншы көміртек атомына тасымалдайды.
2. Глюкозо-6-фосфат изомерлену реакциясына фосфоглюкомутаза ферментінің көмегімен ұшырайды да, глюкозо-1-фосфатқа айналады:
Глюкозо-6-фосфат → Глюкозо-1-фосфат
3. Глюкозо-1-фосфат глюкозилтрансфераза ферментінің қатысуымен УТФ-пен әрекеттеседі: Глюкозо-1-фосфат + УТФ → УДФ-глюкоза + Н4Р2О7 (пирофосфат). Нәтижесінде глюкоза мен уридиндифосфорлы қышқылының қосылысы – УДФ-глюкоза түзіледі және пирофосфор қышқылы бөлініп шығады.
4. Дәл осы мезгілде фруктоза фосфорлауға ұшырап, фруктозо-6-фосфатқа айналады: Фруктоза + АТФ → фруктозо-6-фосфат.
5. Одан кейін УДФ-глюкозадағы глюкозаның қалдығы фруктозо-6-фосфатқа тасымалданады: УДФ-глюкоза + фруктозо-6-фосфат → сахарозо-6-фосфат + УДФ.
6. Келесі реакцияда сахарозо-6-фосфаттың дефосфорлануы жүреді, яғни фосфор қышқылының қалдығы сахарозо-6-фосфаттан бөлініп шығады, нәтижесінде бос күйінде сахароза пайда болады: Сахарозо-6-фосфат + Н2О → сахароза +Н3РО4. Сонымен, сахарозаның түзілуіне АТФ-ң 2 молекуласы және УТФ-ң 1 молекуласы түрінде энергия жұмсалынады.