Дәрістер тезистері


Тақырыбы: Дисахаридтер. Полисахаридтер. Дәріс тезистері



бет7/14
Дата14.10.2023
өлшемі41,81 Kb.
#113785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Дәріс тезистері Биологиялық активті заттар

Тақырыбы: Дисахаридтер. Полисахаридтер.
Дәріс тезистері:
1. Жеке дисахаридтердің сипаттамасы.
2. Тотықсыздандырғыш және тотықсыздандырғыш емес дисахараидтер
3. Крахмал – өсімдіктер қор болып жиналатын көмірсу.
4. Целлюлоза - өсімдіктің тірек материалы. .
5. Гликоген- жануарларда қор болып жиналатын полисахарид.
6. Гиалурон қышқылы
Дисахаридтер –құрамында екі моносахарид қалдығы бар көмірсулар. Тотықсызданбайтын (сахароза, трегалоза) және тотықсызданатын (лактоза, мальтоза) кейбір дисахаридтер табиғатта бос күйінде таралған. Жоғары олигосахаридтерді немесе полисахаридтерді біртіндеп гидролиздеу арқылы алады.Дисахаридтер молекулалары өзара оттек атомы арқылы жалғасқан моносахаридтердің екі қалдығынан құралады. Құрылыстары жай эфирлерді еске түсіреді: R' - О - R". R' мен R”— моносахаридтер қалдықтары оттек "көпіршесі" арқылы жалғасқан. Дисахаридтерге: сахароза, лактоза, мальтоза, т.б. жатады. Дисахаридтердің құрылысы мен кейбір қасиеттерін сахарозаның мысалында қарастырайық.
Сахароза С12Н22О11. Сахароза көптеген өсімдіктерде, қант қызылшасында, қант қамысында, сәбізде, қауында, қайың мен үйеңкінің шырындарында болады.
Сахароза — ақ түсті кристалды зат, суда жақсы ериді, дәмі тәтті, балқу температурасы 184-185° С. Сахарозаны балқытып, содан соң қатырса, аморфты мөлдір масса карамель түзіледі.Сахарозаның ерітіндісі мыс (II) гидроксидімен әрекеттескенде, ашық көк түсті ерітіндінің түзілуі, сахарозаның көпатомды спиртке жататынын көрсетеді.Сахарозаны күміс (I) оксидінің аммиактағы ерітіндісімен қыздырғанда, "күміс айна" түзілмейді. Бұл сахароза құрамында альдегид тобы жоқ екенін дәлелдейді.Сахарозаны қышқыл қатысында қыздырғанда гидролизденіп, екі моносахарид — глюкоза мен фруктоза түзіледі:
C12H22O12 + H2O → C6H12O6 + C6H12O6
Крахмал. Төменгі сатыдағы өсімдік — балдырлардан бастап, жоғары сатыдағы қос жарнақтыларға дейінгі барлық өсімдіктерде фотосинтез процесі нәтижесінде түзілген углеводтар өте тез арада крахмалға айналады. Ол, жапырақ мезофилінің клеткаларында жиналады да, ассимиляциялық крахмал деп аталады. Өз кезегінде ол тез арада басқа заттарға немесе крахмал қорына айналады. Ассимиляциялық крахмалдың басқа да заттарға айналуы өсімдіктер жапырағында, тұқымында, жемістерінде, сабағы мен тамырында өтеді. Мұндай өсімдіктердің жапырағы «крахмалды” жапырақ деп аталады.

1


8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет