Тақырыбы:Кіріспе. Биологиялық активті заттар химиясы пәні, мазмұны және міндеттері
Дәріс тезистері: 1. Биологиялық активті заттар химиясы пәні мазмұны және міндеттері
2. Биологиялық активті заттар химиясының даму тарихы
3. Биологиялық активті заттар химиясы саласындағы негізгі ашылған жаңалықтар
4. Зат алмасу немесе метаболизм
Биологиялық активті заттар химиясы, немесе биохимия организмдердің химиялық құрамы мен химиялық айналыстарын (айналу, өзгеру жолдарын) яғни адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің тіршілк ету процесі кезіндегі өзгерістерін зерттейтін ғылым. Биологиялық химияның атауы гректің bios – тіршілік, өмір деген сөзінен шыққан. Демек, ана тілімізге аударып айтатын болсақ, биологиялық химия тіршілік химиясы деген мағнаны білдіреді. Ал тіршілік дегеніміз – адам үшін және бүкіл тірі ағза үшін ең басты, негізгі құбылыс. Сондықтан тіршілік химиясын зерттейтін ғылым өте қызық және сонымен қатар өте күрделі.
Биологиялық химия (қысқаша биохимия) ХІХ ғасырдың ортасында қалыптаса бастады. Ал ХІХ ғасырда іргетасы қаланған дербес ғылым ретінде тез дамып, орнықты. Әсіресе, 40-50 жыл ішінде биохимия саласында көптеген жаңалықтар ашылда, ал қазіргі кезде ол молекулалық және электрондық деңгейде мамып барады. Зерттеу объекітісіне және бағытына байланысты қазіргі кезде биохимия өз алдына, бірнеше салаларға бөлінеді: жалпы биохимиядан, дәрігерлік биохимия, жануарлар мен өсімдіктер биохимиясы, микроорганизмдер, техникалық, космостық және кейіннен шыққан генетикалық биохимиядан тұрады.