Дәрістер тезистері


Тақырыбы: Ферменттер Дәріс тезистері



бет8/14
Дата14.10.2023
өлшемі41,81 Kb.
#113785
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Дәріс тезистері Биологиялық активті заттар

Тақырыбы: Ферменттер
Дәріс тезистері:
1. Ферметтердің жалпы және өзіндік қасиеттері.
2. Ферметтердің құрылысы.
3. «Апофермент», «кофермент» ұғымдары.
4. Ферменттердің әсер етеу механизмдері.
Ферменттер  дегеніміз жануарлардың, өсімдіктер мен микроор-ғанизмдердің клеткалары жасап шығаратын биологиялық катализаторлар.
Ферменттер тіршілік негізі. Ферментер ағзада алуан түрлі биохимиялық процестерге катализатор ретінде әсер ететін белоктік табиғаты бар қөосылыстар. Фермент деген атау ғалымдарға көптеген жылдардан бері белгілі болса да, оның табиғи қасиеті соңғы жылдары анықтала бастады.
Ферментер - өсімдіктер мен жануарлар және микроорганизмдер клеткаларынан бөлінетін белок тектес, ағзадағы биохимиялық реакциаларды сан мың есе шапшаңдататын қабілеті бар зат. Фермент (латынның тілінде fermentum –ашу деген мағнаны береді) деген терминмен қатар әдебиетте энзим (грек тілінде – tnaym, en – ішкі, zyme – ашытқы деген мағнаны береді) деген сөзде қолданылады.
Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады. Ферменттер – ағзадағы химиялық реакциялардың жылдамдығы жүздеген мыңдаған есе өзгерте алатын белокты заттар, атап айтқанда жекелеген қосындылардың синтезі мен ыдырауын, зат алмасу процестерін және тағы сол сияқтыларды шапшандататын заттар.Ферменттерді халық байлығы деуге болады. Ферменттерді халық шаруашылығы қолдауына орасан зор экономикалық пайда келтіреді. Ферменттердің негізгі қасиеті - олар активтілігі. Ферменттің әсерінен сутегінің пероксиді ажырайды, ал мәйке ферменті қосылса сүт тез ұйиды.
Тірі клеткаларда зат алмасу процесі үздіксіз жүріп жатады. Зат алмасу процесі дегеніміз белгілі бір тәртіппен кезектесіп келіп отыратын әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Дәл осы реакциялар клеткадан тыс жерде (іп vіtrо) өте қиындықпен және өте баяу жүреді. Тірі клеткада бұл реакциялардың жүрісін ферменттер тездетеді.
Ферменттік әсер ету механизмі. Химиялық реакциялар-дың жылдамдығы реакцияға түсетін молекулалардың соқтығысу жиілігіне байланысты. Ал соқтығысу жиілігі молекулалардың концентрациясы мен ортаның температурасына байланысты. Температураның артуына қарай молекулалар қозғалысының кинетикалық энергиясы да артады, бұл молекулалар соқтығысуының жиілігіне әсер етеді. Сонымен қатар реакдияның өтуі үшін молекулалардың соқтығысуы жеткіліксіз. Бұл кезде олар активті күйде болуы қажет, басқаша айтқанда, оларда реакция үшін қажетті энергияның біршама артық қоры болуы тиіс. Мұндай энергияны активация энергиясы деп атайды. Фермент осы реакцияға қажет активация энергиясын кемітеді. Ол үшін фермент реакцияға ұшырайтын заттың молекуласымен (оны субстрат деп атайды) бірігіп комплекс түзеді. Комплексті қысқаша Ф+ С (фермент+ + субстрат) деп белгілейді. Бұл комплекстің түзілуіне әлдеқайда аз мөлшердегі энергия қажет.  

1


9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет