Су тапшылығы. Солу -Өсімдік пен топырақ және атмосфера арасында үздіксіз су байланысы болғандықтан кезкелген ауытқушылық күйдегі барлық ылғалдың қайтадан бөлініп таралуын қажет етеді. Ылғалдылықтың ең жиі өзгерісі атмосферада, ең аз өзгерісі топырақта болады. Әдетте, атмосфералық қуаңшылық топырақ қуаңшылығын туғызады. Ылғал жетіспеушілігі жағдайында атмосфералық қуаңшылық біртіндеп топырақ қуаңшылығына айналады. Қуаңшылықтың соңы көп жағдайда аптап жел-аңызаққа ұштасады.Әдеттегі жағдайдың өзінде өсімдіктердің суды сіңіруі мен буландыруы арасында алшақтық туады.
5
Тақырыбы: Тірі ағзалардың қоректенуі. Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуші негізгі арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы. Фотосинтезге қажетті жағдайлар.
Дәріс мақсаты:Өсімдіктерге су өтуі. Транспирациямен таныстыру. Өсімдік организміндегі су жүру жолы. Өсімдікке су өтуінің негізгі заңдылықтары. Тамырдың сіңіру қабілеті. Тамыр жүйесінің әр түрлі бөліктері қоректік заттар мен суды түрліше сіңіреді. 1873 жылы Ю. Сакс тамыр өсуінің үш аймағын атап көрсеткен болатын. Олар: бөліну, созылу және дифференциация аймағы. Тамыр түкшелері соңғы аймақта ғана болады және олар қоректік затты жақсы сіңіреді. Бөліну және созылу аймағында өткізгіш жүйе болмайды. Мұндай жүйе тамыр түкшелері аймағында ғана болады, сондықтан бұл аймақ өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерін қоректік заттармен қамтамасыз ете алады. Тамырдың бөліну және созылу аймағы да топырақтан тұз сіңіреді, бірақ олар тұзды өздерінің өсуі үшін пайдаланады.
Өсімдіктердің топырақ ылғалын сіңіруі.Топырақ ылғалдылығы өсімдіктерге екі түрлі әсер етеді: біріншіден, тамырдың өсуі мен тармақталуы топырақылғалдылығына байланысты; екіншіден, өсімдіктің ылғалды қабылдауы топпырақтағы судың мөлшеріне де байланысты.Топырақ өзінің құрамындағы судың белгілі мөлшерін ғана ұстап тұра алады. Оның бұл қабілеті топырақтың су ұстаушылық күшідеп аталады. Судың бұл бөлігі колоидтық байланысқан су немесе гигроскопиялықсу деп аталады.
Гигроскопиялық судан басқа, топырақта сондай-ақ капилярлық суда бар, ол топырақ бөлшектерінің арасындағы ұсақ капилярларды толтырып тұрады. Топырақ капилярляқ суды 0,33 атм-ға дейінгі және одан да жоғары күшпен ұстап тұрады. Топырақ ылғалының гравитациялық судеп аталатын тағы бір түрі бар.
Тамыр жүйесінің суды сіңіруіне сыртқы жағдайлардың әсері. Тамырдың сипатталып өткен ерекшеліктерімен қатар, тамырдың суды сіңіруіне сыртқы ортаның температура, аэрация, судың топырақтағы мөлшері, топырақ ерітіндісінің құрамы мен концнетрациясы сияқты жағдайлары да әсер етеді. Тамыр тіршілігінен гидротропизм және хемотропизм құбылыстарын байқауға болады.
Өсімдіктің суды буландыруы (транспирация).Транспирация (судың булануы).Жоғарғы шеткі қозғаушы күш.Устицалық және кутикулалық транспирация.Өсімдіктердің жер үсті органдары мүшелері арқылы суды буландыруды транспирация деп атаймыз .Ол өте физиологиялық құбылыстардың бірі жапырақ транспирациялаушы орган. Су жапырақ устьицалары арқылы буланады. Нәтижесінде судың өсімдіктермен сорылу күші арта барады. Олар тамыр ұлпаларынан бір–бірінеөткізіп өсімдік денесіне ұзартылады. Бұл әрекет тарнспирациямен аяқталады. Жапырақтың пластинка тәрізді пішіні фотосинтез және транспирация үшін қолайлы жағдай туғызады . Устьицалар пластинканың төменгі жағында жайласқан .
Транспирация екі жағдайда жүреді : Судың жапырақ тамырынан мезофилге өтуі.
Мезофил жасушаларының қабатында буланған су жасушалар арасындағы қуысқа одан кейін клетка арқылы атмосфераға таралады.
Өсімдіктердің су жұмсауының екі түрлі жолы бар.Ол устицалық және кутикулалық транспирация.
Устицалық транспирация устица саңылауы арқылы жүреді. Устица саңылауының кеңеюі немесе тарылуы арқылы жүреді.Устица саңылауының кеңеюі немесе таралуы арқылы жапырақ тақтасындағы транспирация қарқындылығы реттеліп отырады. Устица саңылауының ашылуы мен жабылуы оның қақпа клеткаларының қызметіне байланысты.
Кутикулалық транспирация – Судың тікелей жапырақ бетінен булануы кутикулалық транспирация деп аталады. Устицалар ашық болған жағдайда судың кутикула арқылы булануы жалпы транспирациямен салыстырғанда мардымсыз болады. Бірақ, устицалар жабық болса мысалы қуаңшылықта, кутикулалық трнаспирация көптеген өсімдіктердің су алмасу процесінде маңызды орын алады.