Дәрістер тезистері


Тамырдың құрылысы және өсуі



бет6/17
Дата16.12.2023
өлшемі72,25 Kb.
#140041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәріс тезистері

Тамырдың құрылысы және өсуі. Тамырдың бастапқы құрылысында тамыр қынабы, ұштық меристема, ризодерма, алғашқы қабық, эндодерма, перицикл және орталық шоғырда орналасқан өткізгіш ұлпалар деген бөліктері болады. 
Апопласт және симпласт тасымалдау жолдары.Тамыр жасушаларының сору күші әдеттегі жағдайда топырақ ерітінділерінің сору күшінен 5 – 6 атм артық болады. Топырақтан сіңірілген су өсімдіктің тамыры мен сабағындағы бірқатар тірі жасушалар мен іші қуыс түтіктер, трахея мен трахеидтер арқылы өтеді. Сондықтан судың өсімдік тамырының ұшынан жапырақтың буландыру бетіне дейінгі өтетін бүкіл жолы мынадай екі аралықтан өтеді:
1) тамырдың тірі жасушалары мен жапырақ пренхимасы;
2) ксилеманың, трахея мен трахеидтер дің түтіктері..

6

Тақырыбы: Пигменттер түрлері. Фотосинтездің жарық және қараңғы фазалары
Дәріс тезистері:
1.Фотосинтез туралы жалпы ұғым және оның маңызы.
2.Фотосинтез туралы ілімінің даму тарихы.
3.Фотосинтездік аппарат. Жапырақтардың анатомиялық құрылысы.
Дәріс мақсаты: Фотосинтезбен танысу.
Фотосинтез дегеніміз – хлорофил арқылы игерілген жарық энергиясы жәрдемімен анорганикалық заттардан органикалық заттар синтезделетін тотығу – тотықсыздану реакциясы.

Жарық (hv)
6 CO2 + 6H2O C6H12O6+6O
хлорофилл глюкоза

Фотосинтез коэффициенті - коэффициент фотосинтеза. Фотосинтез процесінде бөлінген оттегінің, сіңген көмір қышқыл газының көлеміне қатынасы (O2:CO2). Қалыпты жагдайда фотосинтез коэффициенті бірге тең болады. Органикалық қышқылдар тотықсызданған жағдайда коэффициенті бірден жоғары, ал егер сіңірілген көмір қышқыл газ, негізінен, кетоқышқылдарды карбоксилдендіруге жұмсалып, фотосинтез баяу жүретін болса, коэффициент бірден төмен болады.
Фотосинтездік бірлік-фотосинтетическая единица. Ферменттік орталығы бар, жарық сәулесін сіңіретін хлорофилл молекулаларының жиынтығы. Онда фотосинтез кезінде электрондық қозу энергиясы химиялық күйге айналады. Хлорофилді фотосинтездік мембраналардың тилакоидтары болады.
Фотосинтездік фосфорлану- фотосинтетическая фосфорилирование. Хлоропластардағы жарық энергиясының АТФ қүрамындағы макроэргтік байланыс күйіне өтуі.
Фотосинтездің нәтижелік (тиімділік) коэффициенті - коэффициент эффективности фотосинтеза. Фотосинтез процесінде игерілген көмір қышқыл газының өсімдікте органикалық зат құралуға нәтижелі жұмсалуы. Басқаша айтқанда, сіңген көмір қышқыл газының түзілген органикалық заттың мөлшеріне қатынасы. Бұл көсеткіш өсімдіктердің өсіп-өну кезеңдеріне байланысты өзгеріп отырады, жас өсімдіктерде 0,36-0,39, ал вегетациялық кезеңнің соңына қарай 1,01-1,02 дейін көрсетіледі.Жер бетінде – құрлықта, мұхиттармен теңіздерде тіршілік ететін өсімдіктерде күн энергиясын пайдаланып, көмірқышқыл газын тотықсыздандыруы, яғни фотосинтез нәтижесінде жылына 175 млрд. т СО2 байланысқан күйге немесе органикалық заттарға айналады. Профессор А.А.Ничипорович қазіргі кездегі атмосферадағы оттегінің бәрі фотосинтез нәтижесі. Тіршілік ушін қажетті белок, май, липид, витамин, фермент, хлорофил және т.б. органикалық заттардың құрамына азот, фосфор, күкірт, темір, мыс, мырыш, қола және т.б. элементтер енеді. Бұл элементтерге өсімдіктерге топырақтан енеді. Әртүрлі элементтердің тотыққан иондары өсімдік бойына енгенде тікелей, немесе жанама жолмен, күн сәулесінің энергиясын пайдалану арқылы тотықсызданады.

7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет