Дәрістер тезистері


Тақырыбы: Өсімдіктердің су режимі. Өсімдіктің суды буландыруы-транспирация. Дәріс тезистері



бет4/17
Дата16.12.2023
өлшемі72,25 Kb.
#140041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәріс тезистері

Тақырыбы: Өсімдіктердің су режимі. Өсімдіктің суды буландыруы-транспирация.
Дәріс тезистері:
1.Диффузия. 
2.Осмос.Осмостық қысым немесе осмыстық потенциал. Электроосмос.
3.Тургор және плазмолиз.
4.Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы.
5.Судың молекулалық құрылысы мен қасиеттері.
6.Судың өсімдік клеткасында алмасуы.
7.Су тапшылығы солу.
Дәріс мақсаты: Диффузия, Осмос,Осмостық қысым мен таныстыру. Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы және судың молекулалық құрылысы мен қасиеттері мен таныстыру.
Диффузия. Сіңірудің қазіргі кезде активті және пассивті жолдары белгілі. Заттарды пассивті сіңіру негізінде диффузия құбылысы жатады. Газ молекулалары мен иондарының белгілі бір көлемде еркін, бағытсыз қозғалуы диффузия деп аталады. Е ріген заттың молекулалары мен иондары да осындай қозғалысқа ұшырайды. Бұл бөлшек тердің қозғалысы ошларға тән кинетикалық энергияның арқасында жүзеге асады.
Диффузиялық қозғалыстың тәтижесінде еріген заттардың молекулалары мен иондары бүкіл көлем бойна біркелкі таралады. Егер олардың концентрациясы көлемінің бір бөлігінде аз, ал екінші бөлігінде көп болса, молекулалардың диффузиялық қозғалысы олардың концентрациясы аз бағытта басым болады. Бағыттағы диффузия деп аталатын мұндай қозғалыс еріген заттардың молекулаларына ғана емес, сондай-ақ, ерігіштің молекулаларына да тән. Жүйенің әр түрлі бөліктеріндегі заттар концентрациясының айырмашылығы концентрация градиенті деп аталады. Осының нәтижесінде газ қоспасының немесе ерітіндінің әр түрлі бөліктеріндегі концентрация градиенті теңеседі. Концентрациясының бұл градиенті химиялық потенциал градинті деп аталады.
Осмос . Өсімдік жасушаларында плазмалемма, тонопласт және тағы басқа да оргоноидтардың мембраналары жартылай өткізгіш мембраналардың қасиетіне ие болады.Мембрана арқылы өтетін затты пермеанд, ал заттың жартылай өткізгіш мембрана арқылы өтуін осмос деп атайды.
Өсімдік жасушасының осмостық қасиеттері.Өсімдік жасушасына су негізінен осмос жолымен өтеді. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы бөлінген еріткіш пен ерітінді немесе екі ерітінді осмос жүйесі деп аталады. Осмос құбылысын алғаш рет ботаниктер өсімдік жасушасынан анықтап, зерттеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет