Дәрістер тезистері


-тақырып. Функционалдық сауаттылықты бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламалар



бет4/15
Дата22.01.2023
өлшемі64,08 Kb.
#62246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
2-тақырып. Функционалдық сауаттылықты бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламалар
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.
РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. РІSА бағдарламасының фокусында 2009 жылы оқу сауаттылығы болды.
Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік - бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары.

  1. Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:
    Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);

  2. Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі);

  3. Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті);

  4. Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті);
    Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті);

  5. Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);

  6. Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).

Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды ерекшеленеді.
Негізгі және пәндік құзыреттіліктің білім берудің нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған болуы қажет.
Оқу бағдарламалары, сондай-ақ, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуғажәне негізгі, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге бағдарланады.
PISA зерттеуінде табысты елдердің (Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Гонконг және т.б.) тәжірибелерін ескере отырып, жоспардың инварианттық (міндетті) және вариативтік (мектептің таңдауы бойынша) бөліктері арасындағы тиімді пропорцияны анықтау есебінен оқу жоспарын реттеудегі мектептер дербестігінің сәйкес деңгейі қамтамасыз етілетін болады. Оқу жоспарлары оқу әдебиетін, математиканы оқыту және жаратылыстану-ғылыми, ақпараттық, тілдік сауаттылықты қалыптастыру үшін оқу сағаттарының қажетті санын бөлуді қарастырады.
Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін (білім алушының өзін-өзі бағалауы және жетістіктерін есепке алуы үшін портфолио) бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады: білім алушының оқу жетістіктерінің МЖБС-да белгіленген мәлімделген нәтижелерге (өлшемдерге) сәйкестігін бағалау. Бағалауға МЖБС-да және оқу бағдарламаларында мәлімделген барлық білім беру нәтижелері, сондай-ақ негізгі және пәндік құзыреттіліктер жатады.
Мониторинг нәтижелері білім алушының функционалдық сауаттылығының даму динамикасын, мектеп оқушыларының, мұғалімдер мен мектептердің жетістіктерін бағалауды, сондай-ақ стандарттарды, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жаңарту іс-шараларының тиімділігін қамтамасыз етеді. Ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбилеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
PISA жобасы ЭЫДҰ мүше елдерінің бірлескен күш-қатымен 1997 жылы 15 жасар оқушылардың білімі мен машықтарын халықаралық деңгейде бағалау үшін əзірленген болатын. Осы бағалауға негізінен жұмыс берушілер бастамашы болды. PISA бағдарламасы міндетті білім алуды аяқтаудың алдында тұрған оқушылардың қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін қажетті белгілі бір білім мен машықтар жиынтығын қаншалықты жақсы меңгергенін бағалауды көздейді. Басқаша айтқанда, оқушылардың ересек өмірге араласуға дайындық дəрежесі бағаланады. Басқа бағалау жүйелерінен өзгеше (мысалы, TIMSS – Математикалыжəне жаратылыстану-ғылыми білім сапасын бағалау бойынша халыаралы зерттеу), PISA жүйесіндегі бағалау нысаны оқушылардың пəндер бойынша білімді (яғни, оқу бағдарламасын) меңгеру деңгейі мен сапасы емес, олардың үш өзекті саладағы: кітап оқусауаттылығы, математика, жаратылыстану ғылымдарындағы құзырлығының қалыптасу дəрежесі болып табылады. «Сауаттылық» термині бағалауға жататын білімнің, дағдылар мен машықтардың ауқымын бейнелеу үшін таңдалды. Бұл орайда, PISA бағдарламасының қалыптасу барысында оқушылардың мектеп бағдарламасының шеңберінен шығатын құзырлығын бағалау барған сайын көбірек маңызға ие болады деп топшыланады. Бағдарлама2000 жылдан бастап үш жылда бір рет өткізіледі: 2000/2003/2006/2009. Əдетте үш жылдық циклдардың əрқайсысы жоғарыда аталған салалардың біріне шоғырланады. PISA-2009 бағдарламасы кітап оқудағы сауаттылықты бағалауға шоғырланды.
Бүгінгі əлемде өзін ауқымды халықаралық контексте көрместен, білім беру саясатын əзірлеу аса қиын. Оның үстіне бұл білім беру реформаларын əзірлеушілерге жұмыс берушілердің, ата-аналардың, оқушылардың, тұтастай қоғамның, яғни білім беру қызметтерін пайдаланатын жəне салық төлейтін барлық адамдардың тарапынан қойылатын міндетті шартқа айналып келеді. Осындай зерттеулердің нəтижелері əдетте қоғамда кеңінен талқыланады жəне ел ішіндегі білім беру саясатын қалыптастыруға тікелей ықпал етеді. Мысалы, атап айтсақ, Ресей мен Қырғызстандағы мектеп оқушыларын тексеру нəтижелері қоғам мен кəсіпқой ортада үлкен назарға ие болып, оқытудың мазмұны мен əдістері туралы дəстүрлі түрде қалыптасқан түсініктерді елеулі тұрғыдан қайта қарау қажеттігі туралы мəселені күн тəртібіне шығарды. Осы елдердің халықаралық зерттеулерге қатысуының маңызды нəтижелерінің бірі сондай-ақ білім беру сапасын бағалаудың озық құралдарын əзірлеу мен қолдану саласындағы мамандарды кəсіптік тұрғыдан дамытудың жаңа мүмкіндіктерінің ашылуы болды.
Оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық салыстырмалы зерттеулерге (TIMSS-2008 жəне PISA-2009) Қазақстанның қатысуын асыра бағалау мүмкін емес. Білім беру саясатын əзірлеушілердің қолына аса мол эмпирикалық материал түсті, ол халықаралық стандарттарды жəне білім беру сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып стратегиялық жоспарлауды елеулі түрде байытады. Іс-тəжірибеде қолдану тұрғысынан алғанда, Қазақстанның PISA-2009 (жəне TIMSS-2008) бағдарламасындағы нəтижелерін талдау «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» шеңберіндегі білім беру саясатының басым бағыттарының қатарына кірген, жаңа білім беру стандарттарна көшу жəне білім беру сапасын бақылаудың ұлттық жүйесін құру сияқты салаларда жұмыс істеу үшін өзекті келешек мүмкіндіктер береді.



3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет