Дәрістер тезистері


-тақырып. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жөніндегі зерттеулерге шолу



бет5/15
Дата22.01.2023
өлшемі64,08 Kb.
#62246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
3-тақырып. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жөніндегі зерттеулерге шолу

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. 


Жалпы білім беру жүйесіне құзыреттілік бағытты енгізу мәселесі бойынша көптеген еңбектер жарыққа шықты (В.А.Болотов, Г.К.Селевко, В.В.Сериков, Л.В.Трубайчук, А.В.Хуторской, М.Ж.Жадрина, Ф.Ш.Оразбаева, С.Д.Мұқанова, Ж.Т.Дәулетбекова, Б.А.Әрінова, А.Магауова және т.б.). 
Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, мемлекеттік тілді оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзыреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындаудың, оны мектеп тәжірибесіне ендірудің уақыт талабымен толық сай келуі де зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі. 
Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді: 

  • оқу, жазу сауаттылығынан;

  • жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;

  • математикалық сауаттылығынан;

  • компьютерлік сауаттылықтан;

  • денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;

  • құқықтық сауаттылығынан.

Сонымен, педагогикалық-психологиялық, лингвистикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде бұл ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын «Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемесі» деп атаумызға тура келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет